ойын сауық отауы
Жаңа жылдық сыйлықты алдын ала дайындап қойған дұрыс
25.12.2022 5 961 0 Дауыл

Жаңа жылдық сыйлықты алдын ала дайындап қойған дұрыс

Бұл қызықты
Жаңа жылдық сыйлықты алдын ала дайындап қойған дұрыс.

Уақыттың зымырап өтіп жатқаны соншалық, көптен күткен жаңа жыл мерекесі де келіп жеткелі тұр. Жаңа жылда туыстарыңыз бен достарыңызды және сүйіктіңізді қандай сыйлықпен қуантсам екен деп бас қатырып жүрген болсаңыз бұл мақаланың сізге көмегі тиеді деп ойлаймын. Ендеше келе жатқан 2023 қоян жылында қандай сыйлық тарту еткен жөн, осы туралы айтамыз.

Сыйлық дайындау үшін мерекенің келіп жеткен уақытын күтудің қажеті жоқ. Сыйлықты мерекеге дейін дайындап қойған жөн. Кімге қандай сыйлық жасайтыныңызды анықтап алу керек.
Туыстарыңызға, достарыңызға, сүйіктіңізге қандай сыйлық түрін жасау керек екенін білу үшін шығыс күнтізбесінің көмегіне жүгінеміз. Келе жатқан 2025 жыл жасыл жыланға тиесілі болғандықтан. Қай түсті таңдау керек екенін өзіңіз де сезіп отырған боларсыз.

Ата - анаңызға қандай сыйлық жасау керек?
Суретімен қарау

Қытай күнтізбесі бойынша 2025 жылдың символы-жасыл ағаш жылан. Бұл жануар шығыста күшті, даналықты, шыдамдылықты, үйлесімділік пен тепе-теңдікті, жаңару мен жандануды білдіреді. Жасыл жылан-өсу мен дамудың, сондай-ақ сәттілік пен өркендеудің символы. Қытай мәдениетінде жылан құнарлылықпен, денсаулықпен, ұзақ өмір сүрумен және рухани өсумен де байланысты. Биылғы жылы көптеген адамдар өз мақсаттарына жетуге мүмкіндік алады, егер олардың жаны өзгерістер мен өзгерістерге ашық болса. Жыл бізге өмірдегі тепе-теңдікті табуға және үйлесімді тұлға болуға көмектеседі.

Жылан зиянсыз жануар дей алмаймыз. Бауырымен жорғалаушымен ойнамаған дұрыс, өйткені сіз бұл үшін опық жеп қалуыңыз мүмкін. Біз сол мінез — құлық стратегиясын символдық жыланмен қарым-қатынаста таңдаймыз: біз өзімізді ұстамды және абыроймен ұстаймыз, бірақ қорқынышқа жол бермейміз-содан кейін 2025-тің иесі бізге жағымды болады. Алдағы жылды бейнелейтін жылан сіз ойлағандай агрессивті емес: ол әлі де жасыл, бұл тыныштықтың түсі, ол оң энергияны алып жүреді. Ағаш-материал жылы, икемді. Бұл жыл иесінің мінезіне келеді.

Сыйлық алушы – кофеге әуес болса кофеге арналған ерекше шыны аяқ сыйласаңыз тіпті тосын сый болады.
Егер әкеңіз көлік жүргізетін болса, көліктің салонына керекті керек - жарақтар сыйлауға болады. Массажды кілемше жүргізуші орындығына төсеуге арналған, ауаны тазартқыш, көлік ішінде ілінетін сөмке, кілт ілетін салпыншақ т. б.

Қоян– ұқыпты болып есептеледі, көп таңдау жасауды қаламайды. Анаңызға әдемі сөмке, әкеңізге былғарыдан тігілген белдік пен былғары әмиян сыйласаңыз, бұл да таңдаулы сыйлық болып есептеледі.
Ата - анаңыз зергерлік бұйымнан да бас тарта қоймас. Анаңызға әдемі алқа, әкеңізге әдемі жеңілгек сыйласаңыз (запонка) тосын сый болмақ.
Егер сыйлық алушы әшекейлік бұйымдарды ұнататын болса сәнді күміс сақина тарту етуге де болады.
Ең жақсы сыйлық бұл – кітап екенін есте сақтаған жөн. Егер сіздің ата - анаңыз кітапқұмар жандар болса, олардың қандай кітап сатып алуды жоспарлағанын біліп алған дұрыс. Мүмкін, қызықты журналға жазылуды қалап жүрген болар, қалауын орындасаңыз жақсы сыйлық болады.
Әлде, отбасылық суреттерді жинайтын сапалы фотоальбомды қалайтын болар.

