ойын сауық отауы
Ерте кезде наурыз қалай мерекеленген?
13.03.2017 1 401 0 Дауыл

Ерте кезде наурыз қалай мерекеленген?

Бұл қызықты
Ерте кезде наурыз қалай мерекеленген?
Егіншілікпен байланысты наным мен ғұрыптар тарихының тамыры көне дәуірге кетеді дедік. Бұлар адамдар коллективінің шаруашылық қызметінің аса маңызды өмірлік саласы – егіншіліктің дүниеге келуімен бір мезетте шыққан. Адамдардың басқа да шаруашылық қызметіндегі сияқты егіншілікті әдеттен тыс күштің құдіреті, аграрлық жұмыстық жебеушісі, тәңірдің ісі деп түсіндірілген. Орта Азияда егін салу иран тілді отырықшы халықтар ортасында пайда болып, дамығандықтан егіншіліктің қамқоршысы және дихандардың бірінші үйретуші ұстазы мифтік кейіпкер – қасиетті Бобой Дехкан деп саналған. Түрік тілдес халықтар оны Баба Дайкан, Диқан - баба деп атап, қауымдық жерлерді, суармалы жерлерді ескіше пайдаланып отырған кезеңде оған табынған. Қазақ егіншілері де Диқан - бабаға жалбарынып, егіншілік жұмысы басталған сәтте сиынатын.
Орта Азия халықтары мен қазақтардың екінші бір табынатын, пір тұтатын қасиетті Қыдыр еді. Ол байлықты үлестіруші, жолы болуға жақсылық тілеуші деп түсіндіріледі. Кейбір жерлерде Диқан - баба мен Қыдыр бірдей аталады. Адам атаны диқанның жебеушісі деу кейінгі кезде шыққан, ислам дінінің ықпалымен айтылған болуы керек.

Наурыз мейрамына әзірлік
Ерте кезде Наурыз туғанша адамдар қыстап шыққан үй - жайын тазалап, кебеже, сандықтарын, жүк аяқтарын сүртіп, көрпе - жастықтарын, кілем, текеметтерін сілкіп, көң - қоқыстарын далаға шығарып, әбігерге түсетін. Ағаш, гүл егетін. Қазақстанның оңтүстігінде оған қосымша табиғаттың тұңғыш тартуы қызғалдақты атап өту рәсімі болған. Құдықтар мен арықтарды тазалау, көктемгі егістікке пайдаланар құрал - саймандады әзірлеу де мереке алдындағы атқарылар алуан істің қатарында саналған. «Наурыз» таза үйге кірсе, үй ішіне ауру - сырқау, бәле - жала жоламайды деген ұғым ұялаған.
Қазіргі кезеңде де мерекеге әзірлікті осындай деңгейде өткізіп, оған қоғамдық мән берген орынды. Барлық көшелерді, алаңдар мен гүлзарларды сыпырып, тазалап, тәртіпке келтірсе нұр үстіне нұр. Бұл үшін, әрине, арнайы сенбілік ұйымдастырса құба - құп. Мереке алдында кімнің ауласы таза, үйі ұяға айналған деген өзіндік бір байқау жасаса да артықтық етпейді.

Ұлыстың ұлы күні келгенше әрбір ауыл - село, қала, мерекелік түрге енуі қажет. көше бойлары мен гүлзарлар айналасына мерекеге қатысушыларға ізгі тілек білдірілген ұрандар, плакаттар, паннолар ілінеді.

«Той десе, қу бас домалайды» демекші, мерекеге бәрі - бәрі әзірленуі тиіс. Ере адамдар ақ көйлек пен жаңа ұлттық киім, әжелер басына күндік, келіншектер бүрмелі ақ торғын көйлек пен қынамалы камзол, бойжеткендер етегі бүрмелі қызыл көйлек, қызыл камзол киеді. Туған - туысқандар мен жақындарына сыйлық дайындайды.

