ойын сауық отауы
Уақытыңды басқар: Ой шашыраңқылығы
19.11.2020 1 158 0 Admin

Уақытыңды басқар: Ой шашыраңқылығы

Жалпы кеңес
Уақытыңды басқар: Ой шашыраңқылығы
Уақытты қажетсіз істерге жұмсаудан туындап, ары қарай жоғалтуға алып келетін зиянды жайттардың бірі – ой шашыраңқылығы.
Осы күні қайда қарасақ та менмұндалап тұратын жарнама тақталары, дүкен терезелері, ілінген суреттер, түрлі - түсті кітапшалар, журналдар, теледидар, кинотеатр және интернет беттеріндегі көріністерден және құлағымызды еріксіз жаулап алған дауыстардан туындайтын ой шашыраңқылығы белең алуда.
Мұның барлығы кейде өз еркімізбен, кейде еркімізден тыс осындай жайттарға уақыт бөліп, көңіл қойып, мән беріп, өмірімізден орын алуға рұқсат бергендігіміз үшін туындауда. Асыл уақытымызды осындай қажетсіз әрі зиянды дүниелерге сарп етуіміз мидың шаршауы, зейін шашыраңқылығы мен ұмытшақтыққа алып келіп отыр.
Зейін адам баласының түсіну, қабылдау, үйрену, есте сақтау және жаттау секілді қызметтеріне жауап береді. Ал зейін шашыраңқылығы орын алатын болса, аталған қызметтер өз қалпында дұрыс жұмыс істеу мүмкіндігінен айырылады. Солайша адамда ұмытшақтық, қалжырау және зейін шоғырландыру қиыншылығы туындайды. Ой шашыраңқылығы басқа ағзалардың да жұмысына кері әсерін тигізіп, есте сақтау қабілетін баяулатып, жүйені толықтай істен шығаратын компьютер вирусы іспетті әрекет етеді.
Адам теледидар көруге, радио тыңдауға, интернетке, әлеуметтік желілерге, газет - журнал қарауға қажеттен тыс көп уақытын жұмсайтын болса, тек уақытын ысырап етіп қана қоймай, миын шаршатып, өзін ой мен зейін шашыраңқылығына душар етеді. Ал мұндай жағдаймен бетпе - бет келген қызметкер жұмысын атқару барысында, тәлімгер болса білім алу жолында қажетті мәселелерге зейінін шоғырландыруда көптеген келеңсіздікке тап болады. Солайша ол адамның қанша тырысып баққанымен, ісін өнімді атқаруы мен жаңа мәліметтер үйреніп пайдалы білім алуы өте қиынға соғады әрі көп уақыт талап ететін болады.
Аталған жайтқа көз жеткізе түсу үшін қазіргі заманның адамы мен өмірлері тарих сахнасында қалған бұрынғы өткен кісілердің білім алу, есте сақтау және жұмыс атқару сапасын салыстырып қарай аламыз. Өткеннің адамы күніміздегі адамның жұмысы мен білім алуын жеңілдете алатын технологиялар, заманауи жүйелер мен түрлі мүмкіндіктерге ие болмай - ақ замандастарымызға қарағанда анағұрлым көп жетістікке жете білген.
Айталық, әлемге әйгілі тіл білгірі Джузеппе Гаспаро Меццофанти 38 тіл және 50 диалектте мүдірмей сөйлейтін болған.
Осындай ой шашыраңқылығынан ада болған Пайғамбарымыздың сахабалары мен Ислам ғалымдары мыңдаған хадистерді және Құранды жаттап, ұрпақтан ұрпаққа жеткізе алған. Айталық, Әбу Һурайра (р. а.) 5374 хадис, Абдулла ибн Омар (р. а.) 2630 хадис және Әнас ибн Мәлик 2286 хадис риуаят еткен. Мұның барлығы да – сау ақыл мен дұрыс зейін қоя білудің, ой шашыраңқылығынан аман болудың жемісі.
Ал бүгінгі күні үлкендер мен жастар ғана емес, бесіктен белі шықпаған бүлдіршіндердің өзі компьютер және телефон ойындары, теледидар мен интернетке шамадан тыс байланып отырғаны үшін бір шумақ өлең жаттауы қиынға соғатын болған. Балалардың жаңа технологияларды үлкендерден жақсы меңгергеніне қуанып, алданып отыра бермей, оларға зиянын тигізіп жатқан тұстарын анықтап, одан барынша алшақтатып, тек пайдалы нәрселерді ғана бере білуіміз қажет.
Өткеннің адамының мұндай таңқаларлық жетістігінен үлгі алып, «болмасаң да ұқсап бақ» деп біз де соған қарай бой түзетуге тырысуымыз қажет. Ол үшін уақытымыз барында миымызды шаршататын, санамызды жаулап алатын, жадымызды толтыратын қажетсіз нәрселерге уақыт шығындамауды үйренуіміз керек. Заманауи технологиялардың тек пайдалы тұсын қолданып, зиянды жағынан барынша аулақ болғанымыз жөн. Солайша маңызды істерімізге зейінімізді толықтай шоғырландыруды үйреніп, жұмысымызды дұрыс орындап, өнімділігімізді арттырып, қысқа уақытта да орасан зор жетістіктерге жету мүмкіндігіне ие бола алмақпыз. 

жиған - терген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Өзіңе қатысы жоқ істен аулақ болу Өзіңе қатысы жоқ істен аулақ болу
Алайда сіздің өміріңізге ешбір әсері болмаған әрі сіздің де оған әсер етуіңіз мүмкін емес жайттар жайында уайымдаудың, тіпті білудің не қажеті бар?
Өткен қателіктерден сабақ алу Өткен қателіктерден сабақ алу
Ғапылдыққа салынып, пайдасыз істермен айналысып, асыл уақытымызды босқа шығындап қойып, сан соғып, бармақ тістеген кездер қайсымыздың болса да
Шешім қабылдаудың төрт түрі Шешім қабылдаудың төрт түрі
Уақыттың дұрыс белгіленбеуі шешім қабылдау уақытына да кері әсерін тигізеді немесе керісінше дер кезінде қабылдаған шешім көп уақытты шығындайды.
Жетістіктің жүз қадамы: 30 - қадам: уақыт Жетістіктің жүз қадамы: 30 - қадам: уақыт
Уақытты босқа өткізу – сізге пайдасы жоқ істерге уақыт бөлу. Біз күнделікті өмірде небір түрлі істер атқарамыз. Оның бірінің пайдасы тиіп жатса,
Адамның уақытының берекесін қашыратын негізгі жеті фактор Адамның уақытының берекесін қашыратын негізгі
6. Бос әңгімелер Бос әңгіме жайлы сөз қозғалғанда тек қана бетпе - бет сөйлесулер емес, онлайн түрде орын алатын әңгіме - дүкен де қамтылады. Бұлар
Қабақ неге тартады? Қабақ неге тартады?
Кейде, көздің үстіңгі қабаты өзінен - өзі қимылдайтын бәрімізге белгілі. Егер бұл анда - санда болып тұратын қалыпты жағдай болса, онда бұл
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×