Косметикалық өнімдердің зияны.
Жалпы кеңес
Косметикалық өнімдердің зияны.
Қазіргі уақытта қыз-келіншектер күнде бірнеше түрлі косметикалық құралдарды пайдаланады. Күнделікті бетті әрлеуге арналған және тері күтімі мен шаш күтіміне арналған, атай берсек өте көп. Мұндай өнімдердің пайдалы жағымен бірге зияны де жетерлік.
№ 1. Көзге арналған сүрме (подводка) немесе қарындаш (карандаш). Қыз-келіншектердің көбісі мұны пайдаланады. Мұндай құралдың арқасында көзіңді ерекше етіп көрсете аласың және қасыңдағылардың көңілін өзіңе аударасың. Сүрмені қауіпсіз косметика өнімі деп атағанмен көздің нәзік аймағына қолданғанда проблемалар туындауы мүмкін. Мысалы, көзге арналған бояғыш қаламның құрамында гипоаллергенді қоспа болғанмен де көздің ішкі бұрышына көп қолданудан «көзжас өзекшесі» бітеле бастайды екен. Сондықтан көздің ішкі бұрышын бояудың қажеті жоқ және сүрмені 3 айдан кейін жаңасына ауыстырып отыру керек. Өз денсаулығыңды сақтау үшін косметика өнімінің маркасына назар аудар және сақталу мерзімінің өтіп кетпегенін қадағала.
№2. Көп келіншектер шаштың ағара бастаған бөлігін білдірмес үшін «реңкті эффект беретін» (оттеночные средства) шашқа арналған құралдарды пайдалана бастайды. Алайда мұндай құралдар өте зиян. Кез келген «реңкті эффект беретін» сусабынның (шампунь) құрамында PPD химиялық қосылыстары бар. Дәл осы химиялық қосылыстар бас терісінің қабыршықтануына алып келіп, аллергиялық реакция туғызады. Шаштың сиреуі мен бірге аллергиялық реакция туғызады, денсаулыққа өте зиянды. Бұрын ешқандай белгі бермегенімен аяқ асты аллергияның дамуы тез жүре бастауы мүмкін. Сондықтан мұндай құрамды сусабынға құмар болмаған жөн!
№3. Шаштың төгіліп түп-түзу болып тұруын қалайтын сұлу бикештер мамандардың көмегіне көп жүгінетін болған. Бірақ 2011 жыл зерттеушілердің айтуынша шашты түзетуге арналған құралдардың құрамында химиялық зат формальдегид кездеседі. Бұл құралдың адам ағзасына тигізер зияны өте көп. Негізінен бұл құралдың зиянын шаштараз мамандарды тартады. Себебі олар бұл құралмен күнделікті кездеседі. Сондықтан, мамандар ондай құралды пайдаланудың орнына фен мен шаш түзетуге арналған үтікті пайдалануды кеңес береді.
№4. Кірпікті бояйтын бояудың (тушь) құтысы бактерияның өсіп - өнетін ортасына айналатынын көпшілік біле бермейді. Кірпіктегі ауру тудыратын кейбір микробтар бояу құтысына түсіп, болашақта қабақтың қабынуына әкеліп соғуы мүмкін. Мұндай келеңсіздік болдырмау үшін бояуды (тушь) салқын жерде сақтауға кеңес береді, сонымен қоса бояуды 2 - 3 айда жаңасына ауыстырып тұрыңыз.
№5. Ерін далабын (губной помада) пайдаланбайтын қыз-келіншек жоқ десем қателеспеймін. Егер әйелдер ерін далабын күнде қолданатын болса, өмір бойына 1 кг жуық пайдалануы мүмкін екен. Ерін далабының 30 % - ға жуығының құрамынан канцерогенді заттар табылған (ісік тудыратын заттектер), 50 % жуығының құрамында қорғасын кездесетіні 2004 жылы зерттеушілер анықтаған. Әрине, мұндай зерттеулерге немқұрайлы қарауға болмас деп ойлаймын, әсіресе жүкті әйелдерге.
№6. Ерін далабы (губной помада) мен кірпік бояуын (тушь) басқа адамдармен ешқашан бөлісуге болмайды, ол тіпті жақын құрбыңыз болса да. Шын мәнінде, өте қауіпті жұқпалы вирустардың саны өте көп, олар адамның сыртқы қалпынан көрініс бере қоймайды. Сондықтан ерін далабын алмаса отырып, ұшық (герпес), көз бояуын алмаса отырып көз қарығуын (конъюктивит) жұқтырып алу қауіпі бар. Егер қолданатындай жағдай туындаса беткі бөлігін жақсылап сүртіп алып тастаңыз.
№7. Көптеген косметикалық өнімдер бета гидроксикислоты мен альфагрупп деп аталатын құрамдас бөліктерден тұрады. Олар көбіне бет терісіндегі әжімге, безеуге қарсы қолданатын иісмайларда (крем) кездеседі. Әдетте олар терінің өлі қабатын алып тастау қызметін атқарады. Мұндай иісмайды жиі пайдаланғанда, терінің беткі қабатында артық қышқыл пайда болуы әсерінен тері тітіркеніп, ультракүлгін сәулесіне төзімсіз болып теріге зиян келуі мүмкін. Бет терісіне арналған иісмай таңдағанда құрамына мұқият назар аударуға тура келеді.
№8. Соңғы кезде қыз-келіншектер арасында жасанды тырнақ өсіру сәнге айналды. Тырнақты өңдеу үшін пайдаланатын мұндай құралдардың құрамында метил бар екенін ескеру керек. Ол тыныс жолдарына өте зиян, сондай-ақ ауыр аллергиялық реакция туғызады.
Қыз-келіншектер өзіне көңіл бөліп, күтім жасауына ешкім қарсы болмайды алайда, өнім таңдауда абай болу керек екенін ескертудің еш әбестігі жоқ деп ойлаймын.
Дайындаған: Асыл.
Дереккөзі: womens-talk.ru

Косметикалық өнімдердің зияны пайдалы кеңестер косметика өнімдері қыз келіншектерге арналған зиянды косметикалық өнімдер
Бет терісі күтіміне алмадан жасалған маскалардың
Жылдың қай мезгілінде болсын бет терісі ерекше күтімді қажет етеді. Арнайы косметика өнімдерімен қатар үй жағдайындағы күтімнің де бет терісіне
Жарамдылық мерзіміне көп адам назар салмайтын 13
Күнделікті тұрмыста пайдаланатын кейбір құралдардың жарамдылық мерзімі өтіп кеткенін байқамай да қалауыңыз мүмкін, сондай құралдардың бірнешеуін атап
Ер азаматтарға қандай сыйлық жасаған дұрыс
Мереке сайын жақындарыңызды қуантып сыйлық сыйлау сыйлықты алушыға да сыйлаушыға да қуаныш сыйлайтыны рас.
Тері күтімі үшін сынақтан өткен пайдалы маска
Көптеген қыз - келіншектер, бет терісіне үйде күтім жасау бос әурешілік деп есептейді. Бет терісіне күтімі үшін сұлулық салондарына барып қыруар ақша
Қабақ неге тартады?
Кейде, көздің үстіңгі қабаты өзінен - өзі қимылдайтын бәрімізге белгілі. Егер бұл анда - санда болып тұратын қалыпты жағдай болса, онда бұл
Аяқтан шығатын жағымсыз иістен арылу
Аяқтан шығатын жағымсыз иісті бактериялар туғызады, Бактерияның жылы әрі ылғалды ортада белсенділігі артады.