ойын сауық отауы
Тағылымды тәлім: Көзбояушылық
25.04.2022 1 051 0 Admin

Тағылымды тәлім: Көзбояушылық

Жалпы кеңес
Тағылымды тәлім: Көзбояушылық
Мешітте ешкім жоқ кезде келіп, намазға тұрады. Намазды әдеттегідей тездетіп бітіріп, ниеті басқа жұмыстарымен кету ғана. Екі рақатты тез оқып бітіргені сол еді, мешітке біреудің кіргенін естігендей болады. «Келген адам намазды тез оқығанымды көрсе, мен туралы жаман ойлап қалатын болды ғой» деп, қалған екі рақатын бар ынта мен назарын салып оқиды. Сәлемін беріп, намазын бітіреді. «Әдемі намаз оқыдым, келген кісіден ұят болмайтын болды» деп өзіне риза, басын есік жаққа бұрып қараса, есіктен оған адам емес, иесіз бір иттің қарап тұрғанын көреді. Намазды расында да әдемі оқыды, бірақ онысын жалғыз көрермені болған ит үшін оқығанын түсінеді.
Құнды сурет
Атақты көркемөнер орталығы болып саналатын Еуропаның бір қаласында кішкентай бала әдемі бір туындыны көреді. Көркемөнердің бұл туындысы өте қымбат екені түсінікті. Бала сурет тұрған витринаның алдында суреттен көзін ала алмай ұзақ тұрады. Ақшасы жетпейтін болған соң, қимай кетеді. Қанағат деп жеген - кигенін азайтып, бір жылда аздап ақша жинайды. Бір жылдан кейін жүгіріп дүкенге қайтып келеді. Суреттің әлі сатылмағанын көріп қуанады да, дүкенге сеніммен кіріп суреттің авторына «Сіз жазған суретті ағамның туған күніне алғым келеді. Ақша жинап келдім. Суретті маған сатыңызшы», - деп бір уыс ақшасын суретшіні алдына төгеді.
Суретші біраз ғана ойланып, суретті әдемі қағазға орап, оны сұрап тұрған балаға сатады. Бала қуанышын жасыра алмай, алғысын айтып, сыртқа шығады. Дүкенде болған басқа суретшілер таңданып: «Есің дұрыс па?! Ол жұмысың миллионға кетер еді. Неге су тегінге саттың?» - деп сұрап еді, суретші: «Иә, бұл суретті көп адамға миллионға не одан да қымбатқа сата алар едім. Алайда солардың ішінен бұл суретті сатып алу үшін бір жыл бойы жиған ақшаның бәріне бере алатын қанша адам шығар еді?»

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Тағылымды тәлім: Оқыту жақсы көруден басталады Тағылымды тәлім: Оқыту жақсы көруден басталады
Бір профессор социология факультетінің студенттерін Балтимор қаласының кішкентай бір ауылына жібереді. Сондағы тапсырма – ол ауылда тұратын 200 ер
Тағылымды тәлім: Тапқырлық Тағылымды тәлім: Тапқырлық
Хазреті Хасан мен Хусейннің бала кезі болатын. Олар өз қатарластарымен бірге бұлақ басында ойнап жүрген еді. Бір уақытта олардың жанына бір қария
Тағылымды тәлім: Ұқыптылықтың көрсеткіші Тағылымды тәлім: Ұқыптылықтың көрсеткіші
Исмаил Бухари Әз - Пайғамбардың хадистерін жинауға өмірін арнап, жаңа хадис есту немесе жазып алу үшін дала кезіп, апталап - айлап жол жүрген кездері
Шұғылалы шартарап: Уиттиер қаласы Шұғылалы шартарап: Уиттиер қаласы
Аляскада таңқаларлық әдемі жерде кішкентай қала бар, бірақ ерекше тарихы және қиын тағдыры бар. Қазіргі жағдайда оның бүкіл халқы 220 адамнан тұрады,
8 наурызға арналған өлең 8 наурызға арналған өлең
Әйел деген ән салғанда әдемі, Әлденеге тамсанғанда әдемі. Қимай ғана қоштасқанда әдемі, Қуанышпен қарсы алғанда әдемі.
Ұрысқақ адам – өмірде жолы болмаған адам. Ұрысқақ адам – өмірде жолы болмаған адам.
Қазіргі заманда адамдардың дөрекі мінез танытуы таң емес. Автобус кондуктірінен бастап, сөмкесін арқалаған оқушыға дейін ауыр сөздер айтуға дайын
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×