ойын сауық отауы
Ұқыпсыз үй бикесінің 9 түрлі белгісі
28.08.2018 1 666 0 Дауыл

Ұқыпсыз үй бикесінің 9 түрлі белгісі

Жалпы кеңес
Ұқыпсыз үй бикесінің 9 түрлі белгісі

Біз бүгінгі мақалада үйдің ішін артық заттардан арылтып жинақы қалыпқа келтіру туралы айтамыз. Үйге келген қонақ сіздің асыңызды ішпей - ақ үй ішіне бір көз жүгіртеді де, қандай үй бикесі екеніңізді байқап қояды. Қалай дейсіз бе? Тіпті, ең стильді жиһаздар қойылып әдемі безендірілсе де, үйдің іші дұрыс реттелмегенін кейбір детальдар арқылы байқауға болады.
Мен мұнда үйіліп тұрған қоқыс, шашылып жатқан заттар туралы айтайын деп тұрғам жоқ. Мәселен, қандай нәрселерден құтылу керек? Әр заттың өз орнын тауып орналастыру туралы айтайын деп отырмын.
1. Тұрмыстық қоқыр - соқыр
Үйдің ішін сыпырып жуатын тұрмыстық заттарды көзден таса орынға орналастырыңыз. (швабра, сыпырғы, шаңсорғыш, шаң сүртуге арналған шүберектер, шелек, шылапшын т. б.). Ас үйдегі және ваннада сүлгілерді ауыстыруды ұмытпаңыз. Жалбырап ілініп тұрған майлықтар немесе алжапқыш асүйдің стильді интерьерін бұзып тұрмас үшін көрінбейтін арнайы орынға жайғастырыңыз.
2. Стильдік үйлеспеушілік
Үйдің кең немесе шағын болуына қарай жөндеу жұмысын жүргізген жөн. Бір бөлмелі пәтерде богемиялық сәнділік, алтын мен көне заттардың көптігі орынды болмайды. Аумағы 40 - 50 шаршы метр алаңда тым қымбат жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет емес, ол сәнді көрінбейді керісінше күлкілі көрінеді. Шағын пәтерге бірнеше стильді біріктіруге болмайды, мұндай жабайы қиялға жол бермеңіз.
3. Әженің үйі
Сөрелерін шаң басқан ескі шкафтар мұндай жиһаздар сәннен баяғыда қалған. Мұндай жиһаздарды шығарып тастау қажет немесе заманауи нәрсеге жаңартқан дұрыс. Сіз әжеңіздің ескі шыны бокалдарын әлі де мұқият сақтайсыз ба? Шаң басқан қоқыс заттармен интерьерді бұзбаңыз, лақтырып жіберіңіз.
4. Қағаз жинау
Үстел үстінде жиналып қалған газет - журналдар. Бір керегіме жарайды-ау деп шкаф ішіне жинап қойған тағы тұр. Сонша уақыттан бері бір керегіңе жарамай тұрған мұндай қоқыстан арылған дұрыс.
5. Ескі заттар
Тесілген дастархан, түсі оңып кеткен диван қаптағыш, түгі тапталып қалған ескі кілем үйдің сәнін кетіреді. Ең кішкентай деталдарға назар аударыңыз. Терезе көзіне тұтылған пердені өзгертіңіз. Жиһаздарды кірден, шаңнан тазартыңыз.
6. Пайдасыз нәрселер
Әдемі сувенирлер мен естелік мүсіндер шаң жинайды. Оларды қаптатып қоймаңыз, ең құнды үлгілерін ғана қалдырсаңыз жетеді. Бос аумақ көбейген сайын демалу жеңіл.
7. Қобыраған сымдар
Ашық қобырап жатқан сымдар көзге жағымсыз көрінеді. Қазіргі кезде интерьердің сәнін келтіріп тұру үшін бұндай мәселені шешудің көптеген жолдары ұсынылады.
8. Солып немесе қурап қалған гүлдер
Қазіргі заманғы интерьерді үй гүлдерінсіз елестету мүмкін емес, бұл тек көзді қуантып қана қоймайды, сонымен қатар ауаны тазартады. Үй өсімдеріне қамқорлық жасауды ұмытпаңыз: оларға су құйып, жапырақтарын шаңнан тазартып сүртіңіз. Солып, қураған гүлдерді тастаңыз.
9. Ескі музыкалық аспап
Үйдегі пайдаланбайтын кез келген музыкалық аспапты сақтамаңыз (пианино, гитара т. б.). Оны керек еткен жанға сатып жіберіңіз. Оның шаң басып босқа тұрғаны кімге қажет? Бұл кеңестер әсіресе шағын пәтерде тұратын адамдар үшін өте қажет деп ойлаймын. Біздің пайдалы кеңесімізге назар аударғаныңызға рахмет! Бұл кеңестердің ұстансаңыз сізді ешкім ұқыпсыз салақ адам деп айтпайтын болады.
Дереккөзі: Әлеуметтік желіден алынды
Дайындаған: Жайна

Үйге қажетті 10 қарапайым зат Үйге қажетті 10 қарапайым зат
Қазіргі уақытта үй жұмыстарына пайдалы әрі тиімді көптеген біз білмейтін заттар бар. Бүгін де пайдалы бұйымдардың кейбірімен сіздерді таныстырмақпыз.
Үй туралы мақал - мәтелдер Үй туралы мақал - мәтелдер
Үй туралы мақал - мәтелдер Туған үйдің түтіні жылы, Туған ананың күтімі жылы. Түздегі май ішеді, Үйдегі зәр ішеді.
Үйді жайлы етіп безендіру. Үйді жайлы етіп безендіру.
Үйдегі жайлы атмосфера өте маңызды. Жайлы тұрғын үйде демалу, жұмыс жасау қолайлы, өзіңді еркін сезіну мен қатар жаныңа жылылық береді. Үйдің жайлы
Қонақ күту ережелері Қонақ күту ережелері
Қонақ күту – кез - келген үй бикесі үшін нағыз сынақ. Қонақтардың көңілінен шығарлықтай дастархан жайып, ас пісіру, дастархан жабдықтарын дайындау,
Мамыр Мамыр
Адам үшін жұбаныш Мамыр келді шуақты. Күннің ішін қуаныш Кернеп тұрған сияқты.
Дұрыс тамақтану принциптері Дұрыс тамақтану принциптері
Бұл мақалада біз салауатты тамақтану туралы айтатын боламыз.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×