ойын сауық отауы
Адамды жұбата білу!
25.06.2017 2 281 0 Дауыл

Адамды жұбата білу!

Бұл қызықты
Адамды жұбата білу!

Құрбыңыздың, досыңыздың тіпті сізге бөтен адамның басына қайғы бұлты төнді. Сіз оған демеу білдіріп, жұбатқыңыз келеді, бірақ қалай дұрыс жұбатарыңызды білмейсіз. Қандай сөздер айту керек немесе айтпау керек? Адамды рухани қолдау дегеніміз не?
Қайғы бұл – жақын адамының қазасына деген адамның реакциясы.

Адам қайғыға душар болғанда уайымның 4 кезеңін бастан кешіреді:
Есеңгіреу кезеңі. Бірнеше секундтан бірнеше аптаға дейін жалғасады. Болып жатқан жағдайларға сенбеу, тас бауырлық, аз қимылдау, тәбеті жоғалу, ұйқының бұзылуын бастан кешіреді.

Қайғыру кезеңі. Алты - жеті аптаға созылады. Зейіннің төмендеуі, ойын жинақтай алмауы, есін жоғалту, ұйқысыздықпен бейнеленеді. Сонымен қатар адамды үрей басып тұрады, өзімен - өзі болуды жиі қалап, әлсіздікке душар болады. Асқазаны ауырып, тамағына тас тұрып қалғандай сезімде болуы мүмкін. Егер адам жақынын жоғалтып алса, бұл кезеңде ол қайтыс болған адамда мінсіз етіп, немесе керісінше, оған деген ашу - ызасын, ренішін немесе өкініш сезімін бастан кешіреді.

Қабылдау кезеңі. Жақын адамын жоғалтқаннан кейін бір жылдан соң іске аса бастайды. Ұйқы мен тәбетінің қайта қалпына келуімен, қазаны ескере отырып, алға жоспар құруымен бейнеленеді. Кейде адам бәрібір құлазиды, бірақ ондай сәттер сирек болады.

Қайта қалпына келу кезеңі. Қайта қалпына келу бір - бір жарым жылдан кейін басталады, қайғы мұңға айналып, адам қазаға байсалдырақ қарай бастайды.

Адамды жұбату қажет пе? Әрине. Егер жәбірленген адамға көмек қолын созбаса, бұл жұқпалы ауруларға, жүрек ауруларына, маскүнемдікке, қайғылы жағдайларға, күйзеліске әкелуі мүмкін. Рухани көмек аса қажет, сондықтан жақын адамыңызды барынша қолдаңыз. Онымен араласып, сырласыңыз. Адам сізді тыңдамайтын сияқты немесе назар аудармайтын сияқты көрінсе де – уайымдамаңыз. Уақыт келгенде, ол ризашылықпен сізді еске алатын болады.

Аса таныс емес адамдарды жұбату қажет пе? Егер бойыңызда адамды жұбатуға деген қажетті рухани күш пен көмектесуге деген ниетіңіз бар болса – міндетті түрде. Егер адам сізден қашпаса, айқайламаса – демек бәрін дұрыс жасап жатырсыз деген сөз. Егер жәбірленген адамға қажетті көмек көрсете алатыныңызға сенімсіз болсаңыз, ондай адамды жұбатыңыз.

Таныс пен аса жақсы таныс емес адамдарды жұбатуда айырмашылық бар ма? Жоқ деуге болады. Айырмашылық тек бір адамды жақсы танитыныңызда, ал екінші адамды онша танымайтыныңызда. Жанында болып, әңгімелесіңіз, ортақ іске кірістіріңіз. Көмекті аямаңыз, ол ешқашан артық болмайды.

