ойын сауық отауы
Қыз - келіншектердің назарына!
02.05.2017 2 545 0 Дауыл

Қыз - келіншектердің назарына!

Жалпы кеңес
Қыз - келіншектердің назарына!
Қыз - келіншектердің көркін бұзып көрсететін кейбір белгілер. Кейде бойыңыздағы болмашы ғана бір бөлшек бүкіл бейнеңізді бұзып көрсетеді. Мұндай келеңсіздікті болдырмау үшін одан құтылудың жолын іздеу керек. Солардың бірнешеуін атап өтейін.

1. Шаштың уақытылы жуылмауы.
Сіз қайда асығып тұрсаңыз да шашыңыздың жуылмаған күйінде шығуға болмайды. Қыз - келіншектер үшін бұдан асқан ұят нәрсе жоқ. Себебі, бұл сіздің ажарыңызды құртып қана қоймайды, өз - өзіңізді сыйламаудың көрінісі секілді.

2. Шашты уақытылы боялмауы.
Шашыңызды бояйтын болсаңыз, уақытында бояп тұру қажет. Шаштың жаңадан өскен жері яғни түптерінің боялмағаны сіздің ажарыңызды бұзып тұрады.

3. Шаштың ұшталып кетуі.
Шаштың уақытылы ұштарын кестіріп тұру керек. Ұшталып кеткен шаш эстетикаға сай келмейді сондықтан екі аптада бір рет шаштаразға барып шаштың ұшын кестіріп, қалпына келтіріп отырған жөн.

4. Мұрындағы алдындағы немесе бет терісіндегі түктерден арылу.
Табиғаттың жаратылысы бойынша еркектермен салыстырғанда қыз - келіншектерде түктің аз болатыны бәрімізге мәлім, алайда аз болса да кездеседі. Мұрын алдындағы түктерді балауыз жапсырмалары арқылы уақытылы тазалап отырыңыз.

5. Қолтық түктерін уақытылы алып тұру.
Қолтықтағы түкті тазартпау бұл салақтықтың басты белгісі деп есептеуге болады. Сондықтан қолтықты күнделікті жуып, тазалауға туралы келеді.

6. Тістің сарғаюы.
Тісіңіз сап - сары болып, күліп отырсаңыз, сіздің күлкіңізді ешкім әдемі деп атай қоймас. Егер кофені көп тұтынатын болсаңыз, тісіңізді жиі жуып тұруды әдетке айналдырыңыз. Сонымен қоса қазір тісті шаюға арналған арнайы сұйықтықтар бар, өзіңізбен алып жүруге болады.

7. Тырнақтағы толық өшіп бітпеген бояу.
Тырнақтағы толық өшіп бітпеген бояу сіздің әдемі сүйір саусағыңызды күтімсіз етіп көрсетеді. Тырнақты уақытылы бояп шығу қажет немесе мүлде жақпаған дұрыс.

Жоғарыда аталған қателіктерді жібермеуге тырысыңыз, өз - өзіңізге мұқият көңіл аударыңыз. Әрқашан әдемі қалпыңызды сақтаңыз.

Дайындаған: Асыл

Осындай жазбаларыңыз болса, поштаға жолдаңыз сайтқа шығарамыз: bilimdiler@yandex.kz

Әйелдің құпия қаруы – шаш. Әйелдің құпия қаруы – шаш.
Шаш адамды космоспен байланыстыратын антенна. Егер шаш ауырса, зақымдалса, бұл адамның өз өмірін жасауға көмектесетін тылсым күшке, Тәңірге деген
Шаш түсе бастаса қандай дәрумендер қабылдаған дұрыс? Шаш түсе бастаса қандай дәрумендер қабылдаған
Төгілген қолаң шаш – әйел сұлулығының белгісі, егер ол сирей бастаса мазасызданбау мүмкін емес. Шаштың түсуіне қарсы шара қолданбас бұрын оның түсу
Косметикалық өнімдердің зияны. Косметикалық өнімдердің зияны.
Қазіргі уақытта қыз-келіншектер күнде бірнеше түрлі косметикалық құралдарды пайдаланады. Күнделікті бетті әрлеуге арналған және тері күтімі мен шаш
Өмірдің өзі қызық - ақ Өмірдің өзі қызық - ақ
Өмірдің өзі жұмбақ бір, өмірдің өзі қызық - ақ, Жап - жақсы жырды кейде біз түзеумен жүрміз бұзып ап. Өмірдің өзі жұмбақ бір, өмірдің өзі қызық - ақ,
Шашты дұрыс жуу Шашты дұрыс жуу
Шашты дұрыс жуу
Шашты дұрыс күту Шашты дұрыс күту
8 ас қасық жөке гүліне 0,5 л. Су құйып, 20 минуттай қайнатады. Алынған нәрмен басты бір ай бойы жуса, шаштың түсуі тақтайды. Ошаған түбірін майдалап
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×