ойын сауық отауы
Кедей адам болудан қорықпа, сараңдықтан қаш!
18.11.2018 4 184 0 Дауыл

Кедей адам болудан қорықпа, сараңдықтан қаш!

Бұл қызықты
Кедей адам болудан қорықпа, арзан адам болудан қорық!
Бір күні жас жұбайлар бірге тамақтанып отырады. Бір кезде үйінің есігін біреу қағыпты. Әйел есікті ашып қараса, бір кедей кісі нан сұрап келіпті. Әйел нан беріп жатқанда, күйеуі айқайлап: “Мен жұмыс істеп ақша таптым, ол да солай істесін, қуып жібер!” дейді. Әйелі ештеңе деместен, есікті жабады. Күндердің бір күнінде олардың шаңырағы шайқалып, ажырасады.
Бір жылдан кейін әйел басқа адамға тұрмысқа шығады. Сол жарымен түскі ас ішіп отырғанда, есікті біреу қағады. Есікті ашып қараса, бір кедей кісі нан сұрап тұр екен. Олар оны тамақтандырады. Сосын күйеуі әйелден “Неге көңіл күйің түсіп кетті? Сен оның кім екенін білесің бе?” – деп сұрайды.
– Кім?
– Менің бұрынғы күйеуім.
– Ал менің кім екенімді білесің бе?
– Кім?
– Сол кездегі нан сұрап келген кедеймін.
– Жер дөңгелек, дүние кезек…
- Кедей адам болудан қорықпа, сараң болудан қорық!
Дереккөзі: elana. kz

Кедей мен данышпан Кедей мен данышпан
Бір күні жоқшылықтан жадап - жүдеген бір кедей көпті көрген дана қартты жолықтырып: Айтыңызшы, мен неге осындай кедей болып туылдым екен? – деп
Жаңа жылға арналған тілек Жаңа жылға арналған тілек
«Денсаулық, сен біреу емессің бе? Мыналар кім?»- деп таң қалыпты жақсы адам. Сонда: «Денсаулық болған соң, біз де боламыз ғой міндетті түрде» деп,
Әмиян тауып алған кедей жайлы Әмиян тауып алған кедей жайлы
Сіңірі шыққан кедей жігіт жолда келе жатып әмиян тауып алыпты. Ашып қараса әмиянның ішінде бір алтын теңге бар екен. Жігіт қуанып кетіпті де:
Кедейдің байды үнсіз жеңуі Кедейдің байды үнсіз жеңуі
Бір күні кедей жоқ қарап, қыр басына шығады. Түс әлеті болғанда атын байлап, түстенуге отырады. Дәл сол кезде оның қасына ауылдың байы жетіп келеді.
Сен жасаған жақсылық өзіңе қайтады! Сен жасаған жақсылық өзіңе қайтады!
Баяғыда бір әйел күнде таңертең ерте тұрып екі таба нан пісіреді екен. Бірін өз отбасы турап жесе, екіншісін көшедегі жай жүргіншіге үлестіреді екен.
Бай мен кедейдің арасындағы негізгі айырмашылықтар. Бай мен кедейдің арасындағы негізгі
Нағыз бай адам, бәрін жоғалтса да өзгермейді.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×