Ата - әжеңізге қандай сыйлық жасау қажет?
Көбіне үлкен кісілер сыйлықтың пайдалы түрлерін құп көреді, күнделікті қолданысқа қажетті заттар болғаны дұрыс: төсек жаймалары (комплект постельного белья), сүлгі, әдемі ыдыс аяқ, тұрмыстық техника, жылы көрпе немесе жамылғы.
Қазақ халқы үшін басқа тартатын орамалдың орны ерекше сондықтан әжеңізге арнап жылы түбіт орамал немесе сәнді жұқа орамал, жылы кеудеше сыйлауға болады.
Торт салуға арналған тәрелке мен торт салғыш күрекше сыйлаңыз, бұл анаңызға немесе әжеңізге жақсы сыйлық болады.
Мереке қарсаңында ауру туралы ойлағың келмейді, алайда денсаулыққа көңіл бөлмеуге тағы болмайды. Қарт әжеңіз бет атаңызға сыйлық аларда денсаулық туралы бірінші кезекте ойлайсыз. Сондықтан, медициналық құрал - саймандар сыйға тарту орынды. Массаж жасау құралы, қан қысымын өлшейтін құрал т. б. Сіздің қамқорлығыңызды түсінбей қалмас үшін, медициналық құралдарды тек жақын адамдарыңызға сыйлауға болатын ескерткім келеді.

Інілеріңіз бен сіңлілеріңізге не сыйлау қажат.
Інілеріңізге, сіңлілеріңізге сыйлық таңдағанда олардың жасы қаншада екенін ескеру қажет. Олардың таңдауын таба білу қиын сондықтан таңдауды өзі жасау үшін ақша берген дұрыс, өз қалауына жұмсайды. Егер сыйлық аламын деп шешсеңіз: заманға сай құлаққап, ыңғайлы былғары сөмке тамаша сыйлық болады.

Жасөспірім қыздарға ашық түсті, көзге түсерліктей заттардан – мойын орағыш, қолшатыр, сөмке, косметикалық заттар сонымен қоса әртүрлі зергерлік бұйым түрлерін сыйлау керек.
Ыңғайлы әрі былғарыдан тігілген сума жақсы сыйлық болады.

Жасөспірім жігіттерге негізінен: телефон, қол сағат, әмиян, сөмке сыйлау керек.
Егер жас жігіт спортпен шұғылданатын болса, жаттығу құрылғысын, бокс қолғабын немесе бокс тұлыбын (боксерская груша) сыйлауға болады.

Кішкентай балақайларға не сыйлауға болады?
Әрине, ең алдымен ойға келетіні – жұмсақ ойыншықтар. Есте сақтаңыз, басқалардың сыйлығымен сыйлығыңыз бірдей болып қалмас үшін ерекше сыйлық таңдауға тырысыңыз. Қыздарға арнап қуыршақ, ыдыс - аяқ жиынтығы, ұл балаға – машина т. б. сыйлауға болады. Жылы бас киім сыйлауға да болады.

Естияр балаларға арнап кітапша, шығармашылық дамыту құралдарын, білім беретін ойыншық, түрлі - түсті қарындаш т. б.
Мектепке қажетті құрал-саймандарды салып қоятын қорап жақсы сыйлық болады.

Кішкентай балаға тек сыйлық сыйлап қана қоймай, қыдыруға алып шығуға болады. Мысалы, қуыршақ театры, Жаңа жылдық ертеңгілік ұйымдастыру Жаңа жылдық шырша, Аяз ата мен Ақшақардың қатысуымен т. б.

Достарыңызға қандай сыйлық жасаған дұрыс?
Қоян саяхатты қаламайды. Сондықтан ағаштан және шыныдан жасалған кәдесыйлар тарту етуге болады. Егер жақын араласатын достарыңыз болса, әдемі жеміс салғыш (фруктовница), торт салуға арналған ыдыс немесе шам (люстра, светильник), шам қойғыш сыйлауыңызға болады.

