ойын сауық отауы
Отбасының 7 қағидасы
04.01.2020 4 377 0 Admin

Отбасының 7 қағидасы

Жалпы кеңес
Отбасының 7 қағидасы:
1) Сыйластық бірінші кезекте тұру керек. «Үйленген күннен бастап мені «сіз» дейсің» дедім. Бастапқыда «сіз» дегені құлаққа түрпідей естіліп, күлкіге көміліп қалғам. Он бес жылдан бері «сіз» деген сөз отбасымыздың татулығының тірегіне айналды. Достарымның әйелдері біреуі 5 жылдан соң, біреуі 8 жылдан соң, біреуі 10 жылдан кейін күйеулерін «сіз» дей бастады. Анасы әкесін «сіз» деп сыйлап тұрса, бала да әкесін құрметтейтінін түсінді;
2) Сенің ата-анаң – менің ата-анам, менің ата-анам – сенің ата-анаң. Балдызыма ақыл айтсам, туған қарындасыма айтқандай айтам, келіншегім қайнысына ұрысса, туған інісіне ұрысқандай ұрысады;
3) Қандай сыйлы қонақ келсе де, үйімізге ішімдік кіргізбейміз;
4) Балаларымызды мектепке дейін хан сияқты сыйлаймыз, мектеп кезінде шәкірт сияқты тәрбиелейміз, мектептен соң дос сияқты сырлас боламыз, бірақ ақыл айтпаймыз;
5) Ренжісіп қалсақ, 5 минуттан соң сөйлесеміз. «Жақсы адамның ашуы шәйі орамал кепкенше, жаман адамның ашуы басы жерге жеткенше». Біреуіміз қылт етсек, екіншіміз уақыт санап отырамыз;
6) Біздің үйде ер - азамат есеп бермейді, телефон соғып: «Қайда жүрсің? Қашан келесің?» – деген сұрақ қойылмайды. Кейбір достарымның әйелдері телефонмен: «Қайда жүрсің қаңғырып?» – деп жатқанын естігенде, телефоны болмаған біздің ата - бабалар не деген бақытты деп ойлаймын;
7) Ешқашан ажыраспаймыз. Маған әйел табылады, оған күйеу табылар, ал балаларға бөтен біреу әке - шеше бола алмайды.
Бейсен Құранбек

Ерлі - зайыптылардың ұзақ жыл тату - тәтті ғұмыр кешулерінің құпиясы Ерлі - зайыптылардың ұзақ жыл тату - тәтті ғұмыр
Сүйіктісімен 30 жыл отасқан ерлі - зайыптыларға бір жас жігіт келеді.
Балалы үй – базар Балалы үй – базар
Кез келген отбасының қызығы мен шыжығы – бала. Бала – өмірдің жалғасы, өзеніңнің арнасы. Әйел бақыты ана болу, сүйіктісінің жары болу.
Періште мен сәби Періште мен сәби
— Сәлем, балақай! Жағдайың қалай? Жаңа өмірге аяқ басуға дайынсың ба? — Дайынмын, бірақ қорқамын.
Баласын сағынған ана Баласын сағынған ана
Айналайын, жан балам! Бұл хатты саған жазар ма едім, жазбас па едім? Бірақ, денемнен бөлініп шыққан бөлшегім емессің бе? Сағынбайды дейсің бе? Мұны
Жақсы келіншектің үш белгісі бар: жүзінде күлкі, қолында оқтауы, тілінде тоқтауы бар. Жақсы келіншектің үш белгісі бар: жүзінде күлкі,
Жаман келіншектің екі пышағы болады екен: біреуі қолында, біреуі – тілінде. Қолындағысымен нанын турайды, тіліндегісімен жаныңды турайды. Ал, жақсы
Әкеме Әкеме
Әкем біреу, анам да біреу менің, Мен жығылсам сүйенер тіреулерім. Олар барда мереке, көрген емен Қабақтарын шытқанын, түнергенін.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×