ойын сауық отауы
Өзіңді жақсы көру және бағалай білудің қарапайым және тиімді тәсілдері
23.10.2016 19 963 1 Дауыл

Өзіңді жақсы көру және бағалай білудің қарапайым және тиімді тәсілдері

Жалпы кеңес
Адам өзін бағалай білмесе, өз мүмкіндіктері мен бойындағы күшке және тартымдылығына деген сенімсіздік пайда болады. Бұл мәселе адам өмірін қияндатады. Бірақ, өзін бағалай білумен қатар өз - өзіне сенімді болуды қалай үйренуге болады. Бұл биікті бағындыру жолында көптеген қиындықтар мен кедергілер кездеседі, егер күш салса кез келген адам үйренуіне болады. Жер бетінде неше түрлі адамдар бар, алайда кейде олардың барлығы бір қамырдан дайындалған өнім секілді. Шындығында адамдар ақылы мен мінезінің дәрежесіне қарай, сырттай ерекшеленеді. Егер осы барлық сапа адам бойында дұрыс қалыптасса көпшіліктен осы қасиеттерімен ерекшелене алады. Алайда, адам бойында осы сапа бола тұра, бұл қасиеттерін бағаламай келбетіндегі болмашы кемшіліктен өзін лайықты деңгейде емес деп санайтын жандар көп. Осының кесірінен өз - өзіне деген сенімсіздік пайда болады.
Дәл осындай мінез - құлық адам өмірін мағынасыз етіп, өмірдің қызықтары мен қуаныштарынан айырады. Егер, кімде - кім өзін қалай жаратылды, сол күйінде жақсы көріп, бағалай білмесе ол адам ешқашан өзін бақытты сезіне алмайды. Себебі өзін бағалай білу адамның келбетінің қаншалықты көрікті немесе көріксіз болуына байланысты емес. Сол себепті өз жаратылысыңызды сол күйінде қабылдай біліңіз және бағалаңыз.

Өзіне сенімсіздік танытудан құтылуға қарай бір қадам жасау.
Сонымен өмірді жаңадан бастау керек, олай жасау үшін алдымен өзіңді сүйе білуден бастаймыз. Жаңа өмір бастаймын деп ойлап қоюмен бәрі өзгере қалмайды. Ол үшін төменде бірнеше ережелер берілген соларды оқып өзіңізге керегін табасыз деп ойлаймын.

1. Достарыңмен және таныстарыңмен қарым - қатынас жасау яғни тілдесу.
Өз - өзіңе сенімді болу үшін айналасындағылармен мысалы, жұмыста, үйде, көршілермен жиі қарым - қатынас жасау керек. Мұндай тренингтен кейін кез келген адаммен тіл табысып кету оңай.

2. Сыртқы келбетіңе үнемі уақыт бөлу.
Адам бұны қаласа да, қаламаса да сыртқы келбетін үнемі бақылауда ұстауы керек. Сонда адам өзін жақсы көреді және қасыңыздағы жандарға одан да көбірек ұнайсыз. Адам әрқашан таза және ұқыпты киіне білуі керек, киімді үтіктелуіне де көңіл бөлу керек. Сонымен қоса киім ілетін шкафыңызға да көңіл аударыңыз. Өзіңізге жарасымды киімдермен жаңартып отырыңыз, киім үстіңізге қонымды болуын қадағалаңыз. Себебі, тән сұлулығы жан сұлулығымен үндескен кезде ғана үйлесімдік табады. Айнаға қарап тұрып, ажарлы адамның сұлбасын көргенде, адамның өзіне деген сенімділігі және сүйіспеншілігі күшейеді.

3. Өзіңді ешқашан өзгемен салыстырма.
Адамдар өздерін айналасындағы адамдармен салыстыруға әбден әдеттеніп алған. Бұл әдет адамның сенімді болуына және өзін бағалай білуіне кері әсерін тигізеді. Біреуді талантты, біреуді тартымды ал біреуді жолы болғыш, табысты деп өзіңізді сөгуге болмайды. Өйткені, әр адамның өзіне тән ерекшелігі бар. Егер маған сенбесеңіз қағаз бен қаламды алып кемшілігіңіз бен жетістігіңізді екі бөлікке бөліп жазып шығыңыз, менің ойымша жетістігіңіз әлдеқайда көп болып шығады.

4. Өзіңді жиі мақтап отыру қажет.
Өз жеткен жетістігіңіз бен табысыңыз үшін мақтануды ұмытуға болмайды. Жақындарыңыз бен достарыңызға жеткен жетістігіңізді айтып мақтану артық болмайды. Осылайша бұдан да жоғарыға көтерілуге деген ынта пайда болады. Мол табыс табамын деп кішкентай жетістіктерді ұмытуға болмайды себебі мол табыс осы кішкентай жеңістерден бастау алады. Аз ғана жетістігіңізге қуана біліңіз, себебі бұл мақтауға тұрарлық.

