ойын сауық отауы
Жұлдызнама - қыздар үшін (қан тобы бойынша)
30.08.2015 9 213 0 Admin

Жұлдызнама - қыздар үшін (қан тобы бойынша)

Бұл қызықты
Қыздар
O (I) қан тобындағы нәзік жандар ақкөңіл, қиялшыл, нағыз романтик, үнемі өз идеалын іздейтін жандар. Достықты бағалай біледі. Гүлдер мен жануарларды ерекше ұнатады. Өте сезімтал және әсерленгіш келеді. Олар оңай күліп сондай-ақ оңай жылап қалуы мүмкін. Оптимист және көпшіл, басқалармен тез тіл табысады, көмекке әрдайым дайын тұрады. Сондықтан достары және әріптестері бұл қасиетін жоғары бағалайды. O (I) қан тобындағы қыздар жеке даралық қасиетін жоғары бағалайды бірақ, олар өздеріне ұқсас адамдардың компаниясында болуды ұнатпайды. Олар өздеріне ұнайтын және ұнамайтын адамдарды екі топқа бөліп тастайды. Бірінші ұнайтын адамдарымен оңай байланысқа түседі де, екінші топтағы ұнамайтын адамдарын ескермей байланысты тез үзіп тастауға тырысады.

A (II) қан тобындағы нәзік жандар сыпайы, байсалды, ұстамды болып келеді. Тік әрі қатал мінезге ие болғанымен де көбіне батылдығы жетпей жатады. Айналасындағылардың көңіл-күйін тез аңғарады, басқалардың проблемаларын шешуді ұнатады. Сондықтан бітімгерші ретінде көрінеді. Осы мінезінен өзі туралы айналасындағыларға қате пікір қалыптастырады. Олар тым ұяң болып келеді, сол себепті эмоциялық қасиетінен көрсете алмайды. Оларға өз пікірін білдіруді үйрену қажет және өздерінің шынайы сезімдерін көрсетуге қорықпау керек. Бұл қан тобындағы қыздар асқан шыдамдылық пен төзімділікке ие, соның арқасында олар өзінің іштей күйзелісін ешқашан көрсетпейді. Олар адамдарға жүре - жүре әбден үйренісіп алған соң сыр ашуы мүмкін.

B (III) қан тобындағы нәзік жандар әдетте өз дегенімен және өз жолымен жүреді. Көңіл-күйі үнемі бір орында емес, әрдайым құбылмалы және сол сәттегі көңіл-күйге сәйкес шешім қабылдайды. Сондықтан, қоршаған ортасы көбінесе олардың сөздері мен іс-әрекеттеріне бірізділік жетіспейді деп санайды. Шындығында, таныстары бір қиындыққа тап болып қалған жағдайда әрдайым көмекке келуге дайын тұрады. Олардың көңілінің бостығы сонша сөйлесіп отырған жанның қиыншылығына ортақтаса отырып жылап алуы да ғажап емес. Құбылмалы көңіл-күйінің әсерінен сөйлесіп отырған адамын ұмытып кетіп, қасындағы серігі жайына қалуы да мүмкін, басқа нәрсеге ойы оп-оңай ауысып кетеді. Оларды осы қасиетіне қарай айналасындағылар суық қанды тұлғалар қатарына жатқызады.
Бір жағынан бұл қан тобындағы жандар ашық жарқын әрі көңілді болып келеді. Олар әзіл - оспақты жақсы түсінеді, осы қасиеті ер адамдармен тіл табысуда да пайдасын тигізеді. B (III) қан тобындағы жандар нақты кіммен қарым - қатынас жасау ұнайды, кіммен ұнамайды ажырата біледі. Өзіне ұнамайтын адамдарымен қарым - қатынас жасауға тырыспайды да.

AB (IV) қан тобындағы нәзік жандар жан - жақты болып келеді. Олардың айналысатын сүйікті ісі яғни хоббиі көп, оның барлығы өте қызықты. Бұл қан тобынан талантты адамдар көптеп шыққан. Табиғатынан нағыз еріктілер десе де болады, кез келген тапсырманы қабылдауға дайын. Бірақ кейде бүкіл ауырлықты өз мойнына аламын деп басқаларға қысым жасай бастайды оны өздері түсінбей жатады. Сондықтан әр қадамын аңдап басқаны дұрыс. Табиғатынан өте мейірімді жақсы адамдар болып келеді. Қасындағы құрбылары үшін олар сіңлі ретінде көрінсе, жігіттерге мүлде жұмбақ жан ретінде көрінеді. Бірақ өте сақ болу қажет, тыныш жатқан көлде жын мекендейді дегендей. AB (IV) қан тобындағы қыздар өте бірбеткей. Олар өте тез ашуланады, өзіне бір нәрсе ұнамай қалса серігін ренжітіп алуы да ғажап емес, сол мінезінің арқасында тіпті ол жақын досын да жоғалтып алуы мүмкін. Негізінен бұл қан тобындағы жандар шынайы сезімін жасырады, мүмкін, сондықтан да болар жағымсыз эмоциялары жиналып келіп жанартау секілді жарылуы мүмкін. AB (IV) қан тобындағы нәзік жандарға уайым - қайғысын жақын адамдарымен бөлісуді үйрену қажет шығар.

Жұлдызнама ер-жігіттер туралы

Мен жақсы адаммын ба? (мотивация) Мен жақсы адаммын ба? (мотивация)
Мотивация - Мен жақсы адаммын ба? - Әрине, сен өте жақсы адамсың.
Торпақ жұлдызындағы ер-азаматтар мінезінің құпия тұстары. Торпақ жұлдызындағы ер-азаматтар мінезінің құпия
Прагматик Торпаққа (20 сәуір – 20 мамыр) туылғаннан іскерлік, еңбекқорлық тыңғылықтылық қасиеттер тән. (прагматик дегеніміз - іс жүзінде пайдалы
Қыз-келіншектердің мінезін туылған айына қарай анықтау Қыз-келіншектердің мінезін туылған айына қарай
Қаңтар. Бұл айда дүниеге келген қыз-келіншектер төзімді келеді. Сондай - ақ ер мінезді болып келеді.
Балықтар Балықтар
Барлық жұлдыз белгілерінің ішінде балықтан жұмбақ жұлдыз белгісі жоқ.
Арыстан Арыстан
Арыстан жұлдызында туылған жандар әрдайым көпшіліктің назарында болуды қалайды. Той - томалақ, думанды кештерде екі көзі күлімдеген, жайбарақат,
Жұлдызнама - ер адамдарға арналған Жұлдызнама - ер адамдарға арналған
Жұлдызнама - ер адамдарға арналған (қан тобы бойынша) O (I) қан тобындағы жандар өз - өзіне сенімді жандар. Олардың алға қойған мақсаты бар,
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×