Сүйіктіңізге қандай сыйлық жасау қажет?
Жаңа жылдың романтика мен ғажайыпқа толы болғанын қалайсың, сондықтан сүйіктіңізді қуанту үшін қиялыңызға ерік беріңіз.
Ханымдар үшін келер жылға сәйкес келетін тастармен жасалған зергерлік әшекей бұйымдар сыйлау орынды есептеледі. Мысалы, лағыл (рубин), анартас (гранат), жылтыр тас (опал), ақық (сердолик).
Сонымен қоса ханымдар үшін хош иісті иіссу – тамаша сыйлық болып есептеледі. Хош иісті иіссудан бас тартатын қыз - келіншек жоқ шығар.
Түрлі тәттілерден әдемі гүл шоғын жасап ерекше сыйлық жасауға болады. Бұл сіздің сүйіктіңіздің көңілінен шығады деп ойлаймын.
Романтикалық саяхат жасауға міндетті түрде шекара асып, алыс елге шығу қажет емес. Өз елімізде жақсы демалыс орнына демалу билетін алып берсеңіз дұрыс болады. Дәл қазір ең танымал сыйлық ретінде сұлулық салонына немесе жаттығу залына жазылу билетін алып беру жақсы сыйлық болады.

Ер азаматыңызға сыйлық таңдағанда әуесқойлығын ескерген жөн. Егер ер азаматыңыз салауатты өмір салтын ұстанатын болса яғни спортпен шұғылданатын болса спорттық костюм сыйлауға болады.
Сонымен қоса, электронды кітап, жаңадан шыққан фильм дискілерін және шахмат сыйға тартуға болады.
Егер компьтермен жұмыс жасайтын болса ноутбук сөмкесін, клавиатура тазалайтын шаңсорғыш компьютерге керекті заттар сыйласаңыз қуанып қалады деп ойлаймын.
Киім - кешек, иіссу – бұлардың барлығы керек заттар екенін барлық қыз - келіншектер біледі деп ойлаймын. Бұл сыйлықтардың қай - қайсысын сыйласаңыз ер азаматыңызды әбден қуантасыз.
Ер - азаматтар бала секілді, кейде түкке қажеті жоқ желкенді қайық үлгісін сыйласаңыз да қатты қуануы мүмкін.

Келе жатқан қоян жылында жақындарыңызға ерекше қайталанбас сыйлық тарту етіп қуантып тастайсыз деп ойлаймын. Іске сәт!

Дайындаған: Асыл

Махаббат, сезім жайлы 30 сұрақ Махаббат, сезім жайлы 30 сұрақ
Есіңде мәңгі сақталып қалған қошемет сөз (комплимент) қандай? Сен әдетте ұйықтар алдында не туралы ойлайсың?
Жаңа жыл - 2019. Доңыз жылының басты ерекшелігі Жаңа жыл - 2019. Доңыз жылының басты ерекшелігі
Еңбекқорлық – Доңыз жылының басты ерекшелігі.
8 наурызға қандай сыйлық жасайсыз? 8 наурызға қандай сыйлық жасайсыз?
8 наурыз әйелдер мерекесінде гүл шоқтары әдемі сыйлық екені бәріне мәлім, алайда гүл шоқтарын ғана сыйға тартсаңыз аздап ыңғайсыз болады, өйткені
Жаңа жыл келгенге дейін жасап үлгеруге тиіс кейбір істер туралы Жаңа жыл келгенге дейін жасап үлгеруге тиіс
Желтоқсан айының соңғы аптасы жақындаған сайын, қарбаласқа толы болатыны бәрімізге белгілі
Ер азаматтарға қандай сыйлық жасаған дұрыс Ер азаматтарға қандай сыйлық жасаған дұрыс
Мереке сайын жақындарыңызды қуантып сыйлық сыйлау сыйлықты алушыға да сыйлаушыға да қуаныш сыйлайтыны рас.
Қонақ күту ережелері Қонақ күту ережелері
Қонақ күту – кез - келген үй бикесі үшін нағыз сынақ. Қонақтардың көңілінен шығарлықтай дастархан жайып, ас пісіру, дастархан жабдықтарын дайындау,
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×