ойын сауық отауы
Адамның уақытының берекесін қашыратын негізгі жеті фактор
15.10.2020 1 213 0 Admin

Адамның уақытының берекесін қашыратын негізгі жеті фактор

Жалпы кеңес
Уақытыңды басқар
Адамның уақытының берекесін қашыратын негізгі жеті фактор
6. Бос әңгімелер
Бос әңгіме жайлы сөз қозғалғанда тек қана бетпе - бет сөйлесулер емес, онлайн түрде орын алатын әңгіме - дүкен де қамтылады. Бұлар адамның ұшан - теңіз уақытын алады. Бірқатар есептерге қарағанда, адамның жұмыс уақытының 75%- ы басқалармен сөйлесуге жұмсалады екен. Өкінішке орай, бұл уақыттың тең жартысы жұмысқа еш қатысы жоқ бос әңгімелермен өтеді. Осылайша мұндай әңгімелер жұмысқа арналған уақыты ұрлауда.
«Егер Аллаға және ақырет күніне иман келтірсеңдер, жақсы сөз сөйлеңдер немесе үндемеңдер».
(хадис)
Мұндай әдет сіздің мансабыңызға өте зиянды болуы мүмкін. Көптеген адамдар өз уақыттарымен қоса басқа жандардың да уақыттарын босқа құртады. Олар өз мүмкіндігінен төмен дәрежеде жұмыс істегендіктен қажетсіз әңгімеге көп уақыты болады.
Бұлай уақытты бос шығындамас үшін төмендегі кеңестерге құлақ түріңіз:
1. Адамдармен сөйлесу үшін арнайы уақыт болады. Әріптестеріңізбен жұмыс арасындағы үзілісте немесе жұмысты аяқтаған соң сөйлесе аласыз. Егер сізбен жұмысқа қатысы жоқ әңгіме бастап келе жатқанын байқасаңыз, сыпайы түрде жұмыс істеуіңіз керектігін ескертіп, әңгімені тоқтатып, жұмысыңызға оралыңыз. Көбіне мұндай сөз сұхбаттасыңызды да жұмыс істеуге итермелейді.
2. Нәтижеге көңіл бөліңіз. Егер сіздің қызметіңіз ақыл - ойды жұмыс істетуді қажет ететін болса, әріптестеріңізбен сұхбаттасу көп уақыт талап етуі мүмкін. Ортаға шыққан мәселелер мен олардың шешімдерін табу жайлы сөйлесуіңіз қажет болады. Алайда барлық сұхбаттардың мұраты белгілі бір нәтижеге жетуге бағытталуы керек. Уақытыңызды соңғы футбол жарысын талқылап немесе бір жыл бұрынғы демалысыңызды суреттеп бос әңгімемен шығындамауыңыз қажет. Өзіңіз секілді әріптестеріңізбен сұхбаттарыңыз бен пікірталастарыңыз сіздердің ортақ жұмыстарыңыз жайында болғаны жөн.
Алла Тағала Құранда «табысқа қол жеткізген (азаптан құтылған)» мүмін пенденің сипатын былайша баяндайды: «Олар бос әрі пайдасыз нәрселерден теріс айналады» («Мүминун» сүресі, 3 - аят), (Бос сөзге әлде бір іске жолыққан кезде ол жерден салмақтылықпен өтіп кетеді» («Фұрқан» сүресі, 72 - аят). 

жиған - терген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Өзіңе қатысы жоқ істен аулақ болу Өзіңе қатысы жоқ істен аулақ болу
Алайда сіздің өміріңізге ешбір әсері болмаған әрі сіздің де оған әсер етуіңіз мүмкін емес жайттар жайында уайымдаудың, тіпті білудің не қажеті бар?
Уақытыңды басқар: Ой шашыраңқылығы Уақытыңды басқар: Ой шашыраңқылығы
Уақытты қажетсіз істерге жұмсаудан туындап, ары қарай жоғалтуға алып келетін зиянды жайттардың бірі – ой шашыраңқылығы.
Шешім қабылдаудың төрт түрі Шешім қабылдаудың төрт түрі
Уақыттың дұрыс белгіленбеуі шешім қабылдау уақытына да кері әсерін тигізеді немесе керісінше дер кезінде қабылдаған шешім көп уақытты шығындайды.
Адамның уақытының берекесін қашыратын негізгі жеті фактор: сенімсіздік Адамның уақытының берекесін қашыратын негізгі
7. Сенімсіздік Уақытты ұрлаушы факторлардың санатындағы ең соңғысы – сенімсіздік және соған байланысты туындаған жұмысты кейінге қалдыру әдеті.
Адамның уақытының берекесін қашыратын негізгі жеті фактор Адамның уақытының берекесін қашыратын негізгі
Уақытты ұрлаушы үшінші жайт – жоспарланған не жоспарсыз жиналыстар. Дұрыс жоспарланбаған әрі сапалы түрде дайындық жасалмаған жиналыстар адамның өте
Кейбір қызметкерлер жұмыс уақытының жиындық есебіне ауыстырылған Кейбір қызметкерлер жұмыс уақытының жиындық
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 86 - бабына сәйкес жұмыс уақытының жиынтық есебі - жұмыс беруші белгілеген, бір жылдан асыруға болмайтын
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×