ойын сауық отауы
Шәкәрiм атамыздың нақыл сөздері
20.10.2020 1 323 0 Admin

Шәкәрiм атамыздың нақыл сөздері

Бұл қызықты
Шәкәрiм атамыздың нақыл сөздері
? Ауру тек денеде ғана болмайды, мінезде де бар. Егер біреуден жаман мінез көрсең, оған шипа сұрап дұға қыл. Оған жабысқан кеселден сені сау қылған Аллаға мақтау айт. *[ШҮКІРЛІК]*
? Сырды сақтау шеберлігі жан дүниенің байлығын көрсетеді. Ішінде су тұрмайтын ыдыстың зияны секілді, сырды сақтай алмайтын адамның пайдасы кем. *[АМАНАТШЫЛДЫҚ]*
?Егер əр адам қасындағы кісінің жүрегіндегін көре алса, оған жаны қатты ашитын еді. Ішкі таразының əділдігіне көзі жетер еді. Сыртқы өлшемдердің алдамшы екенін терең түсінер еді. Іштарлық, қызғаныш, көрсеқызарлыққа ұрынбас еді *[ТЕРЕҢ ТҮСІНІК]*
? Құдыққа тас тастаған адам ол түбіне жетіп даусы естілгенше қарап тұрады. Сол секілді сені сөккен адамның көбісі жауабыңды күтеді. Ұстамдылықпен көркем мінез таныт. Өткізіп жібер. Құдық түпсіз екен деп ойласын. *[ТЕРЕҢ ТҮСІНІК]*
? Бəрін дұрыс жасауға қанша тырыссаң да сені қате түсінетін адамдардың табылары хақ. Əркімге бір жауап қайтарып өзіңді құр шаршатпағаның дұрыс. Дана ғұламаларымыздың бірі өзін сөккен кісіге былай деген екен: “Егер айтқаның рас болса, Алла мені кешірсін. Ал, өтірікші болсаң, Алла сені кешірсін”. *[БАЙСАЛДЫЛЫҚ]*
? “Маған кейде бір адам бір мəселе жайлы айтады. Мен оны ол тумастан бұрын естіп қойсам да оған құлақ саламын. Кейде, бірінші рет естіп тұрғандай күй көрсетемін”. Өзің онсыз да жақсы білетін нəрсе жайлы біреу əңгімелеп жатса, оның сөзін бөлмей, білетініңді білдіріп жүрегін жараламай, көңіл бөліп, құлақ салуың мінез - құлықтың аса көркемдігіне жатады. *[КӨРКЕМДІК]*
? Адамдар саған таңқалып жатса, оған масаттанып мақтанба. Себебі, олар сенің Алла жарыққа шығарған жақсы жақтарыңды ғана көріп жатыр. Ал, олар сенің Алла жасырған жаман жақтарыңнан хабарсыз болғанына шүкір де. *[АЛЛА КЕМШІЛІКТЕРДІ ЖАСЫРУШЫ]*
? Егер сөз шынымен жүректен шыққан болса, онда ол міндетті түрде жүрекке кіреді. Ал, ол тек тілден шыққан болса, құлақтан ары аспайды. *[ШЫНШЫЛДЫҚ]*
? Дұрыс нəрсені тез танып, жүрекпен түсініп, шынайы жанашырлықпен айтпасаң, ісің бекер. *[МЕЙІРБАНДЫҚ]*
? Адамдар сенің сыртыңа қарайды, Жаратушың ішіңмен, жан дүниеңмен бағалайды. Пенделер үшін сыртыңды ғана əдемілеумен əуре боп, ішкі əлеміңді ұмыт қалдырып, ластап алма. *[ТАҚУАЛЫҚ]*
? Кезінде “керең Хатим” деген ғұлама өмір сүрген екен. Бір күні оған бір кісі келіп, бір мəселе жайлы жауап сұрайды. Сол - ақ екен əлгі кісі байқаусызда жел шығарып қояды. Сол кезде Хатим естімегенсіп: Даусыңды жоғары көтеріп сөйлеші, дейді. Келген кісіге өзін керең секілді сездіртеді. Осылайша, басқалардың қателігінен құлағын тыйған ол – “Хатим керең” деген атпен тарихта қалған екен. *[КӨРКЕМ МІНЕЗ]*
? Көздер ұмытпасын десең, əдемі киін.
Көңілдер ұмытпасын десең, көркем мінезді бол. *[ІШКІ СҰЛУЛЫҚ]*
? Адамдардың біразы өміріңді сенен бірнəрсе үйрену үшін бақылайтын болса, басқа бір бөлігі қателіктеріңді теру үшін аңдиды. Екі топ та саған таң. Бірі махаббатпен, екіншісі іштарлықпен. *[ЗЕРЕК БОЛ]*
*Біреудің мінін көргенше,*
*Жамандығын тергенше,*
*Өз ойыңды мазалап,*
*Өз бойыңды тазалап,*
*Өзіңмен алыс өлгенше!*

Мінезіңдегі аурулардан құтыл Мінезіңдегі аурулардан құтыл
Ауру тек денеде ғана болмайды, мінезде де бар. Егер біреуден жаман мінез көрсең, оған шипа сұрап дұға қыл. Оған жабысқан кеселден сені сау қылған
Қадір түніне байланысты жиі кездесетін 7 сұрақ Қадір түніне байланысты жиі кездесетін 7 сұрақ
Қадір түні мүмкіндігінше ұйықтамаған дұрыс. Мақсат - тек ұйықтамай, ояу жүру емес, дұрысы дұға - тілек жасап, ренжіткен адамдарды кешіріп, намаз
Қытайдың ұлы ойшылы Конфуцийдің 30 қағидасы Қытайдың ұлы ойшылы Конфуцийдің 30 қағидасы
– Адам тумысынан жаман болып тумайды, оны жаман да, жақсы да ететін өскен ортасы, – дейді ол.
Ұрысқақ адам – өмірде жолы болмаған адам. Ұрысқақ адам – өмірде жолы болмаған адам.
Қазіргі заманда адамдардың дөрекі мінез танытуы таң емес. Автобус кондуктірінен бастап, сөмкесін арқалаған оқушыға дейін ауыр сөздер айтуға дайын
Сүйкімділік – дүниенің сұлулығы Сүйкімділік – дүниенің сұлулығы
Адам анадан сырт бейнесі, пішіні сұлу болып туылуы мүмкін, ал ішкі жан сұлулығы, өзінің мінез - құлқы, қылығы, ісі, басқа адамдарға қарым -
Білемін Білемін
Білемін: сүйем сүйсем әйтеуір құлап - талып, дүниенің барлығы жырақ қалып. Сені мен мен түсінер жай туралы көргенім жоқ ешкімге сыр ақтарып.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×