ойын сауық отауы
Табысқа жетудің құпиясы
14.03.2020 5 149 0 Admin

Табысқа жетудің құпиясы

Жалпы кеңес
Табысқа жетудің құпиясы
(1 - бөлім)
Егер жақсы жұмысқа орналасамын десеңіз...
Егер сіздер жақсы жұмысқа орналасамын десеңіздер, ең бірінші өз мамандықтарыңызды жақсылап меңгеріп алыңыздар. Он жылдан кейін өз істеріңізді бастасаңыздар мархаббат. Мәселен, журналист болсаң, болашақ журналистерді даярлау орталығын аш. Ағылшын тілін меңгерсеңіз де дәл солай. Бірақ, бір ескерту: бірден үлкен орталықтан бастамаңыз. Әуелі көршінің балаларын түгелдей жинап алыңыз. Әрі кетсе, он немесе жиырма бала. Бір ай тегін оқытыңыз. Болды. Әрі қарай адамдар сізді өздері іздей бастайды. Барлығымыздың жіберетін бір ғана қателігіміз - біз қанша жерден білімді, мықты маман болсақ та, бірден табысқа жеткіміз келіп тұрады. Сіз өз - өзіңізді көрсете алмайынша, ешқашан табысты бола алмайсыз. Мықты дизайнер болғың келе ме? Онда өзің әуелі іздеп жүріп, белгілі бір кештерге немесе компанияларға арнайы афиша жасап бер. Бірақ, бастапқыда тегін жаса. Кейін олар өздері сенен айырылмай қояды. Сонда ғана өз кәсібіңнен өзің рахат көретін боласың.
Мәселен, қазір «Айтуға оңайға» мықты редакторлар мен режиссерлер қажет. Маған бағдарламаңызды қатырып жасап беріңізші, мен сізден ешқашан айырылмаймын. Сол еңбегі үшін мен оған жалақыны артығымен төлейтін боламын. Әрі елдің бәрі «Бейсенде керемет мықты жігіт бар екен» деп, аузынан тастамай айтып жүретін болады.
Мені боқтап жіберуіңізге де болады. Тек...
Табысқа жетудің тағы бір жолы – адамдармен тіл табыса білу. Ол жағымпаздық емес. Мәселен, мен адамның бәрін бауыр көріп, жақын тарттым. Алматы облысы, Талдықорған қаласында «Жетісу» деген телеарна бар. Сол телеарнада 5 жыл директор болдым. 5 жылдан кейін өз еркіммен ол жерден кеткен кезде, еден жуушыға дейін қызметкерлерім жібергісі келмеді. Ақырында араға екі жыл салып, ол қызметіме де қайтып келдім. Мен кете алмайтынымды түсіндім. Қазір сол телеарнаны дамыту үшін біраз жұмыстарды жасап жатырмыз. Сенесіздер ме, мен кейде жұмысқа қандай қызметкер алынып жатырғанын да білмеймін. Қызметкерлерімнің де менің есігімді соғып кіруі шарт емес. Олардың жұмысқа нешеде келіп, нешеде кетіп жүргені де маңызды емес. Маған тек бір ғана нәрсе керек. Әркім өзінің нәтижесіне жауап берсе болды. Мәселен, сіз жаңалыққа жауаптысыз ба? Ендеше, сіз маған жұмыс нәтижеңізді тиянақты етіп әкеліп беріңіз. Болды, мен сізді ары қарай мазаңызды алмаймын. Тіпті, сіздің менімен бірге барып қыдыруыңызға, менімен бірге футбол ойнауыңызға, тіпті маған «допты неге жөнді теппейсің» деп боқтап жіберуіңізге болады. Ол үшін мен сізге түк те ренжімеймін.
Бос ысырапшылдыққа жол бермеу керек
Қазір көп адамның проблемасы ақшаға келіп тіреліп жатады. Ал, шын мәнінде ақша табу – дүниедегі ең оңай шаруа. Егер сіздер сүйікті істеріңізбен айналыссаңыздар, ақша өздігінен келе береді. Қарапайым, үйден мәнті түйіп сатсаңыз да, ол да ақша. Тек ерінбеулеріңіз керек. Жалқаулықты тастап, өз қабілеттеріңізді іске асырсаңыздар ғана, ақша табудың жолдары ашыла бастайды. Ал, сіздер ақша туралы ойға байланып қалсаңыздар, онда ол мәселе өмір бойы шешімін таппауы мүмкін. Бәлкім ақшаны құрметтеу керек шығар. Бірақ жақсы көрмеу керек. Тағы бір нәрсе бос ысырапшылдыққа құмар болмау керек. Мәселен, қазір бірнеше машина ала алатын жағдайым бар. Бірақ, менде көлік жоқ десе сенесіздер ме? Шынымен де көлігім жоқ. Джип мініп те көрмеппін. Алайда, мен джип мінетін ақшама қарапайым бір - екі көлік сатып алып, ол көлікке жүргізушілер жалдап қойдым. Өйткені, ондай ысырапшылдыққа жол бермей, бір - екі отбасын болса да жұмыспен қамтамасыз еткім келді. Былтыр жұмысқа жақын үй алғым келіп, Алматыдан үй қарадым. Айналамдағы адамдардың көбі бір қабатты үйде тұрады екен. Сол жерден қос қабатты үй алуыма болар еді. Бірақ көршілерімнен биік тұрғым келмеді. Олардың төбесінен қарап тұрсам, ол тәкаппарлық болар еді.
Бейсен Құранбек

Анасының соңғы өсиеті Анасының соңғы өсиеті
Жалған дүниемен қоштасатынын сезген кезде әлгі әйел баласын шақырып былай дейді: «Басымыздан қиын күндерді өткердік, кедейшіліктен бас көтермедік.
Адамның уақытының берекесін қашыратын негізгі жеті фактор Адамның уақытының берекесін қашыратын негізгі
6. Бос әңгімелер Бос әңгіме жайлы сөз қозғалғанда тек қана бетпе - бет сөйлесулер емес, онлайн түрде орын алатын әңгіме - дүкен де қамтылады. Бұлар
Мотивация: Кездескің келе ме? Кездесуге шақыр! Мотивация: Кездескің келе ме? Кездесуге шақыр!
• Бірдеңе керек пе? Сұра. • Кездескің келе ме? Кездесуге шақыр. • Түсінікті болғың келсе, түсіндір.
Қытайдағы ең ауқатты адамдардың бірі Джек Маның ұлына жазған хаты Қытайдағы ең ауқатты адамдардың бірі Джек Маның
Саған бұл хатты жазуыма 3 нәрсе себеп болды: - Тағдырды болжап болмайды, ешкім де өзінің қанша өмір сүретінін білмейді, сондықтан кей нәрселерді
Бала тәрбиесіндегі еврейлер ұстанатын қағидалар Бала тәрбиесіндегі еврейлер ұстанатын қағидалар
Баланы әр ұлт өзінше тәрбиелейді. Бала кезден көрген тәрбие өсіп - өнгенше оның бойына азық болады. Қазағым «тәрбие – тал бесіктен» деп бекер
Жоғары оқу орнының дипломынсыз-ақ миллиардер атанған он азамат Жоғары оқу орнының дипломынсыз-ақ миллиардер
Жетістікке жету үшін міндетті түрде жоғары оқу орнын бітіріп, диплом алу керек десеңіз қателесесіз. Дипломсыз-ақ миллиардер атанған азаматтар бар.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×