ойын сауық отауы
Моншада ескеретін кейбір ережелер
26.07.2016 5 510 0 Дауыл

Моншада ескеретін кейбір ережелер

Жалпы кеңес
Көпшілікке арналған моншада ескеретін кейбір ережелер.

Моншаға барарда өзіңмен бірге қандай заттар алып бару керек?
Ең алдымен басыңызға киетін киізден жасалған бас киім немесе шыт орамал, сүртінуге сүлгі, гигиеналық заттар: сабын, шампунь, езгіш (мочалка) және парға кіргенде төсеп отыратын ескі орамал т. б.
Моншаға кірерде тамаққа тойып кіруге болмайды және аш баруға да болмайды! Тамақтанғаннан кейін 30 - 35 минуттан кейін кіруге болады. Өзіңізбен бірге үйден қайнаған су алып шықсаңыз болады немесе моншаға жақын маңнан газдалмаған су сатып алуға болады. Судың мұздай болмауын ескеріңіз. Моншада, моншадан шыққан кейін де мұздай су ішуге болмайды!
Моншада спирттік ішімдік ішуге болмайды! Ішімдіктің қай түрі болмасын жүрекке салмақ түсіруі мүмкін.

Егер де сіз көпшілікке арналған моншаға бара жатқан болсаңыз, кейбір ережелерді біле жүргеніңіз абзал.
Моншада айқайлап сөйлеуге болмайды. Сабынды, шампуньді қолданғанда, үстіңізге су құйынғанда көршіңізге шашыратып жібермеңіз. Моншада басқа адамдардың бар екенін ескеріп, душты пайдаланғанда басқаларды күттіріп қоймауды да ескеріңіз. Тағы бір ескеретін жай, қолтықтағы және интимдік орындағы түкті қырып, тазалаудың қажет жоқ. Бұлардың барлығы көпшілік орында әдепсіздік болып есептеледі.
Моншаға кіре салысымен аяғыңызға резеңке аяқ киімді киіңіз. Содан кейін душқа кіріп сабынсыз жай сумен шайыныңыз, сабынды пайдаланбаудың себебі, терінің майлы қабаты жуылып кетеді де терлеу процесі дұрыс жүрмейді. Шашыңызға су тигізбеңіз себебі шашыңыз су болса, «пар» бөлмеде ұзақ отыра алмайсыз. Бас киімді киіп парға кіріңіз (бас киім киізден жасалған болса өте дұрыс). Парға кіргенде алдымен астыңызға төсейтін затты төсеп отырыңыз. Бірден жоғарыға сөреге көтерілмеңіз, төмен жаққа отырып денені ыстыққа бірте - бірте үйретіңіз. 2 - 3 минуттан кейін жоғары сөреге көтеріліп жатыңыз, аяғыңыз басыңыздан сәл жоғарыда тұруын ескеріңіз, ол үшін арнайы аяқты демеуішті пайдаланыңыз.
Парда отырып кір езінбеңіз, жуынатын бөлмеге келген соң жасау қажет.
Пардан шыққан соң, қанжылы сумен жуыныңыз. Себебі, судың температурасы төмендеу болғаны денсаулығыңызға пайдалы.

Дайындаған: Асыл

Алып-қосарыңыз болса, пікір қалдырыңыз

Нанға қатысты тыйымдар мен ырымдар Нанға қатысты тыйымдар мен ырымдар
Нанды шашуға, жерге тастауға, басуға, рәсуа етуге болмайды. Нан – дәм басы, онсыз өмір жоқ. Сондықтан да дастарқанға алдымен нан қойылады. Жерде
Ыдыстарға қатысты тыйымдар мен ырымдар Ыдыстарға қатысты тыйымдар мен ырымдар
Ыдыста ашық қалған тағамды жаратуға болмайды. Халық ұғымында ашық қалған тағамды жын - шайтан жалап кетеді деп санайды. Су құйылған немесе тағам
Үнемдей білу Үнемдей білу
Үнемшілдік, яғни үнемдеу. Үнемдеу – біле білсеңіз адам бойындағы ең жақсы қасиеттердің бірі болып табылады. Үнемдеу тек тарығып жүргендердің әдеті
10 күнде қалпыңды келтіруге көмектесетін 20 кеңес. 10 күнде қалпыңды келтіруге көмектесетін 20 кеңес.
Келбетіңіз жақсы көрінуі үшін ең алдымен темекіні тастау керек, сұйықтық көп ішу қажет. Сонымен бірге ой - санада тек жағымды нәрселер болсын.
Жарамдылық мерзіміне көп адам назар салмайтын 13 зат Жарамдылық мерзіміне көп адам назар салмайтын 13
Күнделікті тұрмыста пайдаланатын кейбір құралдардың жарамдылық мерзімі өтіп кеткенін байқамай да қалауыңыз мүмкін, сондай құралдардың бірнешеуін атап
8 наурызға қандай сыйлық жасайсыз? 8 наурызға қандай сыйлық жасайсыз?
8 наурыз әйелдер мерекесінде гүл шоқтары әдемі сыйлық екені бәріне мәлім, алайда гүл шоқтарын ғана сыйға тартсаңыз аздап ыңғайсыз болады, өйткені
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×