ойын сауық отауы
Салауат айтудың сыры
20.10.2020 1 188 0 Admin

Салауат айтудың сыры

Жалпы кеңес
Пайдалы кеңес
Салауат айтудың сыры
Салауат cөзі араб тілінде көп мағына береді. Дұға, намаз, береке деген мағыналарымен бірге Пайғамбарымызға Алла Тағаладан игілік тілеу мағынасында да жиі қолданылады.
Қасиетті Құранда: «Расында, Алла Пайғамбарға үнемі шексіз нығметі мен рақымын төгіп, күннен күнге мерейін өсіруде. Ал Оның періштелері болса, ол үшін үнемі игі тілек тілеп, дұға етуде. Уа, мүміндер! Ендеше сендер де оған шын жүректен салауат айтып, құрметпен сәлем жолдаңдар» делінген. Демек Алла елшісінің есімі аталса «Пайғамбар» немесе «Алла елшісі» деп, Мұхаммед пайғамбар меңзелсе «оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын» деп салауат айтуымыз қажет. Пайғамбарымыз: «Маған салауатты көп айтқан адам Қиямет күнінде маған ең жақын адам болады» деген.
Бүкіл әлемді дүрліктірген індет кезінде дініміз көрсеткен жолмен жүріп, барша пайғамбарлардың имамы, адамзаттың асылы, Ардақты Пайғамбарымызға көбірек салауат айтайық! Айтқан салауатымызды Алла Тағала қабыл етіп, баршамызды осы бір індеттен құтқарып, қайтадан мамыражай тіршілік орнап, құлшылығымызды алаңсыз атқарар күнге жетейік!

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Садақаның пайдасы жайлы білесіз бе? Садақаның пайдасы жайлы білесіз бе?
Ақырет күні садақа сая болып, пендені тозақ отынан арашалайды; Садақа Алланың ашуын жəне қабірдің ыстығын қайтарады;
Жайнамазды қадірлеу Жайнамазды қадірлеу
Бірде Иса (ғ. с.) пайғамбар намаз оқып тұрған Ібілісті көріпті. Астына жайнамаз төсеп алыпты. Иса (ғ. с): Әй, малғұн, сен намаз оқитын болғансың ба?
Дəретпен жүрудің пайдалары Дəретпен жүрудің пайдалары
Бір мүмин дәрет алу ниетімен бетін жуған кезде көзімен істеген күнәларының барлығы сумен бірге төгіледі. Қолдарын жуған кезде қолдарымен істеген
Қонақ құдайдың елшісі Қонақ құдайдың елшісі
Бір әйел кісі күйеуінің үйіне көп қонақ ертіп келетінін, соның себебінен қиындыққа тап болып қалатындығы жайында пайғамбарымызға (саллаллаһу әлейһи
Садақа берудің ең оңай тәсілі. Садақа берудің ең оңай тәсілі.
Кейде қанша жақсылық жасағымыз келсе де, қалтамыздан ақша шығарып, өзгелерге садақа беруге мүмкіндік тумай жатады. Мұндай жағдайда не істеуге болады?
Алланың өзі де рас, сөзі де рас Алланың өзі де рас, сөзі де рас
Алланың өзі де рас, сөзі де рас Рас сөз ешуақытта жалған болмас. Көп кітап келді алладан, оның төрті Алланы танытуға сөз айырмас.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×