Ең қиын екі кезеңде қолдау әдістерін қарастырып көрейік.
Есеңгіреу кезеңі
Сіздің әрекетіңіз:
• Адамды жалғыз қалдырмаңыз.
• Жәбірленушіге жақындап, қолынан ұстауға, қолыңызды иығына қоюға болады, жақыныңызды басынан сипап, құшақтаңыз. Жәбірленушінің реакциясын бақылаңыз. Сіздің жақындағаныңыз оған жаға ма, жақпай ма? Егер жақтырмаса – қинамаңыз, бірақ қасынан да кетпеңіз.
• Қайғы жұтып отырған адамның көбірек демалып, тамақ ішуді ұмытпағанын қадағалаңыз.
• Жәбірленушіні аса қиын істерге араластырыңыз, мысалы, жерлеу шараларын ұйымдастырудағы қандай да бір жұмыстарға.

• Тыңдаушысы болыңыз. Адам оғаш заттарды айтып, қайталанып, тақырыптан ауытқып, эмоциялы әсеріне қайта орала беруі мүмкін. Кеңес беру немесе ақыл айтудан бас тартыңыз. Мұқият тыңдап, нақтылап сұрап, оны түсінетініңізді жиі айтыңыз. Жәбірленушіге жай ғана ауыртпалығы мен уайымын әңгімелеуіне мұрша беріңіз – ол бұдан жеңілдеп қалады.

Сіздің сөздеріңіз:
• Қаза болған адам жайлы өткен шақта әңгімелеңіз.
• Егер қаза болған адамды танитын болсаңыз, ол жайлы жақсы естеліктер айтыңыз.

Айтуға болмайтын сөздер:
«Бұл орны толмас қаза», «Уақыт – емші», «Сен – мықтысың, бекем бол». Бұл сөздер адамға қосымша қайғы сыйлап, жалғыздық сезімін еселендіреді. «Азаптан арылды», «Оған осылай жеңіл», «Тезірек ұмыт». Мұндай сөздер жәбірленушінің уайым - қайғыға салуы мүмкін, өйткені осылайша сезімге бөленбеуге шақыратындай, жалпы қайғыны тезірек ұмыт дейтіндей естіледі.
«Сен әлі жассың, әдемісің, әлі тұрмыс құрасың/бала табасың». Мұндай сөздер адамның жүйкесіне тиюі мүмкін. Адам осы шақта жақынынан айрылып отыр, ол әлі одан айыққан жоқ. Ал оған армандауды ұсынады.
«Жедел жәрдем уақытында келгенде...», «Дәрігерлер тезірек қимылдағанда...», «Салғырттық танытпағанда...». Мұндай сөздер бос және ешқандай пайда әкелмейді. Біріншіден, жағдай шартты райға сай емес, екіншіден, мұндай сөздер күйініш сезімін арттырады.

Дереккөзі: mazhab.kz

Адамды тартымды етіп көрсететін қасиеттер Адамды тартымды етіп көрсететін қасиеттер
Кейбір жай қатардағы жігіт ерекше сұлуды қолтықтап бара жатқанда таңдана қарап қаламыз.
Ақылды адамның бойындағы 9 қасиет. Ақылды адамның бойындағы 9 қасиет.
Кейде, күтпеген жағдай орын алған сәтте оңай жол тауып кететін адам назарыңды аудармай кетпесі анық. Ондай адамды көргенде сүйсінеміз, қызығамыз
Адамға деген құрмет Адамға деген құрмет
Адамды құрметтей білу бұл – адамды өзіңе жақын тарту, жағымды қарым-қатынас сондай-ақ оның бойындағы адамгершілік құндылықтарға бас ию.
Шабыт қалай пайда болады? Шабыт қалай пайда болады?
Кейде адамның көңіл - күйі болмай тұруына байланысты немесе сәтсіздікке тап болған жағдайда, тіпті болмаса жалқаулықтың әсерінен адамның қолы іске
Адам өзін бақытты сезіну үшін...? Адам өзін бақытты сезіну үшін...?
Сонымен адамның бақыты өз қолында дегенге сенесіз бе?
Туған күнде ойнайтын ойын түрлері Туған күнде ойнайтын ойын түрлері
Бұл ойын түрі өте қызық. Барлық ойыншы өзінің не қалайтынын қағазға жазып, қағаздағы жазуы көрінбейтіндей етіп бүктеп, банкіге немесе аузы кең
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×