ойын сауық отауы
Қазақ халқының астрономиялық білімдері
15.10.2020 1 718 0 Admin

Қазақ халқының астрономиялық білімдері

Бұл қызықты
Халық күнтізбесі
Қазақ халқының астрономиялық білімдері
Ескілікті түсініктер бойынша дүниенің төрт негізі – от, су, ауа, топырақ, жеті ғаламшар дегені – Күн, Ай және ерте кезде белгілі болған бес үлкен ғаламшар (бірақ бұл ғаламшарлардың көне түрікше атаулары келтірілмеген). Зодиактың 12 шоқжұлдызы былай тізілген: Қозы, Уд, Ерентұз, Қучық, Арыслан, Бұғдай башы, Үлгү, Чадан, Йа, Оғлақ, Көнек, Балық. Бұлар парсы, араб тілдеріндегі өздеріне сәйкес атауларды тікелей аудару жолымен жасалған. Уд – торпақ, Ерентұз – егіз балалар, Қучық – су шаяны, яғни рак, Буғдай башы – бидайдың басы немесе бидайдың масағы, Үлгү – таразы, Чадан – шағатын шаян немесе бүйі, Йа – мерген, жақ атушы, садақшы, арабша – қауыс, Оғлақ – ешкінің лағы, қазір Ешкімүйіз делінеді. Зодиак үйірлері ертеде ай есебінде де қолданылған, олар арқылы айтылатын айлар «жұлдыздар» делінген. Жыл қозы жұлдызынан басталып отырған.
Бес үлкен ғаламшар қазақша былай аталған: Меркурий – Кіші Шолпан, Венера – Шолпан, Зура, Зұһра, керуен жұлдызы, Өмір зая, Тұл қатын, Марс – Қызыл жұлдыз, Юпитер – Есек қырған, Сатурн – Қоңырқай жұлдыз. Венера мен Юпитер жайында көптеген аңыз, ертегілер бар. Шөлді жерлерде күндізгі ыстыққа ұрынбас үшін, керуеншілер Шолпан туа жүріп кетіп, күн ыси бастағанда көліктерін шалдырып, демалатын болған. Сондықтан Шолпан Керуен жұлдызы деп те аталған. Ол әрдайым таң алдында туады. Юпитер іңірде де, түн ортасында да, таң алдында да тууы мүмкін. Ол да Шолпан сияқты жарық «жұлдыз». Ертегі бойынша ертедегі ортаазиялық саудагерлер қателесіп, Юпитер көрінгенде Шолпан туды деп асығып, жүктерін есектері мен түйелеріне қомдап артып, жүріп кетеді. Тынығып үлгермеген көліктер тез бодырады, бірақ көпке дейін таң атпайды (өйткені керуеншілердің көрген жарық жұлдызы Шолпан емес, түн ортасы болмай туған Юпитер екен). Ақыры оты мен суы жоқ шөл далада түйелер шыдайды да, есектер тып - тыйпыл болып, қырылып қалады. Аңыз бойынша «Есек қырған» атауы осыдан шыққан. С. Е. Маловтың жасаған сөздігіне қарағанда ғаламшарды ежелгі түріктер «нысан» деген. «Еңлік - Кебек» трагедиясында Нысан - абыз – өз тұсында аспанды бақылаушы, жұлдызшы болуға тиіс. Нысанбай, Нысаналы сияқты кісі аттарында кезедесетін түбір осы «нысан» болар. «Планета» терминін қазақ тілінде тұңғыш рет ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров (1893 - 1920) қолданған.
Астрономия мен күнтізбеге қатысты материалдар қазақ әдебиетінің басқа жанрларында да кездесіп отырады. Айталық, С. Аманжолов құрастырып, 1940 жылы бастырып шығарған қазақ жұмбақтарының жинағында 52 астрономиялық жұмбақ бар. Ертегілер де көп.
Бұл келтірілген деректерден қазақ халқының ертеде өз шаруашылығы мен тұрмысына сай бірталай астрономиялық білімдері болғандығын көреміз. Олар – «сырттан алынған», «көрші елдерден үйренген» білімдер емес, өмір талаптарынан туған, еңбекші халықтың қалың ортасында қалыптасқан, ғасырлар сынынан өтіп, бізге жеткен білімдер, біздің ұлттық мұрамыз, мәдени байлығымыздың бір саласы.
Қазақ халқы, оның шаруашылығы, өнері мен білімі, әдет - ғұрыптары жөніндегі нақты деректер біздің тұңғыш ғалымымыз Шоқан Уәлихановтың (1835 - 1865) еңбектерінде көріне бастады. Ш. Уәлихановтың «Қазақтардың космологиялық түсініктері», «Тәңірі», «Ұлы жүз қазақтарының аңыздары» т. б. көлемді ғылыми мақалаларында халқымыздың Әлем жөніндегі түсініктері, астрономия саласында практикалық білімдері, күнтізбесі баяндалады. Жасы отызға жетпей дүние салған ғалым өзі жақсы білген мәселелердің де көпшілігін жазып үлгере алмай кеткен. Алайда оның тындырып кеткен ісі де аз емес.
Көрнекті ғалым, педагог Х. Ә. Әбішевтің бұл бағыттағы еңбектері де орасан зор.

жиған - терген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Байырғы қазақ күнтізбесіндегі айлардың жүйелері Байырғы қазақ күнтізбесіндегі айлардың жүйелері
Шілде – жылдың бесінші айы, жаз ортасы. «Шілде» атауының екі мағынасы бар. Бірі – «қырық күндік уақыт кесіндісі», екінші – «отыз күндік азаматтық ай».
Байырғы қазақ күнтізбесіндегі айлардың жүйелері Байырғы қазақ күнтізбесіндегі айлардың жүйелері
Қазақ тіліндегі кісі аттары да зодиак таңбаларының ел өміріне сіңісіп кеткендігін көрсетеді. Айталық, Қамал, Сәуірбек, Әсет, Мизами, маусымжан т. с.
Байырғы қазақ күнтізбесіндегі айлардың жүйелері Байырғы қазақ күнтізбесіндегі айлардың жүйелері
Зодиактың сызбалық суретінде жұлдыздар мен айлардың осы күнгі сәйкестігі көрсетілген. Онда Күн орталықта орналасқан, ішкі шеңбердің бойында Жердің әр
Халық күнтізбесі: Байырғы қазақ күнтізбесіндегі айлардың жүйелері Халық күнтізбесі: Байырғы қазақ күнтізбесіндегі
Бақылаушыға көрінетін орындарына қарай жұлдыздар 88 үйірге бөлінген. Бұл үйірлер, яғни жұлдыз топтары, шоқжұлдыздар деп аталады.
Байырғы қазақ күнтізбесіндегі айлардың жүйелері Байырғы қазақ күнтізбесіндегі айлардың жүйелері
Әлбетте, қазақ халқы құрала бастағаннан бері айлардың төрт жүйесі қолданылған. Олар: тоғыс айлар, зодиак айлары, азаматтық айлар және араб айлары.
Қазақ халқының астрономиялық білімдері Қазақ халқының астрономиялық білімдері
Жұлдыз түркі халықтарында былай аталады: татарша – юлдуз, башқртша – йондуз, туваша – зылдыз, якутша – зұлыс, әзірбайжанша – ұлдыз, қырғызша –
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×