Үнемдей білу
Жалпы кеңес
Үнемшілдік
Үнемшілдік, яғни үнемдеу. Үнемдеу – біле білсеңіз адам бойындағы ең жақсы қасиеттердің бірі болып табылады. Үнемдеу тек тарығып жүргендердің әдеті десеңіз, қатты қателесесіз. Үнемшілдік жағдайы жоғары азаматтарға да қажет дүние. Үнемдеу арқылы көп нәрсеге қол жеткізуге болады. Ол үшін үялудың да, намыстанудың да қажеті жоқ. Шындап кіріссеңіз барлығында үнемдеуге болады. Ең біріншіден, темекі тартатын адамдарды алып көрейікші: темекі шегетін адамдар қазіргі кезде өте көп. Ер адамдардың 90 % - ы темекі тартса, соңғы жылдары әйел адамдарының біраз бөлігі темекіге әуестеніп кеткен.
Темекі тартқан пайдалы болса мейлі ғой, денсаулыққа өте зиян. Тағы да 1 ғана жыл шекпейді, көбісі өмірінің соңына дейін темекі тартады. Сонда ойланыңыз, қанша қаржы тиімсіз жұмсалып жатыр. Аз – аздап шегіп, қаржыны үнемдеңіздер, тастасаңыздар тіпті жақсы.
Енді су мәселесіне келейік: жер бетінің 71% - ы судан, ал 29% - ы құрлықтан тұрады. Су өте көп, бірақ 71% судың 1% - ғана ішуге жарамды екен, ал қалғаны жарамсыз. Үйде, жұмыс орындарында, кез – келген жерде, тіпті моншада да суды үнемді пайдаланыңыз. Кранды ашып қойып, сарылдатып ағызып қоюды, себепсіз шашуды, моншада суды үстіге төңкере салуды әдетке айналдырмаңыз. Керек десеңіз, үйде судың тамшылап тұруына жол бермеңіз. Тамшылап тұрған тамшы бір түнде 40 литр суды ысырап етеді екен. Өзгелер үнемдемейді, мен үнемдегеннен не пайда – дей көрмеңіз, өзгені қайтесіз? Сусыз өмір сүріп көріңізші, шыдай алар ма екенсіз? Судың да сұрауы бар. Суды үнемді пайдалану есіңізде болсын үлкен сауаптың бірі.
Электр энергиясы судан, газдан қымбаттау. Осыны үнемдей біліңіз. Үй бөлмесіндегі жарықты үнемі өшіріп жүріңіз. Электр жүйесіне қосылатын барлық заттарды пайдаланып болған соң тоқтан ажыратып жүріңіз. "Қоя берші соны, қайбір теңге болады дейсің? Ары кетсе, 100 – 200 теңге артық келер"- деп қоя бермеңіз, оданда сол артық келетін 100 – 200 теңгені де үнемдеп үйреніңіз. Киімді де әркімге бір еліктеп қымбатына жүгіне берудің қажеті жоқ, бастысы киіміңіз өзіңізге әдемі, жарасымды болса болғаны және таза болғаны абзал.
Суды, электр энергиясын, киім-кешегіңізге жұмсалатын қаржыны, ақшаны, ұялы телефоныңызға салатын бірлікті де, тіпті қалтаңыздағы тиын – тебеніңізге дейін үнемдеңіз. Сонда үнемшілдік бір мақсатқа жетелеуі әбден мүмкін.
Жарылқасын Үсентаев

Ұзақ өмір сүру үшін керекті үш тағам түрі
Варшава университетінің ғалымдары жаңғақтар, көкөністер мен жемістер және шоколад пайдасын дәлелдеді. Олар бұл өнімдердің қасиеттері адамның
Ақша үнемдеудің 5 құпиясы
Мәселенің маңыздысы – қанша ақша табуда емес, оны қалай жұмсауыңызда. Көп адамдардан еститінім: - мен ақшаны үнемдей алмаймын, - деп жатады. Расында,
Қазақстандықтарға үй алу үшін орта есеппен қанша
Ләззат Ибрагимованың есептеуі бойынша, айлық табысы 140 - 150 мың теңгені құрайтын әрбір қазақстандық орта есеппен айына жинақтау қорына 40 мың теңге
Судың да сұрауы бар.
Күнделікті астан соң жуылатын ыдыстарға неше литр су жіберетініңізді есептеп көрдіңіз бе?
Ең сұлу әйел – жүкті әйел
Ең сұлу әйел – жүкті әйел деп жатамыз. Иә, дүниеге ұрпақ әкелу - Алланың әйел затына берген ең керемет нығметтерінің бірі. Жауапкершілікті талап
Отбасылық қаржыны үнемдеп жұмсау және шығындарды
Үнемдеу дегеніміз, өзіңді шектеу деген сөз емес, ойластырылмай жасалған әрекеттің соңы отбасылық бюджеттің дағдарысына әкеліп соғуы мүмкін, осыған