ойын сауық отауы
Алғашқы кездесу.
19.07.2017 3 786 0 Дауыл

Алғашқы кездесу.

Жалпы кеңес
Алғашқы кездесу: макияж, шаш үлгісі және киім үлгісі.
Шіркін, жастық шақ, ол кезде бәрі алғашқы рет! Сонымен жас жігіт кездесуге шақырды дейік, оған дейін ешқашан кездесуге барып көрмеп едің. Бұл сәтте ерекше толқисыз және романтикаға толы. Есіңде сақта, бір көргеннен жақсы әсер қалдырғың келсе бірбеткейлікке салынбай мұқият дайындалып шық. Ендеше, мұнда бірнеше қарапайым нұсқаулар бар, оқып көр кәдеңе жарап қалар.

Алдын - ала қайда баратыныңды анықтап ал. Кинотеатрға, мейрамханаға әлде достарымен жай саябақта серуендеу үшін бе? Себебі, киім кию мен шаш үлгісін соған сай ыңғайлаған дұрыс.
Егер театрға немесе мұражайға әлде мейрамханаға баруды ұйғарсаңдар онда жоғары білімді, мәртебелі ханымның бейнесін жасау орынды. Ол үшін шалбар костюмімен немесе әдемі жейде мен жинақы көрсететін белдемше (юбка) киген дұрыс, аяқ киімнің өкшесі биіктеу болғаны дұрыс. Шашың ұзын болса буып жинап қой, қысқалау шашты ұқыпты жатқызып жаюға болады. Бұл дегеніміз, сен үшін кездесу маңызды екенін білдіреді. Жылтыраған әдемі ұзын шашты неге жинап қою керек деп мені кіналайтын боларсың, бірақ төгіліп тұрған әдемі шаш тәрелкенің ішіне түсіп отырса, жігіт бұдан ары тамақтанғысы келе қояды деп айта алмаймын.

Кешкілік, таза ауада көшеде жүруге ашық түстер қолдану дәстүрге сай келеді, алайда театр мен мұражайға барарда макияж қарапайым да табиғи болғаны жөн. Мұнда ешқандай да алаулап тұрған румияна қызғылт түсті бояуларды пайдаланып қажет жоқ. Көзді карандашпен аздап бояуға болады, шашыңның түсіне сәйкес келетіндей етіп. Румиянаны көрінер көрінбес жақса жеткілікті, ерніңе жылтыр далаб (блеск) жақ.
Қай уақытта, қай жерде болсаң да ең маңыздысы бет терісіне назар аудар. Бет кремі беттің түсіне сәйкес келуі қажет, бет терісіндегі дақтарды көрсетпей жасыратындай болсын. Тонал кремінен кейінгі беттегі жылтырды білдірмес үшін аздап опа (пудра) жағуға болады. Тонал кремі мен опаның түсі бір-біріне жақын болғанын қадағала.

Енді саябақтағы кездесу туралы айтайық. Шіркін, таза ауада талдардың арасында қыдыру ғажап қой. Терең тыныстау мен көңіл - күйдің көтерілуі мұның бәрін тек тірі табиғат атмосферасы ғана сыйлай алады. Осы үйлесімділікке сәйкес келу қажет. Мұнда әйелдік сезімталдық бейне жақсы үйлеседі. Желмен бірге тербеліп тұратын ұзын шашыңды төгілтіп жайып қоюға болады. Саябақта серуендеуге қара түсті шалбар немесе джинс шалбарды түрлі - түсті жейдемен үйлестір әйтпесе жемпірмен, свитермен киюге болады. Ыңғайсыз күлкіңді жасырып жіберетін мойынға үлкендеу мойын орағыш салудың артықшылығы жоқ. Үстіңе киген киімге аяқ киім сәйкес келетін болсын, серуенге ыңғайлы аяғың шаршамайтын жайтабан спорттық түрін таңда.

Макияжға келетін болсақ, қабаққа арналған бояудың (тень) жылы түстерін таңда: қоңыр, алтын түстес. Қабағыңа бояуды жұқалап жақ, ерекше көріну үшін көзге аздап сүрме (подводка) жақ. Кірпігіңді бояуды ұмытпа. Кірпігің қалың әрі ұзын болып тұрғаны құба-құп.