5. Арман - мұратыңа жету.
Адам сүйікті де сенімді болуы үшін үнемі өзін жетілдіріп отыруы қажет. Ол үшін өз идеалыңыздың сұлбасын сызыңыз да соған жетуге ұмтылыңыз. Бұл іске аса ма аспай ма оны ойлаудың қажет жоқ, себебі бұл оңай шаруа емес. Егер сабырлық сақтаумен қатар еріншектік жасамасаңыз бір аптада болмаса бір айдан соң тіпті болмаса бір жылда нәтиже берері анық.

6. Қоғамдық орында көбірек болу.
Өзіңізге сенімді болғыңыз келсе, қоғамдық орындарда көбірек болуыңыз керек. Бос уақытыңызда мейрамханаға, киноға, театрға, мұз айдынына, саябаққа барыңыз. Тіпті болмағанда дүкен аралаңыз. Үйде қамалып, төрт қабырғадан басқаны көрмей отыра беру дұрыс емес. Демалыс күнін немесе жұмыстан соң қайда болатыныңызды алдын ала жоспарлаңыз. Адамдардың арасында болудың пайдасы сол, көңіліңіз көтеріңкі болады және мұңаюға жол берілмейді.

7. Суретке жиі түсіңіз.
Суретке түсуді жаны қалайтын жандар көбіне өзіне сенімді келеді. Суретке қаншалықты әдемі түсе алдыңыз ол маңызды емес. Суретке түсу үшін белгілі орын таңдау қажет емес, қай жерде жүрсеңіз де түсе беріңіз. Өйткені сол түскен суреттерге қарап өзіңізді қалай ұстау керек екенін айқындай аласыз. Ең бастысы тұйықталып қоймаңыз, өз - өзіңізге және айналаңызға ашыла біліңіз.

8. Жаңа заттар сатып алыңыз.
Адам тоз - тозы шыққан киімімен өзіне сенімді бола алады деп ойламаймын. Түсінген адамға, жаңа киім тән сұлулығын ашып қоймай адам жүрегіне де қуаныш сыйлайтыны мәлім. Киім сатып аларда бағасына емес, денеңізге қонымды болуына назар аудару керек, себебі кей арзан киімнің өзі жарасымды болуы мүмкін. Егер, киімдерді жаңартуды дәл қазір шамаңыз көтермесе, опа - далап немесе т. б. керек - жарақтар алып көңіл - күйді көтеруге болады.

Өзіміз көріп тұрғандай өзіңді сүйе білу үшін айтарлықтай қиындық жоқ, тек өзіңді алдамау керек. Бұл бір күнде немесе бір аптада орындалатын шаруа емес, бұл процес ұзақ уақыт жүреді. Сіз туралы басқалар не ойлайды деп бас қатыру қажет емес. Ең бастысы сіз туралы жақындарыңыз бен өзіңіздің не ойлайтыныңыз маңызды, осыны түсінген уақытта сізде сенімділік пен өзіңізге деген сүйіспеншілік пайда болады.
Бұл ережелерді оқи отырып сіз өзіңізге керектіні таба білдіңіз деп есептеймін, пайдасы тиеді деп ойлаймын.

Дайындаған: Асыл

Сіздің де алып қосарыңыз болса пікір қалдырыңыз, немесе поштаға жолдауға болады сайтта жарияланады

Ақылды адамның бойындағы 9 қасиет. Ақылды адамның бойындағы 9 қасиет.
Кейде, күтпеген жағдай орын алған сәтте оңай жол тауып кететін адам назарыңды аудармай кетпесі анық. Ондай адамды көргенде сүйсінеміз, қызығамыз
Сөзінде тұра алмаған адам, құрметке лайық емес. Сөзінде тұра алмаған адам, құрметке лайық емес.
Бөгденікін алма, өзіңдікін берме! (Араб даналығы) Өзгелерді қайтесің? Өзің адам деген атқа лайықты бол!
Қыз-келіншектердің мінезін туылған айына қарай анықтау Қыз-келіншектердің мінезін туылған айына қарай
Қаңтар. Бұл айда дүниеге келген қыз-келіншектер төзімді келеді. Сондай - ақ ер мінезді болып келеді.
Тоқты Тоқты
Тоқты жұлдызына мінездеме. Тоқты – табиғатынан көшбасшы және онымен келіспеу мүмкін емес. Тоқты жұлдызында туған жанды бір көргенде – өзіне сенімді,
Адам өзін бақытты сезіну үшін...? Адам өзін бақытты сезіну үшін...?
Сонымен адамның бақыты өз қолында дегенге сенесіз бе?
Жұлдызнама - ер адамдарға арналған Жұлдызнама - ер адамдарға арналған
Жұлдызнама - ер адамдарға арналған (қан тобы бойынша) O (I) қан тобындағы жандар өз - өзіне сенімді жандар. Олардың алға қойған мақсаты бар,
Пікірлер (1)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Анара Кошкарбай
#1 Анара Кошкарбай Қонақ 1 тамыз 2019 20:16
Салеметсизбе рахмет сизге улкккееенн! 1 жыл бурын окыдым, одан кейын омиримде коп нарсе озгерды десемде болады!!! Койган максатыма кудай каласа жетейын депте калдым. Адамга ен бириншы сенимдилик керек екенын тусиндым! Казирги танда озимды багалаймын, силаймын, омир бойы солай журуге тырысатын боламын
×