ойын сауық отауы
Қонақ күту ережелері
16.12.2024 20 868 0 Дауыл

Қонақ күту ережелері

Жалпы кеңес
Қонақ күту ережелері
Қонақ күту – кез - келген үй бикесі үшін нағыз сынақ. Қонақтардың көңілінен шығарлықтай дастархан жайып, ас пісіру, дастархан жабдықтарын дайындау, бөлмені ретке келтіру, қонақтардың көңілін аулау. Мұның барлығы оңай шаруа емес, бұл міндеттердің барлығы қыз-келіншектерге жүктеледі, алайда, маңызды тізім мұнымен аяқталып қоймайды.
Қонақтарды жақсылап тамақтандырумен қатар ережеге сай күтіп алу да маңызды. Мұның барлығы қонақ күту мәдениеті екенін көптеген ханымдар байқайды. Мүмкін, кейбір жандар мұны соншалықты маңызды деп қарамауы мүмкін алайда, қонақ күтуді бастаған соң аяғына дейін қадағалаған дұрыс.
Бұл ережені жақын туыстарды күткенде емес әсіресе күйеуіңіздің коллективі немесе өз коллективіңізді қонаққа шақырған кезде ұстану әбден қажет. Өйткені қызметте істейтін адамдар қонаққа келгенде өте сыншыл келеді. Дастарханға тағам түрлерін салатын ыдыстардың бәрі бір сервистікі болғанын қадағалаңыз. Қонақтарыңыз жақсы көңіл - күймен кетуі үшін қандай ережелерді ұстанған жөн, осы туралы айтатын боламыз.

Қонақтарды шақыру уақыты. Егер сіз қонақ шақыратын болсаңыз, олардың дайындалуға уақыты жеткілікті болуын ескеруіңіз керек. Әсіресе бұл үлкен мерейтойлар немесе үйлену тойына қатысты. Тойға келетін қонақ не киім киіп келеді және тойға қандай сыйлық жасайды, осылады реттеуі үшін оларға біршама уақыт керек. Үлкен мерейтойларға шақырту қағазы кем дегенде 20 күн бұрын берілуі қажет. Ал егер кішігірім басқосу болса, бір апта бұрын телефон арқылы ауызша шақырту берілуі қажет.

Қонақтарды қабылдау уақыты. Күннің қай мезгілін таңдауыңызға байланысты, егер таңғы асқа шақыратын болсаңыз 10 – нан 12 - ге дейін, түскі асқа шақыратын болсаңыз 14 - тен 19 - ға дейін, кешкі асқа 19 - дан 21 - ге дейін. Жай шайға шақыратын болсаңыз 17 - ден 19 - ға дейін белгілеуге болады.

Жұп-жұбымен шақыру қажет. Мәселен құрбыңызды қонаққа шақырып оның жігітін ұмыт қалдыруға болмайды. Бұл құрбыларыңыздың және әріптестеріңізге де ұнай қоймайды. Тек құрбы қыз-келіншектерге арналған бас қосу болса шақырмауға болады.

Қонақтарды күтіп алу. Қонақтар үйге кіріп келген сәттен бастап мерекелік көңіл - күйді сезінуі қажет. Үйге кіріп келгеннен үй бикесінің жылы қарсы алуы, жадырап - жайнаған келбеті үйге бірінші келіп жатқан жаңа таныстарға да жағымды әсер етеді.

Сыйлықтар. Қонақтардың алып келген сыйлығы болса, сыйлықты сыпайы қабылдап, рахметіңізді білдіріңіз, тіпті ол сыйлық сізге ұнай қоймаса да.

Тұрмыстық құралдар дайындығы. Қонақтардың сырт киімдерін және бас киім, аяқ киімдерін қоятын орынның жеткілікті болуы да назар аударыңыз. Аяқ киім киюге арналған құралды (ложки для обуви) және қол сүртуге арналған сүлгіні көзге көрінетін жерге ілген дұрыс.

Үйге арналған аяқ киім (тапочка). Аяқ киімді жақын таныстарыңыз немесе туыстарыңызға ұсынуға болады. Алайда, аяқ киімнің таза жаңа болуын қадағалаңыз, ескі аяқ киімді ұсынбай - ақ қойған дұрыс, бұл гигиенаны сақтамау болып табылады.

Жаңа қосылған қонақтар. Егер шақырылған қонақтар арасында жаңадан қосылғандар болса, оларды тездетіп таныстыру сіздің міндетіңіз.

Қонақтардың отыратын орнын белгілеу. Егер үйде кішігірім басқосу болған жағдайда, қонақтар қалаған орнына отыра береді. Егер үлкен мерейтой немесе үйлену тойы болған жағдайда, қонақтардың аты - жөні белгіленген тізім іліп қоюға болады. Бұл көп қонақ шақырылған кезде тәртіпсіздік орын алмауы үшін қажет. Қонақтарды кіммен отырғызу жағына да көңіл аударған жөн, себебі бірге отырған қонақтар өзара араласып жүрген әңгімесі жарасатын жандар болғаны дұрыс. Жұбымен келген қыз-жігіттерді және ерлі-зайыптыларды бірге отырғызған дұрыс.
Қыз баланы столдың соңғы жағына отырғызуға болмайды.