Ерте кезде бойжеткен қыздар жігіттерге жаңа сауған уызға соғымнан қалған ет қосып, «Ұйқыашар» деп аталатын ерекше тағам пісірген. Мұның сыры көп. Тамақ бозбалаға күш бітіріп, сүйіспеншілік сезімін оятады, табиғат біткен түлеп жатқанда Ұлыстың ұлы күні ұйықтап қалмасын дегені. Өз кезегінде жігіттер қыздарға айна, тарақ, және иіссудан тұратын «Селтеткізер» деп аталатын сыйлық ұсынатын. Мұндағы айна – пәктік пен жастықтың, тарақ – әдемілік пен сұлулықтың, иіссу – бүршігін жаңа жарған жауқазындай құлпырудың, жайнай түсудің символы.

Мереке алдында әрбір үйде ақ дастархан жайылып, үсті неше түрлі дәмді тағамдарға толады. Көршілерге дәм татқызу үшін өз өңірінде өндірілетін өнмідерге (тары, бидай, жүгері, күріш, дәндері) ет, тұз, май салып, «наурыз көже» дайындайды. Мұның екінші бір түрі де бар. Жеті түрлі азық - түлік: ет, тұз, май, пияз, бидай, құрт, ірімшікті қосып көже пісіреді.

Әрине, «Наурызды» қарсы алуға әзірлік әр жерде әр түрлі ғұрыптық, салттық элементтермен толықтырылуы мүмкін. Ол жергілікті дәстүрлер мен жағдайларға, сондай - ақ ұйымдастырушының ұтымдылығына да байланысты.

Мереке мәзірі
Әдетте, мереке таң шапағын қарсы алудан, «Бұлақ көрсек – көзін аш» деп аталатын көне ғұрыптан басталады. Қолдарына кетпен, күрек ұстаған еркектер мен әйелдер, жастар алдын ала келісілген жердегі арық жағасына, бұлақ басына барып, көзін «ашады». Ал қарттар болса, жастарды ертіп алып, ағаш, гүл отырғызумен айналысады. «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын!», «Бір тал кессек, он тал ек!» деген нақылдар осыған орай айтылғаны белгілі. Бұл сөздер жазылған маталады, тақтайшаларды ағаш отырғызушылар жүрген жерге іліп қойған дұрыс деп санаймыз.
Мерекені ұйымдастырушылардың ұйғаруына қарай мұндай жылы лебіздерді ойын - сауық үстінде де жеткізуге болатын сияқты.

Наурыз мейрамы құтты болсын! Наурыз мейрамы құтты болсын!
Баршаңызды Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Наурыз – іргесі сөгілмес бірліктің берекесі, ырысы төгілмес тірліктің
Айдаһар Айдаһар
АЙДАҺАР. Қазақ ертегілік - мифтік дәстүріндегі зұлым құбыжық, демон. Оның "аждаһа" түріндегі синонимі де бар. Айдаһар атауы өзімізге кеңінен танымал
Айбөкен Айбөкен
АЙБӨКЕН. Аты шартты түрде ғана аталып отырған ертегілік образ. Ертегіде "ол айға шабамын деп мерт болған". Сондай - ақ "ол адам жейді" деп айтылады.
Су, егіншілікке қатысты ырым - тыйымдар Су, егіншілікке қатысты ырым - тыйымдар
Су – өмір тірегі. Су бар жерде – ну бар. Бұлақты жер – құрақты жер, деген даналық сөздер бекер айтылмаса керек. Тіршіліктің өзі алғаш суда пайда
Диқан, егін туралы мақал - мәтелдер Диқан, егін туралы мақал - мәтелдер
Диқан, егін туралы мақал - мәтелдер Ексең егін ішерсің тегін Арпа егіп, бидай орамын деме. Бақпаса мал өспейді, Баптамаса егін өспейді.
Наурыз парасаты Наурыз парасаты
Айналаңнан жаңа көктем лебі ескен, Бұл кезеңде күн менен түн теңескен. Сан ғасырлық ата - баба салтына Көпір болған Наурыз өзің емес пе ең?!
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×