ойын сауық отауы
Отбасын жаңа құрған жұптарға 5 кеңес
24.08.2018 1 806 0 Дауыл

Отбасын жаңа құрған жұптарға 5 кеңес

Жалпы кеңес
Отбасын жаңа құрған жұптарға 5 кеңес.

Жұптардың бастапқыда өмірі: бірін - бірі көргенге жанарында от, романтика, нәзіктік, құмарлық өзара жағымды қарым - қатынас. Мұның барлығы біраз уақыттан кейін жоғалып кетеді, ал жұптардың арасында мүлде сүйіспеншілік болмағандай. Мұндай жұптардың қаншасы бөлініп кетті, қарым - қатынастарын сақтап қалуға тіпті тырыспайды да. Әрине, бәрін қайта қалпына келтіруден гөрі жаңадан бастай салған оңай көрінетін болар. Кейбіреулер осылай күнделікті күйбің тіршілікке өзін көндіреді де жұптардың қызықсыз өмірі күннен күнге осылай жалғаса береді. Егер бастапқыдай қарым - қатынасты қалпына келтірудің жолдары бар болса ше? Мүмкін, бәрін қайта қалпына келтіруге болар, ықылас болса.

Біріншіден, бір - біріңді қайта тануға тырысып көру.
Уақыт өте келе, адамның талғамы мен мүддесі өзгереді, бұл кейде бөлінудің басты себебі болуы мүмкін. Адамның екінші жартысы өзгеріп, бейтаныс адамға айналғандай көрінеді. Мүмкін, бөтен емес шығар, аздап өзгерген болар! Мейрамханаға немесе кинотеатрға барыңдар немесе саябаққа серуендеуге шығыңдар. Бастысы үнсіздіктен құтылу – сөйлесу. Не туралы әңгімелесу маңызды емес, сөйлесу арқылы кедергілерді жойылады, жақын қарым - қатынас сезімі оянады.

Екіншіден, серіктесің үшін романтикалық кеш ұйымдастыру
Жұмыстан кейін кешкісін босаңсытар массажы бар моншаға бару, артынан кешкі ас болса тіпті жақсы. Романтикалық кешкі ас ішу. Жағымды фильм көру. Мұның пайдасы бар ма, жоқ па бас қатырма, шын жүректен жаса мұның бәрі екінші жартыңа ләззат сыйлауға бағытталған?!

Үшіншіден, төсек мәселесі
Уақыт өте келе жұптардың арасында төсекте де салқындық пайда болады. Серіктестер бір - бірінің барлық тілектері мен қалауын біледі, жаңа нәрсе жоқ. Сонымен қатар, кейбіреулер жыныстық өмірде жаңалық енгізгісі келмейді. Үнемі қайталане беретін әрекеттер жұптарды жалықтырып жібереді. Сондықтан қалауың бойынша өзгеріс енгізіп көр, қазір эротикалық іш киімнің түрлері өте көп, мұның көмегі бар.

Төртіншіден, өкпе - наз, іште сақталғандар соңында бәрібір айтылады.
Екінші жартыңнан мазалаған мәселені жасырма. Кез - келген нәрсені ашып айтпау, жасыру серіктесіңе сезіліп қана қоймайды бір - бірінен алыстады. Әрине, кейбір айтуға болмайтын нәрселер болады дегенмен кейде өзің достармен қыдыруға шығатын кез болады, бұндай жағдайды жасырмаған жөн.

Бесіншіден, психологпен байланысу немесе жақын адамыңызбен сырласу (әпке, сіңлі, құрбы).
Егер проблеманы өзің шеше алмасаң, онда кәсіби маманға жүгіну керек. Мұндай жағдайды отбасылы үлгі боларлық әпкелердің көмегі де тиіп қалуы мүмкін. Кейде серіктестер бір - бірін түсінуден қалады, наразылығын іште сақтайды проблема шешілмеген күйі жинала береді де жұптар тығырыққа тіреледі. Кейде бұл мәселені басқа жағынан қарау керек. Кейде тек жинақталған барлық нәрсені айту керек. Алайда, екеуі де өзара қарым - қатынаста қиындықтар бар екенін түсініп және осы қарым - қатынасты сақтап қалуды қаласа. Өйткені, біреуі өзгеріс енгізу қажет десе екіншісі бәрі ойдағыдай дейтін болса түк шықпайды.

Қорыта айтқанда, уақытты бірге өткізіңдер. Не істейтінің маңызды емес, үй шаруасымен айналысу ма, саябаққа серуенге шығу ма, спортпен шұғылдану әлде ас дайындайсыңдар ма? Бәрін бірге жасаңдар. Бұл бір - біріңе жақындата түседі. Жанжалдан кейін ешқашан бөлек кетпеңдер, қанша ренжіп тұрсаң да бірге ұқта. Махаббатың үшін күресе біл!
Дайындаған: Жадыра

Жұптардың қарым-қатынасын құртатын 5 нәрсе Жұптардың қарым-қатынасын құртатын 5 нәрсе
Көптеген адамдар үйлесімді және бақытты өмір сүру үшін өзара жағымды қарым - қатынас орнатудың кейбір тәртібін ұстанбайды.
Сіздің әлі күнге жалғыз жүруіңіздің себебі не? Сіздің әлі күнге жалғыз жүруіңіздің себебі не?
Егер сіз әлі күні жемісті қарым - қатынас орната алмай жүрсеңіз, онда бұл әлемге деген көзқарасыңызды өзгерту керек шығар.
Отбасында ақшаның маңызы Отбасында ақшаның маңызы
Жақында ғалымдар жүргізген зерттеуінің нәтижесі бойынша ерлі-зайыптылардың ұрыс-керісі көбіне неден туындайтыны анықталған. Үшінші орында, үйдегі
Бақытты жұптар. Бақытты жұптар.
Қоғамдық орында талқыланбайтын және бөлісуге келмейтін мәселелер бар және олардың кейбірі адамгершілік, әдеп нормаларына қайшы келеді. Солай бола
Ата-анамен арадағы қарым-қатынас. Ата-анамен арадағы қарым-қатынас.
Біздің өмірімізде ең жақын және негізгі адамдар олар – ата - ана. Олар бізге жарық өмір сыйлаушы, әлемді танып білуге үйретуші. Қандай жағдай
Жас жұбайларға арналған кеңес Жас жұбайларға арналған кеңес
Неке дегеніміз екі адамның қуаныш пен қайғыны бөлісуі, сондай-ақ көптеген күнделікті мәселелерді шешуге тиіс болып табылатын бірлесе өмір сүруі.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×