ойын сауық отауы
Мұңайған сәтте не істеу қажет?
13.07.2016 7 964 0 Дауыл

Мұңайған сәтте не істеу қажет?

Жалпы кеңес
Мұңайған сәтте не істеу қажет?

Сіз көңілсіз болсаңыз өзіңізге қалай көмектесесіз? Мұң адам баласының бәрінің басында болады.
Ол сәтте айналаңызда ешнәрсе сізді қуанта алмайды, ешкімді көргіңіз де естігіңіз де келмейді. Ондай сәтте үйден шықпай, ешкімнің көзіне көрінбей, төсекте көрпені бүркеніп жатудан басқа ешнәрсе керек болмайды.
Өміріңізде қара сызықтар ешқашан бітпейтіндей көрінеді. Туған - туыс, достарыңыз да ақыл айтып телефон шалып, маза бермейді. Ал сіз сол кезде бір сәтке жалғыз қалуды қалайсыз.

Мұң қайғының арнасын басқа арнаға бұруға болады, бірақ, қалай? Алдымен мұң деген не, осыны зерттеп көрейік?
«Мұң – жағымсыз яғни теріс эмоция. Адам өмірінің кейбір қырларында кездесетін қанағаттанбаушылықты сезіну».
Адам босқа мұңаймайды. Бір күні сіздің өміріңізге, ұры мысық секілді білдірмей келген мұң көңіліңізді жайласа, онда өмір біз қалағандай болмай жатқаны. Бұл дегеніміз – мұңаюдың себебін біліп, өміріңе өзгеріс енгізу керек деген сөз.

Адам табиғатынан солай жаралған, мұңайған сәтте әркім ішкі дауысын тыңдайды. Не істеу керек: бұнымен қалай да күресу керек пе, әлде барлығын сол күйінде қалдырған дұрыс па? Жарайды, сіз өз мұңыңызбен қала беруді жөн көрдіңіз. Көнудің бірнеше жолын да таптыңыз. Оны өзіңізге ұғындыру үшін айтатын бірнеше жауабыңыз да бар: «Жарайды, бұл жолы жолым болмады», «осыған көнуім керек», «асығудың керегі жоқ», «соңын күте тұрамын»,- деген секілді. Күресудің орнына өз жағдайыңызды одан сайын қиындатасыз, ақыры депрессияға ұшырауыңыз мүмкін. Ашығын айтсақ, мұңаюдың себебі не, көңіл күйіңізді түсірген не нәрсе, осыны ойлап бас қатырғыңыз келмейді?
Жоғарыдағы сіздің сұрағыңыздың жауабы: мұң, қайғы – өмірдің кейбір сәттеріне көңілі толмаудан яғни қанағаттанбаудан туады. Бұл сезім адам санасын ақырын - ақырын жайлайды. Келе - келе дүниені басқаша сезіне бастайсыз «арнасына толып кеткен қанағаттанбаушылық» тасып төгіледі, яғни төзім таусылады.
Мұңайған сәтте, сізде бәрі жаман: жұмыста да сәтсіздік, жеке басыңызда да қиындықтар т. б. Бұл бәріне таныс жағдай. Мұңайған сәтте де өзіңізге пайдалы іспен шұғылдануға болатынын ескерткім келеді.

Мұң – шығармашылықтың шабыт көзі. Сізді мұң шалған кезде, сезіміңізді қағазға түсіруді әдетке айналдырыңыз, жазуменен айналысыңыз. Өлең жазыңыз, өлең жаза алмасаңыз қара сөз түрінде жазыңыз. Сіз оны өзіңіз үшін жазыңыз. Қиналған кездегі жазған жазбаларды ешкім оқымайды, егер сіз оны қаламасаңыз. Мұңнан арылып, жайма шуақ көңілді сәт туған кезде сондағы жазған жазбаларды оқыңыз.
Сіз ол жазбаларды оқып отырып, сол сәттегі эмоцияны жеткізу үшін қандай керемет сөздер тауып жазғаныңызға қатты таң қаласыз. Бұның түсіндірмесі қарапайым – кез келген мұң, күйзеліс, толғаныс – бұл шығармашылық көзі.

Мүмкін, сол мұңайған сәттегі көңіл - күйіңізді білдіретін ән шығарғыңыз келеді. Қолыңызға аспапты ала сала ән шығаруға кірісіңіз.
Сіздің сол сәттегі көңіл - күйіңіздің әсерінен тамаша ән тууы мүмкін. Сол сәттегі ішкі жай - күйіңіздің сырын шертіп жатқан әннің әсерінен көз алдыңызға өмірдің таңғаларлық, ғажайып көріністері келуі мүмкін.

