ойын сауық отауы
Періште мен сәби
28.07.2018 2 446 0 Дауыл

Періште мен сәби

Бұл қызықты
Періште мен сәби
« — Сәлем. Тұтқаны қоймашы, өтінемін.
— Саған не керек? Сенің бос сөзіңді тыңдап отыратын уақыт жоқ. Болшы тез!
— Мен бүгін дәрігердің қарауында болдым…
— Сонымен…
— Аяғымның ауыр екендігі анықталды. Үшінші айдан асыпты…
— Мен не істейін? Бар да алдырып таста! Маған проблема керек емес. Басымды ауыртпа!
— Алдыруға кеш дейді. Енді не істеймін?
— Онда менің телефон номерімді ұмыт!
— Алло?! Алло?!
«Телефон өшірулі...»

Арада 6 ай уақыт өтті.

— Сәлем, балақай! Жағдайың қалай? Жаңа өмірге аяқ басуға дайынсың ба?
— Дайынмын, бірақ қорқамын.
— Неге? Кімнен қорқасың?
— Себебі, анам күнде жылайды. Ол мен үшін риза емес сияқты…
— Қорықпа, мен сені қорғап жүремін.
— Сен кімсің?
— Мен сенің қорғаушы — Періштеңмін.

« — Кешір балапаным, басқа амалым жоқ…»

— Періштем, сен қайдасың? Анам неге бұлай дейді? Ол неге ащы су ішіп жатыр? Дәмі неткен жаман еді? Тұншығып барамын…
— Қорықпа, жаңа өмірге келуіңе аз уақыт қалды.
— Қорқамын, анам күнде менен кешірім сұрайды. Неге? Ол көріксіз бе?
— Жоқ. Ол өте әдемі, сұлу әрі ақылды.
— Қалай ойлайсың, анама мен керекпін бе?
— Әрине, керексің…
— Тұншығып барам…

Сол күні кешкісін қала сыртында:
« — Кешірші балам. Мен жалғызбын. Сені асырай алмаймын… Сен тез ұйықтап кетесің…»

— Періштем, сен қайдасың? Мен қатты жаурап жатырмын. Анам мені неге бұл суық жерге тастап кетті?
— Қазір балақай, сәл шыда. Анаң қайтып келеді.
— Мына өмір неткен суық еді?!
— Сен жыла, бар дауысыңмен шырылдай жыла балақай!
— Неге? Не үшін?
— Анаң сені таппай адасып жүр. Мен оны осында алып келемін…

Сол маңда тұратын ерлі - зайыптылар ұрсысып жатыр. Олардың отау құрғанына 7 жыл болса да әлі бала сүйе алмай жүрген еді…
— Жеті түнде қайда барасың?
— Білмеймін, біреу қолымнан жетектеп бара жатқан сияқты…
— Өмірде тек біз ғана емес — сәби сүйе алмаған. Қайтеміз, көнеміз де… Соған бола жынданып кетесің бе енді?
— Білмеймін, далада мені біреу шақырып тұрған сияқты. Мақсат, жүрші деймін!
— Ауруханадан шыққалы біртүрлі болып жүрсің. Есіңді жинашы Гүлжан!

Үйленгендеріне 7 жыл болған ерлі - зайыптылар үй артындағы каналдың бойымен жүріп келеді.

— Тыңдашы, нәрестенің даусы сияқты…
— Жоқ, мысық емес пе?
— Жоқ, бұл — сәбидің дауысы… Қамыс арасынан шығып жатыр…

« — Жыла, балақай. Анаң келе жатыр, әне. Жақындап қалды.
— Ол менің анамның даусы емес қой. Неге өзгеріп кеткен?
— Бұл сенің нағыз Анаңның даусы. Үйрене бер балақай.»

Қамыс арасында жұқа көйлекке оралған, дүние есігін ашқанына жарты сағат болмаған нәрестені көргенде ерлі - зайыптылар еңіреп жылап жіберді…

— Алла Тағалам сәби берді маған! О, Алла! Рахмет саған! Күні - түні тілеген тілегім қабыл болды. Бұл менің сәбиiм, менің жаным!»

…Көзіме еріксіз жас келді! 5 минуттық ләззат үшін сіз де осы жағдайға түсіп қалмаңыз!!!

Қазақ тілін түсінетін, Қазағына жаны ашитын барлық адам осы жазбаны өз СТЕНАСЫНА алып кетсін! Бауырларымыз ойлансын!

Дереккөзі: elana. kz

Менің соңғы хатым... Менің соңғы хатым...
Сені сағынудан шаршадым Бұдан былай хат жазбаймын Уәде беремін мына менің соңғы хатым
Отбасының 7 қағидасы Отбасының 7 қағидасы
Сенің ата-анаң – менің ата-анам, менің ата-анам – сенің ата-анаң. Балдызыма ақыл айтсам, туған қарындасыма айтқандай айтам, келіншегім қайнысына
Сүйген қызыңа немесе жан жарыңа арналған хаттар. Сүйген қызыңа немесе жан жарыңа арналған хаттар.
Сәлем, қымбаттым! Сен бұл хатты, мүмкін, ешқашан оқымайтын шығарсың...
Көңілім, неге жасисың Көңілім, неге жасисың
Көңілім, неге жасисың? Миым, неге ашисың? Ой түбіне жете алмай, Жүректі тырнап қасисың.
Сен қартайды дегенге Сен қартайды дегенге
Сен қартайды дегенге мен сенбеймін, Әжімменен кәрілік өлшенбейді. Әжім деген - әйгілі тамшы - уақыт, Тамшы - уақыт тасты да жеңсем дейді.
Дана - Кешірмейсің сен неге? Дана - Кешірмейсің сен неге?
Айтшы неге алыстадың менен, Сөзің қайда біздің тілек бірге деген? Жүрегімді қинап, тағы да мұң сыйлап кеттің. Қанша ма күн сені, қанша ма күн сені
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×