ойын сауық отауы
Беташар
27.09.2020 1 728 0 Admin

Беташар

Бұл қызықты
Беташар өлеңінің мақсаты – беті ашылған жастың бетін ашып, өмір таныту, әр елдің өзі қолданған жол - жобасын түсіндіру. Тәжірибесіз жас әйел жаңа өмірге кіріп, жаңа қауымның ортасына келгенде, сол қауымның қадірлі, құрметті үлкендерін тану керек. Солардың әрбірінің орнын білу керек. Жаңа қауымның қадірлейтіні кім, ұлық тұтып сыйлайтыны кім, жаста еркелетіп аялайтыны кім, жас келіннің бұларды топ алдында танып, біліп алуы қажет. Үлкендердің алдында келіннің тәжім қылуы – сол жаңа шарттарға көндім, қабыл алдым дегенінің белгісі. Беташарда қазақ елінің жаңа түскен келінді келешекте ана болуға, қадірлі келін, үлгілі жеңге болуға үйретеді. Бұл өлеңнен қазақ жұртының әйелге жалпы көзқарасы білінеді. Әйел – үй ішінің, ауылдың, ағайын ортасының ұйытқысы. Солардың жарастығы, гүлі, берекесі. Күйеуі – сүйеніші, тірегі. Дос тауып, туысқан құрып беретін көмекшісі, досы. Өлеңде сол міндеттер толық айтылады».
Байтұрсынов А. Шығармалары. – Алматы, 1989. – 320 - б.
Салт - дәстүр — әр ұлттың, халықтың діні әр мен сеніміне, тұрмыс - тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптардың жиынтығы; қауым мен қоғамда қалыптасқан мінез - құлықтың үлгілері. Күнделікті қолданыста бір мәдени топты екіншісінен айыратын және бейресми жолмен реттейтін қабылданған мінез - кұлық ережесіне немесе әлеуметтік әрекеттерді жөнге келтіретін терминге жатады. Салт - дәстүр ұлт үшін өмір, қоғам заңы болып негізделіп, сана, тағылым, тәрбие, тіршілік ережесі ретінде ел зердесіне рухани байлық — өнеге тәжірибесін құраған. Бұл талаптар мен ережелерді халық бұлжытпай орындаумен бірге оны құрметтемеген, сақтамаған адамдарды сол заң негізінде жазалап та отырған. Өткен заманда қазақ қоғамы үшін салт - дәстүр бұлжымас заң рөлін атқарды. Мысалы, той, наурыз көже, қыз ұзату, қонағасы, шашу, ерулік ата салты болып саналады. Салт - дәстүрдің ел арасындағы тәлімдік, тәрбиелік, халықтың мәні зор. Халықтың атадан балаға көшіп, дамып отыратын тарихи әлеуметтік, мәдени - тұрмыстық, кәсіптік, салт - сана, мінез - құлық, тәлім - тәрбие және рухани іс - әрекетінің көрінісі дәстүр арқылы танылады. Салт - дәстүр байлығы - мәдениет байлығы. Мысалы, ата - ананы, үлкенді құрметтеу, байғазы, көрімдік, сүйінші, кәде сұрау, сәлем беру, ат тергеу, құрдастық қалжың, т. б. салт - дәстүрге жатады. Қазақ халқы салт - дәстүрге бай. Әдет, ғұрып, ишара, ырым, тыйым, дағды бәрі осы салт - дәстүр көрінісі.

Дінтану мамандығы бойынша
Гуманитарлық ғылымдар магистрі
Мақсат Назаров.

«Өлі - тірісі» берілмеген қыз аурушаң болады. «Өлі - тірісі» берілмеген қыз аурушаң болады.
Екі жас бас қосқанда жасалынатын қазақи дәстүрлердің ішіндегі ең маңыздысының бірі «Өлі - тірі».
Зейнеп Ахметова қазақ тойындағы жат әдеттерді сынға алды. Зейнеп Ахметова қазақ тойындағы жат әдеттерді
Зейнеп Ахметова қазақ тойындағы жат әдеттерді сынға алды. Әйгілі Бауыржан Момышұлының келіні, жазушы Зейнеп Ахметова қазіргі заман тойларының қазақы
Жүкті болған келінді күту дәстүрі Жүкті болған келінді күту дәстүрі
Келіннің жүкті болғанын сезген ене «Атамыздың аруағы біліп, қолдап жүрсін» деп ауылдағы үлкен үйдің оң керегесіне ақ орамал таңады.
Салт - дәстүрлер Салт - дәстүрлер
КИІТ – дәстүрлі үйлену салтындағы құда - құдағилардың бір - біріне киім түрінде берілетін арнайы сый - сияпаты, кәдесі. Киіт кигізу алғаш құдалардың
Ұлыма Ұлыма
Жүре - жүре мен өмірге қанықтым, Өмір сырын жаңа біліп, жаңа ұқтым. Қызбалақтық күндерімді ұзатын, Енді, міне, әке боп та қалыппын.
Жас келін Жас келін
Жаңа түскен жас келін, Кемпірлерге ас келін. Орамал - шаршы бермесе, Абұйырсыз тас келін.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×