Мүмкін, сіз сурет салуды жақсы көретін боларсыз. Бұл қолыңызға бояғыш пен бояуды алып, сурет салу үшін таптырмас мезгіл. Сіздің нені бейнелеп жатқаныңыз маңызды емес – бастысы сол сәттегі көңіл - күйіңізді бейнелеп көрсету. Қорыта айтқанда: қамыққан сәтте немен шұғылданғыңыз келеді сонымен айналысыңыз.
Менің айтқым келгені: Сіздің күйзелісіңізді эмоционалды ортадан физикалық ортаға шығара отырып, көзбен көретін, қолмен ұстайтын, құлақпен естуге болатын дүниелерді өмірге келтіруге болатыны жеткізу. Осылайша сіз өз көңіл-күйіңіздің қожайыны боласыз: көңіл - күй сізді емес, сіз көңіл – күйді басқарасыз.
Өзіңізді ерекше сүйіңіз, ешкімді көргіңіз келмесе, ешкімді тыңдағыңыз келмесе онда өзіңізге көңіл бөлетін уақыт келді.
Денені сергітіңіз. Ваннаға жыл су толтырыңыз хош иісті май қосып, баяу музыка қосып қойып ванна қабылдаңыз.
Имиджіңізді өзгертіңіз. Шашыңызды басқа түске бояңыз, шаш үлгісін де өзгертіңіз, басқаша бояныңыз. Киім ілетін шкафтың ішін ретке келтіріңіз.
Жаңа киімдер сатып алсаңыз түсіне мән беріңіз, ашық түстерді таңдаңыз. Мысалы, қызыл түс көтеріңкі көңіл - күй сыйласа, сары түс сенімділік сыйлайды, көк түс сергіту сыйлайды. Қара, қоңыр, сұр түсті киімдер дәл қазір сізге қажет емес. Ол түстердің жақын аралықта сізге керегі болмайды.

Бұл қарбалас өмірде жалғыз қалуға мүмкіндік бола бермейді, осы сәтті пайдаланып, көңіліңізді көтере біліңіз. Дәл осындай оқиға сіздің басыңызда өтіп жатқан болса, сіздің көңіл - күйіңізді түсірген нәрселердің бәрінен уақытша бас тартыңыз. Бір сәт ішкі жан дүниеңізге үңіліп, жүрегіңіздің үнін тыңдаңыз.
Өзіңізді қиындықтан алып шығу үшін, сіз көп іс атқардыңыз. Сіз басыңызға қонған қайғының қара бұлтынан арылдыңыз, ал жүрегіңіз сары уайымнан ажырады.
Әр адамның шешімі табылмаған өз мәселелері бар. Бұны түсіну үшін мына екі сұраққа жауап беруіміз керек. Сізді нақты не мазалайды? Бұл жағдайды өзгерту үшін не істей аласыз? Егер бұл сұраққа жауап тапсаңыз, сізге бәрі түсінікті, ең бірінші неден бастау керегін анықтай аласыз. Егер дұрыс бағыт таңдасаңыз, онда өзіңіз де таң қаласыз, дүниені тануда ойыңыз өзгереді: бүкіл айнала жап - жасыл, аспан шайдай ашық. Жүрегіңіз тыныштықты табады.

Авторы: Жадыра

Сіздің де алып-қосарыңыз болса, пікір қалдыру жолына жазба қалдырыңыз.

Ақылды адамның бойындағы 9 қасиет. Ақылды адамның бойындағы 9 қасиет.
Кейде, күтпеген жағдай орын алған сәтте оңай жол тауып кететін адам назарыңды аудармай кетпесі анық. Ондай адамды көргенде сүйсінеміз, қызығамыз
Сынды қалай қабылдайсыз? Сынды қалай қабылдайсыз?
Сіздің атыңызға айтылған теріс пікірді естіген жағдайда алдымен сабырлық танытыңыз. Ол адамның сізді ренжітейін деген жаман ойы болмаған шығар. Сабыр
Махаббатта жолыңыз болмай жүр ме? Махаббатта жолыңыз болмай жүр ме?
Қоғамнан өзі орныңды тауып, әйел бақытын, әке бақытын сезіне алмай, жалғыздықтың құрсауынан шыға алмай жүрген жандар тағдырдың жазғанына көнбеске
Адамның көз жасы Адамның көз жасы
Кейде болмашы нәрсеге де, көз жасына ерік беру әйелдерге тән құбылыс.
Шабыт қалай пайда болады? Шабыт қалай пайда болады?
Кейде адамның көңіл - күйі болмай тұруына байланысты немесе сәтсіздікке тап болған жағдайда, тіпті болмаса жалқаулықтың әсерінен адамның қолы іске
Жағымсыз эмоцияға берілмеудің 5 тәсілі Жағымсыз эмоцияға берілмеудің 5 тәсілі
Кейде сіздің намысыңызға тиетіндей жағдай туған сәтте үндемей қалу мүмкін емес. Тіпті, сіздің ойыңызды тыңдағысы да келмейтіндей сыңай танытқанда
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×