ойын сауық отауы
Біздің ең үлкен қателігіміз осы жерде екен ғой
25.10.2020 1 004 0 Admin

Біздің ең үлкен қателігіміз осы жерде екен ғой

Жалпы кеңес
Пайдалы кеңес
Біздің ең үлкен қателігіміз осы жерде екен ғой
Біз Алладан бірдеңе сұраймыз, бірақ сенімсіздікпен, селқостықпен...
Ішімізде бірдеңе: «әй, енді ертең орындала қалады дейсің бе, бірақ әйтеуір сұрай берейінші» деп тұрады. Себебі, ол нәрсенің әйтеуір бір керек екенін білеміз.
Ал негізі...
Негізі біз Құдайдан осы нәрсе міндетті түрде орындалады деп 100% сенімді түрде сұрауымыз керек. Неге дейсіз бе?
Себебі, сіз мұны анаңыздан, ағаңыздан не көршіңізден сұрап тұрған жоқсыз ғой? Сіз мұны бүкіл әлемнің Иесінен сұрап тұрсыз. Олар адам болған соң, сізге «жарайды» деп алып, бір сағаттан кейін ұмытып кетуі мүмкін. Не ауырып қалып, сізге берген уәдесі жайында қалуы мүмкін. Адам болған соң ұмытады, қателеседі. Ал Алла ше?
Алла ешқашан ауырмайды ғой?! Алла ештеңені ұмытпайды, еш нәрсені қаперінен тыс қалдырмайды. Алла бір секунд та қалғымайды, мүлде ұйықтамайды.
Ол сіздің жағдайыңызды көріп тұр, айтқандарыңызды естіп тұр емес пе?
Олай болса, ең алдымен Алла туралы ойымызды түзейікші.
Іштегі кірді қашырса,
Адамның хикмет кеудесі, -
деп Абай айтқандай, жүрегіміздегі лас ойлардан арылайықшы. Сөзсіз, Алла бізге қиыншылық қаламайды, жеңілдік қалайды. Ол тәубе еткен құлдарының тәубесін қабыл етіп, сұрағанын береді. Қайғыға батқан пендесінің жүрегіне тыныштық сыйлап, оны жұбатады. Себебі, құдси хадисте Алла Тағаланың Өзі былай деген:
«Менің құлым Мен туралы қалай ойласа, Мен сондаймын. Егер ол Мен туралы жақсы ойда болып, жақсылық күтсе, Мен оны оған беремін. Ал Мен туралы жаман ойлап, жамандық күтсе, оны да оған беремін». Ибн Хиббан (2/405), Ахмад (9065)

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Әйеліңіздің мінезі сіздің оған деген қарым - қатынасыңызға тікелей қатысты Әйеліңіздің мінезі сіздің оған деген қарым -
Сізді ренжіткен адамдарды кешіріңіз. Ал ренжіген адамдарға барыңыз. Жамандық жасаған жандарға жақсылық жасаңыз. Сонда арыңыздың алдында таза боласыз.
Мінезіңдегі аурулардан құтыл Мінезіңдегі аурулардан құтыл
Ауру тек денеде ғана болмайды, мінезде де бар. Егер біреуден жаман мінез көрсең, оған шипа сұрап дұға қыл. Оған жабысқан кеселден сені сау қылған
Шәкәрiм атамыздың нақыл сөздері Шәкәрiм атамыздың нақыл сөздері
Ауру тек денеде ғана болмайды, мінезде де бар. Егер біреуден жаман мінез көрсең, оған шипа сұрап дұға қыл. Оған жабысқан кеселден сені сау қылған
Біз қазақтар коронавирустан қорықпаймыз Біз қазақтар коронавирустан қорықпаймыз
2019 жылдың желтоқсан айында шығыс көршіміз Қытайдан басталған пандемия, наурыз айында қауіп біздің елге батыстан келді. Әлемнің экономикасы дамыған,
Қайғырма Қайғырма
Қара бұлттың қалай сейілетінін, қараңғылықтың ағарып таң ататынын, құйынның басылатынын көрмегенсің бе? Ендеше, сенің көріп жатқан қиындықтарың –
Алғыс дәметпе! Алғыс дәметпе!
Бір ауылда данагөй ақсақал өмір сүріпті. Одан ақыл сұрап жан - жақтан адамдар келіп тұрады екен. Күндердің бір күні әлгі қарияға көрші ауылдан бір
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×