ойын сауық отауы
Жаңа өмірді қалай бастаймыз?
21.10.2020 1 026 0 Admin

Жаңа өмірді қалай бастаймыз?

Жалпы кеңес
Білгенге – маржан
Жаңа өмірді қалай бастаймыз?
Кейде өмірімізде орын алып жатқан жағдайлар бізді күйзеліске ұшыратады. Ол армандардың орындалмауы, үміттің үзілуі, адамдармен түсіністіктің жоғалуы, т. б. болуы мүмкін. Сондай кезде "шіркін - ай, сиқырлы таяқша болса екен ғой... өмірді қайта бастаушы едім" деп қиялданамыз. Алайда, жаңа өмірді бастау үшін сиқырлы таяқшаның керегі жоқ.

1. Қазіргі өміріңізге сырт көзбен қарап, оның қандай екенін қағаз бетіне жазыңыз. Тек жақсы жақтарына ғана емес, өзіңізге мүлде ұнамайтын жақтарына да көңіл бөліңіз. Тіпті, қағазды екіге бөліп, бір жағына өзгеріссіз қалдыруға болатын, ал екінші бағанға өзгерісті талап ететін нәрселерді тізіңіз. Жаңа өмірді бастамас бұрын қазіргі өміріңіз қандай екенін жақсы білуіңіз керек.

2. Ендігі қадам, сізге осы өмірден не керек екенін анықтау. Ол үшін "мен дүниеге не үшін келдім?", "маған қандай нәрсемен айналысқан ұнайды?", "не нәрсемен айналысқанда мен өзімді жақсы сезінемін?", т. б. сұрақтарға жауап беру керек. Көптеген психологтардың адамдарға ұсынатын жақсы әдістерінің бірі – 10 жылдан кейін сіздің өміріңіздің қандай болатынын елестету. Бұл жерде өмірдің әрбір қырына мән беру керек: 10 жылдан кейін қай қызметте боласыз? Қай жерде тұрасыз? Қандай нәрсемен айналысасыз? Бұның бәріне нақты жауап беру керек. Бұл сіздің жаңа өміріңіздің жоспары десе болады.

3. Жаңа өмірдің жоспарын құрғаннан кейін, оған жетуге көмектесетін мақсаттар қою керек. Мақсаттар уақыт мерзімі бойыша шектеулі болғаны дұрыс. Мысалы, сіз 10 жылдан кейін өзіңізді бизнесмен ретінде көрсеңіз, оның қандай бизнес болатынын анықтап алу керек. Оны бөлек мақсат ретінде жазып қойған дұрыс: бизнестің концепциясын 2 айдың ішінде анықтау. Ал егер бизнестің идеясы дайын тұрса, онда "2016 жылы ЖШС ашу" деген мақсат қойса болады. Дәл сол сияқты, салмақ тастағысы келетін адамдар "2016 жылы 5 кг салмақтан арылу" деген мақсат қойса болады. 

4. Жаңа өмірдің жобасы мен жоспары дайын болса, енді ескі өмірмен қоштасуға кірісейік. Алдымен, өзіңіз тізіп жазған жағымсыз әдеттерге көз жүгіртіп, сізге ең көп кедергі келтіретін әдетті анықтаңыз. Ол жалқаулық болуы мүмкін, адамдарға "жоқ" деп айта алмау болуы мүмкін. Анықтап алғаннан кейін, одан құтылу жолдарын қарастырыңыз. Бұл жерде нақты бір дұрыс шешім болмайды. Түрлі адамдарға түрлі әдістер әсер етеді. Әлеуметтік желілердегі мақалаларды, психологиялық кітаптарды оқыңыз. 

5. Ескі әдеттерден арылу үшін өзіңізге ережелер тізімін жазып алсаңыз болады. Оларды бұзуға болмайтынын есте сақтаңыз. Психологтар бұл жерде де жақсы кеңес береді. Ережелерді бұзбау үшін өзіңізді мотивациялау керек. Мысалы, "бір апта бойы ерте жатып, ерте тұрсам, сүйікті мейрамханама барып, ұнаған тағамға тапсырыс беремін" деген мотивацияны қолдансаңыз болады. Ескі әдеттерді өзгерту ауадай қажет екенін ұмытпаңыз.

6. Жаңа адамдармен араласыңыз. Бізді қоршаған адамдар біздің өмірімізге, мінез - құлқымызға қатты әсер етеді. Көп жағдайда біз оны байқамаймыз. Сондықтан, сізді алға жетелейтін адамдарды тауып, солармен көп уақыт өткізуге тырысыңыз. Оларды таныстарыңыздың көмегімен іздеп, немесе әлеуметтің желілерде тауып, парақшаларына жазылып, араласып көріңіз.

7. Алдыңызға қойған мақсаттарға сай кітаптар оқыңыз. Ол табысқа жету жолдары, отбасын құру әдістері, немесе түрлі психологиялық кітаптар болуы мүмкін. Керек жерлерін қағазға жазып отырыңыз. Немесе ережелер тізіміне қосып қойыңыз.

8. Уақытты бағалаңыз. Әлеуметтік желілерді тек керек кезде қолданған дұрыс. Уақытты үнемдеу үшін, өзіңізге лимит қойыңыз. Мысалы, күніне 1 сағаттан артық емес.

9. Басқа адамдарды да, өзіңізді де кешіріп үйреніңіз. Көп жағдайда өткен реніжтер алға қарай жылжуға кедергі болады. Бейсаналы түрде өзімізге өзіміз шектеулер қойып жатамыз.

10. Күн сайын өзіңізге есеп беріңіз. Жаңа мақсаттар, ережелер, шектеулер, жоспарлар құрып алып, ескі әдеттеріңізді тастамасаңыз, жаңа өмірдің ескі өмірден ерекше болуы екі талай. Концентрация қажет. "Бүгін өмірімді өзгерту үшін не істедім?" деген сұрақты ұйықыға кетер алдында өзіңізге қоюды әдетке айналдырыңыз.
әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Танысуға арналған сайттар тізімі Танысуға арналған сайттар тізімі
Дәл қазіргі күні өмірді интернетсіз елестету қиын.
Ән салу күйзелістен құтқарып, өмірді ұзартады Ән салу күйзелістен құтқарып, өмірді ұзартады
Күн сайын ән салу күйзелістен құтқарып, өмірді ұзартады екен. Музыка әлемді әрлендіреді. Ол адамды ауру мен күйзелістен құтқарады.
Өмірді болжау мүмкін емес Өмірді болжау мүмкін емес
Баяғыда бір кеме апатқа ұшырап, жалғыз қалған адамды толқын елсіз бір аралға әкеп тастапты. Кемедегі барлық адам суға кетіп бір ғана адам тірі
Өмір қандай тәтті едің, қанша қатал, қанша қатыгез болсаң да, мен сені шексіз сүйемін! Өмір қандай тәтті едің, қанша қатал, қанша
Мен өмірді шексіз сүйем, өйткені бір жанға керек екенімді білемін.
Жақсы көру Жақсы көру
Өмірің таңдай болса арайлаған, қатыгез қараулыққа жолай ма адам? Біреуді жақсы көрген қандай жақсы - нұрланып кетеді екен бар айналаң!
Жақсы өмір сүргісі келетін жандардың назарына Жақсы өмір сүргісі келетін жандардың назарына
1. Мүлдем кері кеткен істерді де байқап көр. 2. 20 минутқа ерте тұрыңыз. 3. Барлық кештерге және жиналыстарға 10 минутқа ерте барыңыз.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×