ойын сауық отауы
Айша бибі. Қазақ тарихындағы әйелдер
22.04.2017 3 243 0 Дауыл

Айша бибі. Қазақ тарихындағы әйелдер

Бұл қызықты
Қазақ тарихындағы әйелдер
Айша бибі.
Айша бибі шамамен 11 - 12 ғасырларда өмір сүрген. Әкесінің есімі – Айғожа. Қараханидтер әулетінің негізін қалаған Қараханның қалыңдығы. Айша бибіге қатысты ел аузында сақталған аңыз желісі төмендегідей болып келеді: «Айша бибі еліне сапарлап келген Қараханмен жүздесіп, бір - бірін ұнатады. Алайда тұтқиылдан елін жау шапқанын естіген Қарахан дереу еліне аттанады. Уәделі кезде хабар болмаған соң, алаңдаған Айша бибі күйеу жігіт еліне барып, бір хабарын білейін, аман болса алдыңызға келіп ақ батаңызды алып қосылармыз деп, әкесінен рұқсат сұрайды. Бірақ қыз әкесі келісімін бермейді. Үш рет өтініп, меселі қайтқан Айша бибі 40 қыз жолдас ертіп, Қараханның еліне өз бетімен аттанады. Айша бибі Қараханның мекені Тараз қаласына өз іздеп бармақ болып, қасына күтушісі баба әже қатынды ертіп, жолға шығады. Бірнеше күн жол жүріп, Таразға жетеді.
Қаланың төбесі көрінгеннен кейін өзеннің жағасына тоқтап, сол арада суға түсіп, шаң тозаңнан арылып, біраз дем алуға тоқтайды. Күтуші ас жабдығына кіріседі. Салқын суға шомылып, денесі сергіп шыққан Айша бибі күтушісі ас әзірлегенше дем алмақ болып, арнайы өзіне төселген төсенішке келіп жатады. Сүйіктісінің ауылының төбесін көріп көңілі жайланған, енді аз уақыттан кейін онымен кездесетінін ойлап, тәтті қиял бесігінде тербеліп жатып, маужырап ұйықтап кетеді. Осы ұйқыдан оны даланың улы жыланы шағып оятады. Денесін у жайлап, тынысы тарылып бара жатқан Айша бибі дереу Қараханға хабар бергізеді. Қарахан тәуіптерін, молдасын алып жеткенде ару қыз ісіп кеуіп екі дүниенің арасында жатыр екен. Қарахан молдаға екеуінің некесін қиғызады. Содан кейін ол қызды қолын алып, жаны үзіліп бара жатқан Айшаның құлағына: «Айша, сен енді бибі болдың!» деп үш рет айқайлапты. Ханның өлі қызбен неке қиысқаны одан бұрын да, кейін де тарихтан кездеспейді. Қайғырып, қан жұтқан Қарахан сүйген жарының денесін аулап жерлеп, басына әсем күмбез орнатады.
Жауын шайып, жел мүжіп, уақыт өз белгісін салғанымен бір - бірін шынайы сүйген ғашықтардың махаббатының өшпес белгісіндей болып, сол күмбез әлі тұр Тараз қаласының іргесінде. Халық Айша бибіні әулие санатына қосып, табынады. Айша бибі хикаясын зерттеген тараздық журналист Б. Әбілдаев «Айша бибі» деген пьесасын жазды.
Ешбір жауының алдында иілмеген батыр тағдырдың алдында бас иіп, Айша бибі қайтыс болған жерге мазар тұрғызады. Қарахан батыр сүйгенінің жанында болу үшін Айша бибінің қасынан өзіне де мазар салдырады. Өмірінің соңына дейін ақ киім киіп, Айша бибі мазарында түнейді. Жаратқанға жалбарынып, кешірім сұрайды. Осы адалдығы үшін халық оны есіне сақтаған. Ал бұл жер «Әулие ата» деп аталып кеткен.
Айша бибі кесенесі ХІІ ғасырда Жамбыл облысы Жамбыл ауданында Тараз қаласынан 18 шақырым жерде тұрғызылады.
Қазір мемлекеттік дәрежедегі архитектуралық ескерткіш.
«Кесенені өңдеу үшін Қазақстанның ертеректегі андрон, сақ тайпаларының геометриялық, зооморфты митві бар ою - өрнектері пайдаланылған. Төрт бұрышында батпан тіреуіші бар. Оның қайла салынғандығы жайлы тарихты нақты деректер жоқ. Алайда, халқымызда Айша бибінің сүйген жігітіне деген махаббатын баяндайтын аңыз бар. Ол аңыздың 28 нұсқасы сақталған. Жоғарыда сол аңыздың 1 нұсқасы келтірілген. Алғаш Айша бибі кесенесін 1893 жылы орыс археология Василий Бартольд зерттеген. 2002 жылы кесене мен оның айналасындағы саябақты ретке келтіру жұмыстарын жүргізу үшін Нинан Рамето сайланған».
Кесененің жалпы көлемі 7, 6 х 7, 6 метр. Кіру есігі шығыс бөлігінде орналасқан. Ал керегесі 80 сантиметр қалыңдықтағы 3 қабаттан құралған. Бұдан өзге кірпішінде 60 түрлі ою - өрнек түрі пайдаланылған.

Ақтолыс ана. Қазақ тарихындағы әйелдер Ақтолыс ана. Қазақ тарихындағы әйелдер
Есімі ел аузында сақталған көріпкел және емші. Есім ханның замандасы Жарылқамыс батырдың інісі Жалаңның зайыбы.
Бабаджа – Хатун. Қазақ тарихындағы әйелдер Бабаджа – Хатун. Қазақ тарихындағы әйелдер
Бабаджа - Хатун кесенесі Айша бибі мазарының жанында орналасқан. Бұл кесене де ХІ - ХІІ ғасырлардағы сәулет ескерткіші болып саналады.
Қарашаш ана. Қазақ тарихындағы әйелдер Қарашаш ана. Қазақ тарихындағы әйелдер
Қарашаш ананың шын аты – Айша бибі. Ол шейх Мұсаның қызы, Қожа Ахмет Иассауидің анасы болған. Айша бибі өзінің қарапайымдылығымен, сыпайылығымен
Ерекше қыз есімдері мағынасымен Ерекше қыз есімдері мағынасымен
НАҒИЗА - иран тілінен — әдемі, сұлу, көркем. НАҒИМА - араб тілінен алынған нагімә — мейірімді, жарқын, инабатты; биязы, нәзік, жұмсақ.
Бағила...... Бүлдіршін Бағила...... Бүлдіршін
Бағила...... Бүлдіршін БАҒИЛА - араб тілінен алынған бахи - мәңгілік, өмірлік, берік, тұрақты, мәңгі жасаушы. БАҒЫМША - араб тілінен алынған бақ, бах
Жиі қойылатын есімдер Жиі қойылатын есімдер
Статистика агенттігінің мәліметінше, былтырғы жылы дүние есігін ашқан 3500 астам сәбидің есімі азан шақыртылып Ерасыл қойылыпты. 4300-ге жуық қыз
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×