Егер жігіт достарымен бірге түнгі би алаңына баруды ұсынса, ашық түсті макияж жасау орынды. Жастардың ортасына баратын болғандықтан макияж көзге бірден түсетіндей ашық түстерден болғаны артық етпейді. Ең бастысы асыра сілтеп жібермей, жарасымды етіп бояу білу маңызды. Мұндай «smoky eyes» әдісінде бояуға болады. Шашыңды буып жинап қоюға болады, босатып қоюға да болады. Қандай образда болсаң да өзіңізді еркін және сенімді сезіне білсеңіз болғаны. Бұл жерде кез келген макияжға сай келетін киім үлгісін киюге болады: водолазка, джинс, былғары күртеше, стильді крассовка, біз өкшелі топылай.
Өзіңді бейтаныс жандармен кездескенде сенімді және тәуелсіз адам ретінде сезіну үшін аксесулардан: белдік, ашық түсті мойын орағыш, ыңғайлы рюкзак асынуға болады.

Жас жігітпен бірге қайда кездесуге барсаң да, мойын айналасына немесе білектің ішкі жағына бір-екі тамшы иіссу сеуіп алуды ұмытпа. Гүлдердің хош иісін беретін жеңіл иіссу түрлерін таңдаған дұрыс. Иіссудің иісі білінер-білінбес шығып тұрса жеткілікті, қасыңнан өткен адам түшкіріп өтетіндей өткір иіссу таңдау қажеті жоқ.

Ескеретін бір жай, лакты ең соңынан жағу қажет. Егер лак жағуға уақыт табылмаса, боямай кете беруге болады, алайда қолың мен тырнағыңның таза болуын қадағала.

Қыздың кездесуге аздап келуі орынды алайда жігітті сағаттап күттіріп қойған дұрыс емес. Бұл жігіттің көңіл-күйін түсіріп жіберуі мүмкін.
Кездесудегі ең басты мақсат – эмоционалды атмосфера, асықпай қол ұстасып кетіп бара жатқан екі ғашық бір-бірінің көзіне қайта-қайта қиыла қарайды.
Жолың болсын, сіңлім!

Дайындаған: Жадыра.

Қыз-келіншектер кеңесіңізбен бөлісуге болады, ол үшін жазбаны мына эл. поштаға жолдауға болады: bilimdiler@yandex.kz немесе әлеуметтік желіде жариялауға болады

Киімге қатысты тыйымдар мен ырымдар Киімге қатысты тыйымдар мен ырымдар
Киімді оң қолдан бастап киіп, сол қолдан бастап шешеді. Оң қолдан бастап киім кию жақсы ырым саналады.
Киім – кешекке қатысты ырым - тыйымдар Киім – кешекке қатысты ырым - тыйымдар
Теріс киме бөркіңді, бұзып кетер көркіңді. Ырым, сенім талайды, тәубесіне келтірді. - Теріс кисе не етеді? Оған дәлел жетеді. Алға басқан аяғың,
Қыз - келіншектер белдемше, көйлек киюі қажет Қыз - келіншектер белдемше, көйлек киюі қажет
Белдемше немесе кең етек көйлек әр уақытта әйелге тән негізгі белгілері болып саналды.
Жігітпен алғашқы кездесу кезінде қыздар өзін қалай ұстау керек? Жігітпен алғашқы кездесу кезінде қыздар өзін
Қыздар қауымы қай жаста болсын жігітпен алғашқы рет кездесуге барарда уайымдауы орынды. Өйткені ара - қатынас ары қарай жалғасу, жалғаспауы осы
Өзіңді жақсы көру және бағалай білудің қарапайым және тиімді тәсілдері Өзіңді жақсы көру және бағалай білудің қарапайым
Адам өзін бағалай білмесе, өз мүмкіндіктері мен бойындағы күшке және тартымдылығына деген сенімсіздік пайда болады. Бұл мәселе адам өмірін қияндатады.
Арық қыздар қандай көйлек кигені дұрыс? Арық қыздар қандай көйлек кигені дұрыс?
Әлемде бойынша арық қыз - келіншектермен салыстырғанда артық салмақты қыз-келіншектер көбірек екен. Алайда толық қыз - келіншектерден гөрі арық қыз -
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×