ойын сауық отауы
Махаббатта жолыңыз болмай жүр ме?
22.05.2017 3 623 0 Дауыл

Махаббатта жолыңыз болмай жүр ме?

Бұл қызықты / Жалпы кеңес
Махаббатта жолыңыз болмай жүр ме?
Қоғамнан өзі орныңды тауып, әйел бақытын, әке бақытын сезіне алмай, жалғыздықтың құрсауынан шыға алмай жүрген жандар тағдырдың жазғанына көнбеске амалы жоқ, алайда бұл туралы ойланбай жүруі мүмкін де емес, тіпті енді өмір соңына дейін осылай жалғаса беретіндей сезінеді. Қандай әрекет жасасаң да нәтижесіз, бір ер азаматты жолықтырғандай боласыз бірақ ол да сағымнан шыққан елестей болып, көп ұзамай жоғалады. Бәріне таныс оқиға. Егер сізді бұл тақырып толғандыратын болса, сізге сыртқы бейнеңізбен ішкі әлеміңізді түбегейлі өзгеруге тура келеді.

Әр адам өзін бағалауы керек.
Ең алдымен махаббатта неге жолыңыз болмай жүргенін зерттеп көрейік. Жолыңыздың болмай жүру себебі өзіңізді бағалай білмеуден болар. Экономика саласы мамандарының айтуынша «тауардың құнына қарай, алымсағы» - деген заңдылық бар.
Өзіңізді жоғары бағалай біліңіз. Әйел қол жетпестей биік болса, ер азаматты өзіне ынтықтыра түседі.
Егер өзіңізді төмен санасаңыз, сол баяғы жалғыз күйіңізде бұл өмірдің қаталдығына, тағдырыңызға налыған күйі отыра бересіз.

Сізде бәрі соншалықты жаман ба?
Біз айналамызға қалай қарасақ олар да бізге сондай көзқараспен қарайды. Сіз өз бойыңыздағы жақсы қасиеттерді санамалап көріңізші. Көпшілік байқай бермейтін ондай жақсы қасиеттер сіздің бойыңызда жетерлік.
Кейде өзіңізді тым толық деп есептейсіз. Артық салмақ әйтеуір көңіл - күйіңізді түсіреді де тұрады. Ал сіз оған мүлде басқаша қарап көріңіз. Сіз толық емессіз, оны әйелге тән нәзіктік деп түсініңіз. Бойыңыздың кемшіліктерін жасырып, әдемі етіп көрсететін киім үлгілерін таңдаңыз. Егер көйлегіңіз тамаша таңдалған болса ер - азаматтардың қай - қайсысы бұрылмай қалмасы анық. Сіздің қасыңызда қандай талдырмаш сұлу тұрса да ер азаматыңызды сізден тартып әкете алмайды. Беліңді талдырмаш етпесе де, иық пен бөксені бөліп тұрарлық іш киімдердің (корректирующее белье) түрі жетерлік соны пайдаланыңыз.
Киімдер мен қоса шаш үлгісін, макияж жасауды да өзгертіңіз. Тезірек нәтиже шығарамын десеңіз арнайы мамандарға барған жөн, олар сізге лайықтысын таңдай алады.

Өзіңізді қалай ұстайсыз?
Мұны ең бастысы деп атауға болады: неге менің махаббатта жолым болмайды? – деген сұрақ туындамас үшін, сіздің жүрегіңізді жаулаған ханзада танысуға келген сәтте: өз - өзіне сенімді, көңілді сонымен қоса қол жетпес аруды көруі керек.
Қарым - қатынаста қарапайым, ұстамды болыңыз. Өзіңіз жайлы аз айтыңыз, ол жайлы көбірек сұраңыз. Қимыл - әрекетіңіз баяу, байсалды болсын, дөрекі қылық көрсетпеңіз. Әңгіме - дүкен құру үстінде көзіне қараңыз, оның айтқан әңгімесінің тақырыбын түсінбесеңіз де басыңызды изеп отырған жөн. Кездесуден соң, сіздің шығарып салуына рұқсат беріңіз. Ешқашан бірінші болып телефон соғушы болмаңыз тіпті қалап тұрсаңыз да. Оған сіз ұнадыңыз ба, әлде жоқ па ойлануына мұрша беріңіз. Егер кездескен сәтте - ақ сіздің ұнатып қалғаныңызды сезіп қалса, сізге деген қызығушылығы басылып қалады. Ерлердің генетикалық жады әйелдерден әлдеқайда күшті болып келеді, ол өзін аңшы сезінеді еш қиындықсыз қақпанға түскен олжаның еш қызығы болмайды.

Есіңізде сақтаңыз, әр әйел өзінше сұлу, егер жоғарыда аталған кеңесімді ескерер болсаңыз, жақын аралықта үйлену той салонына барып, той көйлегін таңдауыңыз ғажап емес. Қасыңыздағы құрбыларыңыз тезірек тұрмысқа шығу үшін сізден ақыл-кеңес сұрап жүруі мүмкін. Қателікке бой ұрмаңыз. Іске сәт!

Дайындаған: Асыл

Бағалай білсең бәрі бақ Бағалай білсең бәрі бақ
Баяғыда біреудің 2 қызы болыпты. Бір қызы көркем мінезді, шебер екен, ал екіншісі мінезі сондай дөрекі, әдепсіздеу екен. Бір күні көрші ауылдан
Сыр - Сәбит Дөнентаев Сыр - Сәбит Дөнентаев
Жақын досты көре алмай, Жалпы досқа сене алмай, Ойды заман тізерлеп, Жүр - ау шыбын өле алмай
Сіздің әлі күнге жалғыз жүруіңіздің себебі не? Сіздің әлі күнге жалғыз жүруіңіздің себебі не?
Егер сіз әлі күні жемісті қарым - қатынас орната алмай жүрсеңіз, онда бұл әлемге деген көзқарасыңызды өзгерту керек шығар.
Шабыт қалай пайда болады? Шабыт қалай пайда болады?
Кейде адамның көңіл - күйі болмай тұруына байланысты немесе сәтсіздікке тап болған жағдайда, тіпті болмаса жалқаулықтың әсерінен адамның қолы іске
Өзіңді жақсы көру және бағалай білудің қарапайым және тиімді тәсілдері Өзіңді жақсы көру және бағалай білудің қарапайым
Адам өзін бағалай білмесе, өз мүмкіндіктері мен бойындағы күшке және тартымдылығына деген сенімсіздік пайда болады. Бұл мәселе адам өмірін қияндатады.
Адам өзін бақытты сезіну үшін...? Адам өзін бақытты сезіну үшін...?
Сонымен адамның бақыты өз қолында дегенге сенесіз бе?
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×