ойын сауық отауы
Ақшаңыз көбейсін десеңіз!
19.05.2017 17 656 0 Дауыл

Ақшаңыз көбейсін десеңіз!

Бұл қызықты
Ақшаңыз көбейсін десеңіз!
Егер ақшаңыз көбейсін десеңіз төмендегі кеңесімізге назар аударыңыз.
Адам өмірін ақшасыз елестету мүмкін емес, арманыңды іске асыру жолында қаржының жетіспеушілігі оңай тимейді, тіпті кейбір жандар ақшаның жетіспеушілігінен тығырыққа тіреледі. Кейбіреулер жұмысының көптігі соншалық өзінің жеке өміріне қарауға уақыты жоқ, алайда одан табысының көбейіп жатқаны шамалы. Сондықтан да біз осы мақалада ақшаны өзіңе тартудың жолын қарастыратын боламыз.

1. Егер сіз ақшаңыздың көп болғанын қаласаңыз, онда сіз үнемі қымбат заттар сатып алу туралы ойлаңыз. Ол туралы жиі ойлаңыз және сатып алатыныңызға сенімді болыңыз. Уақыт өте келе, қиялыңыз шындыққа айналуы ғажап емес.
2. Саяхат жасау, демалыс орындарына баруды ойлаңыз, сонда үйіңізге мол табыс пен қоса сәттілік келеді. Демалуды жоспарлау қаржы шақырудың ең тиімді жолы болып есептеледі екен.
3. Егер сіз отбасыңызда қаржы жетіспеушілігі болмасын десеңіз, «ақша жоқ», «ақша жетпейді»,- деген тіркестеді айтпағаныңыз жөн. Өйткені адам не айтса сол болады. Жұмысқа көңіл толмау, айлықтың түкке жетпейтінін айтып шағымдану бұл ең басты қателік екен. Кез келген адам осылай шағымдана отырып, теріс энергияны өзіне тартып, сәттілікті кері тебуі мүмкін.
4. Ақша туралы көп ойлаңыз. Отбасында қаражат туралы сөз болғанда, сізде ақшаның көптігі соншалық тіпті арманыңыздағының бәрін сатып алатындай күйді елестетіңіз. Олай дейтінім, ақша белгілерін жиі қайталау табыс шақырады деген де сенім бар.
5. Мол табыс табатыныңызға сенімді болыңыз. Ол үшін нақты мақсат қойыңыз, сонда оған жету үшін талпына бастайсыз. Әр жеткен жетістігіңізден кейін тоқтап қалмаңыз.
6. Кейде мол табыс пен сәттілік шақыратын дұға жазылған тұмардың да пайдасы бар. Сондықтан ондай тұмарды үйге іліп қою зиян болмайды.

Әмияныңыз босап қалмасын десеңіз.
1. Үйден шығарда қалтаңыз бос шықпасын. Сауда жасау ойыңызда болмаса да, әмиянды бос алып жүрмеңіз. Азын - аулақ ақша салып қойыңыз.
2. Қаржы саласында жұмыс істейтін мамандардың нанымы бойынша бір купюраны шетел валютасымен ұстаған жөн, айналадағылардың назарын аудармас үшін оны әмиянның көрінбейтін бөлігіне салып қойған жөн. Бұл да ақша шақырудың бір жолы.
3. Әмияныңызда аздаған тиын - тебеніңіз қалса да оған бола мазасызданудың керегі жоқ. Өйткені, ақша «күйгелек, жылауық» адамның қолына түскісі келмейді. Сол себепті қолда барға қанағат етіп, разы болуы керек.

Мол қаржы мен сәттілік шақыратын түс.
Мол қаржыңыз болсын десеңіз ең алдымен ақшаны қайда сақталуы мен бірге әмиянның түсі де басты рөл атқарады. Сәттілік пен ақша тартатын түстер:
Қара;
Қоңыр, қоңырқай түстердің бәрі;
Сарғыш;
Сарғылт;
Алтын түстес;
Күміс түстес.

Тағы бір тартымды түс қызыл – бұл барлық істерде сәттілік әкеледі және қажетті ақша сомасының үнемдеуге көмектеседі өте жарқын және еліктірер түс болып табылады. Шын мәнінде ақша тартатын түстер алуан түрлі, бастысы ол барлық адамға ұнамды түс болғаны жөн. Әминның түсін дұрыс таңдаумен бірге ол табиғи материалдан жасалғаны жөн.
Бастаған ісіңіз алға бассын, бай болыңыз!

Дайындаған: Жадыра.

Баланың түнде ұйқысы тыныш болсын десеңіз... Баланың түнде ұйқысы тыныш болсын десеңіз...
Баланың түнде ұйқысы тыныш болсын, шошымасын десеңіз, төмендегі кеңестерге назар салыңыз: ▪ Ең алдымен, үйде тыныштық сақтаңыз. Теледидардың даусын
Ақшаны қалай жинауға болады? Қарапайым кеңестер. Ақшаны қалай жинауға болады? Қарапайым кеңестер.
Ақшаны қалай жинауды үйрену – көпшіліктің арманы, алайда қолдан келе бермейтін іс екені аян. «Ертеңге» қалдырудың сан алуан сылтаулары бар, тіпті
Ақша үнемдеудің 5 құпиясы Ақша үнемдеудің 5 құпиясы
Мәселенің маңыздысы – қанша ақша табуда емес, оны қалай жұмсауыңызда. Көп адамдардан еститінім: - мен ақшаны үнемдей алмаймын, - деп жатады. Расында,
Қиялыңдағыдай байлыққа кенелу Қиялыңдағыдай байлыққа кенелу
Егер мен мол табыс табатын мамандық түрін таңдағанымда бай болар едім. Шындығында: Миллионерлер әрбір салада бар. Кез келген саладан пайда табуға
Ақша туралы қысқа жазбалар Ақша туралы қысқа жазбалар
Әйелдер ақшаны ақылмен жұмсайды. Нәтижесінде: ақыл да жоқ, ақша да жоқ.
Өзіңді жақсы көру және бағалай білудің қарапайым және тиімді тәсілдері Өзіңді жақсы көру және бағалай білудің қарапайым
Адам өзін бағалай білмесе, өз мүмкіндіктері мен бойындағы күшке және тартымдылығына деген сенімсіздік пайда болады. Бұл мәселе адам өмірін қияндатады.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×