Есте сақтаңыз, қонақты сіз тек тамақтандыру үшін шақырған жоқсыз. Мәдениетті адамдар үшін қал - жағдай сұрасу, жарасымды әңгіме дүкен құру ең бастысы, тамақтану – жай ғана қосымша. Сондықтан мерекелік дастархан жайған кезде мұны да ескеру қажет. Соншалықты майлы, ауыр тағам түрімен дастарханды толтырып тастауға болмайды. Түрлі жеңіл салат түрлері мен жаңғақтар, кепкен жемістер қойған дұрыс, бұл – қарым-қатынас жасай отырып яғни тілдесіп отырып шай ішуге ыңғайлы.

Тамақ ішетін столды жабдықтау. Дастархан қонақ келгенге дейін жабдықталып, дайын тұруы тиіс. Әр қонаққа берілетін киім былғанбас үшін төселетін орамалдар және қол сүртетін қағаз майлықтар дайын тұруы тиіс. Дастарханға тамақты өзіңіз әкеліп қоюыңыз қажет. Кейде қонақтарға салып беріп қызмет көрсетуге болады, кейде қонақтар өз қалауынша салып алады. Негізге асты салып алып келгенде қасына салып алатын құрал қоюды ұмытпаңыз. Әйтпесе әр адам өзінің қасығымен салып алуына туралы келеді, мұны айналада кей адамдар құп көрмеуі мүмкін.
Тойды ашу үй егесіне жүктелетін болғандықтан, бұған жауапкершілік танытыңыз. Егер уақытылы бастамай кешіктірсеңіз, қонақтар өздерін ыңғайсыз сезіну мүмкін, ал егер қонақтар түгел жиналмай бастап жіберсеңіз де сынға қаласыз.

Тамақ қонақтың қалауы бойынша. Дастархан үстінде қонақтарға кейбір тамақ түрін «же, же» деп мәжбүрлемеген дұрыс. Сонымен қоса: «Сіз тамақ аз жейді екенсіз», «Түк жемедіңіз», «Сізге тағам түрі ұнамай отыр ма?» Мұндай сұраулар қою, сыпайы түрде айтқанда әдептілікке жатпайды. Мұның себебі: тамақ ұнамай отырғандықтан емес немесе тамақ дәмсіз болғандығынан емес, басқа себептері болуы мүмкін. Мысалы, денсаулығына байланысты диетада жүрген адам болуы мүмкін немесе алдында ғана тамақтанған болуы мүмкін. Сіздің әлгіндей сұрауларыңыздан кейін қонағыңыздың ақталуына тура келеді.

Әңгіме. Дастархан үстінде әңгіме - дүкен құрып отыру сізге жүктеледі. Келген қонақтар бірін - бірі жақсы танымағандықтан шүйіркелесе кетуі екіталай. Сондықтан қандай тақырыпта әңгіме-дүкен құрған дұрыс қандай тақырыпта әңгіме қозғамаған дұрыс осыған тоқталайық. Қонақ шақыру үшін көп қаражат жұмсағаныңыз туралы шағымдану тіпті ол туралы айту қажет емес. Өз денсаулығыңыз, отбасылық қиындықтар, жұмыстағы келеңсіздіктер туралы айтуға тыйым салынады.

Қонақтармен қоштасу. Қонақтармен қоштасу іс шараның ең маңызды бөлігі деуге болады. Қонақтарға көп отырып алғаны туралы айтуға болмайды. Қонақтар кетпей тұрып, үйдің ішін ретке келтіруге кіріспеген абзал, бұл қонақты сыйламау болып есептеледі.
Қазақ халқы өте қонақжай халық. Ата - бабаларымыз қонақ күтуге ерекше көңіл бөлген сол үрдіс күшеймесе әлсіреген жоқ.

Қонаққа бару мәдениеті

Қонақ құдайдың елшісі Қонақ құдайдың елшісі
Бір әйел кісі күйеуінің үйіне көп қонақ ертіп келетінін, соның себебінен қиындыққа тап болып қалатындығы жайында пайғамбарымызға (саллаллаһу әлейһи
Қонақ келсе – құт келеді Қонақ келсе – құт келеді
Үй қалай тазарады білесіздер ме? Үй қонақ келсе тазарады екен.
Жүкті болған келінді күту дәстүрі Жүкті болған келінді күту дәстүрі
Келіннің жүкті болғанын сезген ене «Атамыздың аруағы біліп, қолдап жүрсін» деп ауылдағы үлкен үйдің оң керегесіне ақ орамал таңады.
Жаңа жыл келгенге дейін жасап үлгеруге тиіс кейбір істер туралы Жаңа жыл келгенге дейін жасап үлгеруге тиіс
Желтоқсан айының соңғы аптасы жақындаған сайын, қарбаласқа толы болатыны бәрімізге белгілі
Қонаққа бару мәдениеті Қонаққа бару мәдениеті
Қонаққа барарда үй иелеріне қандай сыйлық алатыныңыз қандай киім киетініңізбен қоса, ондай орында өзіңді қалай ұстау керек, бұл да маңызды.
Шақырғанда жауың да келер саған Шақырғанда жауың да келер саған
Табысымды жүргем жоқ санап пайда, Қонақ қайда, келетін қонақ қайда? Әлде, біздің пәтердің «әйелінің» «Ашуланшақ» мінезі жолатпай ма?
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×