ойын сауық отауы
Күйеуіңіздің опасыздығын кешіре аласыз ба?
17.07.2017 3 557 0 Дауыл

Күйеуіңіздің опасыздығын кешіре аласыз ба?

Бұл қызықты
Күйеуіңіздің опасыздығын кешіре аласыз ба?
Дәл қазіргі уақытта «көңілдесі бар екен», «тоқалы бар екен», деген сөзге құлағымыз да үйреніп қалған сияқты. Бұл тақырыпта нені меңзейін - деп отырғанымды айтпай-ақ ұққан боларсыз.
Әйелі күйеуінің опасыздық жасап жүргенін білген сәтте, әйелге бұл оңай соқпасы анық. Өмірден баз кешіп, күйеуінен әбден көңілі қалуы мүмкін. Сүйіктісінің мұндай опасыздығын көріп тұрып, эмоцияға ерік бермеу, кез келгеннің әйелдің қолынан келе қоймас. Ондай кезде әйел өкпе-реніш пен қатар қорқыныш және кінәлі сезінеді. Өзі кінәлі ме әлде күйеуі кінәлі ме, байыбына бара алмай әбден шатасып бітеді. Мұндай сәтті қалай өткеруге болады?

Егер әйелдерге «Күйеуінің опасыздық жасауы деген не?» деп сұрақ қойсаң, олардың көпшілігі: махаббат пен сенімділіктің жоғалуы, шаңырақтың шайқалуы, деп түсіндіреді. Алайда, арамызда некені бұзбай, отбасыны сақтап қалу үшін жағымсыз сезім мен эмоцияға берілмейтін келіншектерде де бар. Шаңырағын шайқалтпай, сақтап қалу үшін күш жігерін аямайды.
Опасыздық – ауыр сынақ, оны бастан кешіру оңай емес.

Уақыт – емші.
Уақыт бәрін өз орнына қояды. Болған уақиғамен күресу үшін өзіңізге біраз уақыт беріңіз. Ашу - ыза үстінде яғни эмоцияның әсерімен асығыс шешім шығарсаңыз, соңы жақсылыққа апармасы анық. Өкпе тарқап, ақыл орнына түскен кезде, сүйіктіңізбен ажырасамын,- деп теріс шешім шығарғаныңызға өкініп қалуыңыз мүмкін.
Ең дұрысы, уақыт оздыру адамның ашуы басылып, эмоцияның жетегінен шыққан соң, сабыр сақтай отырып дұрыс шешім шығарады.

Көңілдесімен өзіңді салыстырма.
Салыстыру – әйелдің өзін бағалауына жасалған ауыр соққы болып есептеледі. Егер күйеуінің көңілдесімен әйел өзін салыстыратын болса, өзін бағалау дәрежесі төмендейді және депрессияға әкеліп соғады, сондықтан бұл өте маңызды. Негізі еркектер көңілдес әйелдің ақылдылығына немесе сұлулығына қызығып бармайды. Сондықтан салыстыру – ақымақтық.

Опасыздықты қалай өткеру керек?
Ең алдымен ойыңызды жинақтап сабырға келіңіз, өйткені депрессияның соңы жақсы болмайды. Одан да ойыңызды бөлетін бір іспен шұғылданыңыз. Жаттығу залына барыңыз немесе жақсы әуен қойып, билеуге болады, қимыл-қозғалыс демалуға және көңіл-күйді көтеруге жақсы көмектеседі. Табиғат аясына шығыңыз, қыдырыңыз.
Күйеуіңіздің сізді алдап, басқамен көңіл жарастырғанын ойлап, өз жағдайыңызды одан әрі нашарлатпаңыз.

Жақындарыңыздың қолдауы.
Мұндай жағдайда жалғыз қалуды дұрыс деп атамас едім. Ең жақын құрбыңызбен немесе сізді мұқият тыңдайтын жанмен әңгімелесіңіз. Әпке-сіңіліңізбен сырласыңыз. Қасыңызда ондай жан табылмаса, арнайы психолог мамандарға баруға кеңес беремін. Мұндай жағдайда өзіңді қалай ұстау керектігін психологпен кеңесе аласыз.

Күйеуіңмен тілдесу.
Уақыт өте келе жаның сыздағаны басылады, эмоция өз орнына түседі, сол сәтте күйеуіңізбен тілдесуге болады. Әйел өзінің не қалайтынын анық білуі керек: отбасын сақтап қала ма әлде ажырасқысы келе ме?

Барлық әйелге берілетін бірыңғай кеңес жоқ, әрбір әйел өмірінің осынау жағымсыз және ауыр сәттерін абыроймен өткеруі тиіс. Тап осындай опасыздықтан кейін әйелдер ойлана келе, маңызды қадам жасауға бекінеді – отбасы әлде ажырасу?
Құрметті біздің сұлу да ақылды келіншектер, отбасының ұйытқысы – әйел, осыны ұмытпаңыз!

Дайындаған: Жадыра

Күйеуіңізді қалай өзгерте аласыз? Күйеуіңізді қалай өзгерте аласыз?
Сіз күйеуіңізді өзгерте алмайсыз, бірақ күйеуіңіздің жақсы жаққа қарай өзгеруіне жәрдем ете аласыз. Мұның алғашқы қадамы - өзіңізді өзгерту.
Күйеуіңіздің мол табыс табуына көмектесіп, миллионердің жары атаныңыз. Күйеуіңіздің мол табыс табуына көмектесіп,
Әлемде әрбір әйел күйеуінің бақуатты, табысты, жомарт болуын қалайды. «Міне сонда, бақытты да, ұзақ ғұмыр кешер едік» - деп жорамалдайды. Алайда
Қыз бен жігіт үйленбей тұрып, бір - біріне қандай сұрақтар қойғаны абзал? Қыз бен жігіт үйленбей тұрып, бір - біріне қандай
Кез келген жігіт пен қыздың арманы – бақытты отбасын құру. Ертеңгі күні таңдауларына өкініп қалмас үшін екеуі бір - біріне келесі сұрақтарды қойғаны
Адалдық Адалдық
Күйеуінің адалдығына көз жеткізгісі келген келіншек,
Әйелдің күйеуіне әсері Әйелдің күйеуіне әсері
Көптеген келіншектер тұрмысқа шыққаннан кейін күйеуінің біраз уақыт ішінде танымастай өзгеріп кеткеніне айтып, наразылық танытып жатады.
Жағымсыз эмоцияға берілмеудің 5 тәсілі Жағымсыз эмоцияға берілмеудің 5 тәсілі
Кейде сіздің намысыңызға тиетіндей жағдай туған сәтте үндемей қалу мүмкін емес. Тіпті, сіздің ойыңызды тыңдағысы да келмейтіндей сыңай танытқанда
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×