Тағылымды тәлім: Оқыту жақсы көруден басталады
Жалпы кеңес
Тағылымды тәлім: Оқыту жақсы көруден басталады
Бір профессор социология факультетінің студенттерін Балтимор қаласының кішкентай бір ауылына жібереді. Сондағы тапсырма – ол ауылда тұратын 200 ер баланың мінез - құлқын зерттеп, әрбір баланың келешегі жайлы өз тұжырымын жазу болатын. Тапсырманы орындап келген студенттердің берген бағасы бір болды – балалардың ешбірі «адам» болатын емес.
25 жылдан кейін, социология пәнінен басқа бір профессор осы зерттеу жұмысты тауып, өз студенттеріне жобаны жалғастырып, жобадағы балалар тұратын ауылға барып, балалардың қандай адам болып өскенін қарап келуін тапсырады. Студенттер ол ауылдан көшіп не болмаса қайтыс болған 20 шақты баладан басқасының бәрін тауып алады. Қалған 176 баланың бәрі де керемет жетістіктерге жетіп, адвокат, дәрігер, бизнесмен болғанын көреді.
Профессор қатты таңқалып, 25 жыл бұрын зерттеу нәтижелерінің неліктен қате болғанын білгісі келеді. Ержеткен балалардың бәрі әлі сол ескі ауылдарында тұрғаны үшін, ол жерге барып әрқайсысымен жеке - жеке сөйлескісі келеді. «Кішкентай кездеріндегі қиын шарттарға қарамастан, жақсы адам болып өстіңдер. Жетістіктеріңді қалай түсіндірер едіңдер?» сұрағына бәрінен де бірдей жауап алады: «Ауылымыздың мектебінде бір мұғаліміміз бар еді. Бәрі де соның арқасы».
Профессор мұғалімді тауып алып, онымен де сөйлескісі келіп үйіне дейін барады. Бетін әжім басқан құрметті ұстаздан жасөспірімдерді көшенің теріс әсерінен қалай құтқарып, олардың жақсы азамат болулары үшін қандай тәрбие көрсеткенін сұрайды.
Ұлағатты ұстаздың көздерінен мейірім төгіліп, күлімдеп қана: «Оп - оңай» дейді. «Мен ол балалардың бәрін жүректен шынайы жақсы көрдім».
әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Өміріміздегі 1 мен 0 - дер
Физмат факультетінің бір профессоры бір күні студенттеріне өмірлік бір сабақ үйрету ниетімен тақтаға үлкен 1 санын сызады да, студенттеріне қарап:
Тағылымды тәлім: Тапқырлық
Хазреті Хасан мен Хусейннің бала кезі болатын. Олар өз қатарластарымен бірге бұлақ басында ойнап жүрген еді. Бір уақытта олардың жанына бір қария
Тағылымды тәлім: Ұқыптылықтың көрсеткіші
Исмаил Бухари Әз - Пайғамбардың хадистерін жинауға өмірін арнап, жаңа хадис есту немесе жазып алу үшін дала кезіп, апталап - айлап жол жүрген кездері
Тағылымды тәлім: дұға күші
Имам Ғазали былай деген екен: «Төрт нәрсені жасамай, төрт нәрсені айтып жүрген кісі – өтірікші!» Кімде - кім жаннатқа барғысы келетінін айтып, ешбір
Өмір сүру пәлсапасы
Ағылшын Richard Wilkins “Mentai Tonic” атты кітабында өмір сүру пәлсапасының негіздерін тізіп жазады. Солардан бірнешеуі: Нағыз өзгеру – ескі
Қыз баланың сұлулығы
Қыз баланың сұлулығы иманында, Бойына жақсы қасиет жыйғанында, Анасының атына кір келтірмей, Тәрбиемен ортаға сыйғанында.