ойын сауық отауы
Күйеуіңіздің мол табыс табуына көмектесіп, миллионердің жары атаныңыз.
10.08.2017 2 738 0 Дауыл

Күйеуіңіздің мол табыс табуына көмектесіп, миллионердің жары атаныңыз.

Бұл қызықты
Күйеуіңіздің мол табыс табуына көмектесіп, миллионердің жары атаныңыз.

Әлемде әрбір әйел күйеуінің бақуатты, табысты, жомарт болуын қалайды. «Міне сонда, бақытты да, ұзақ ғұмыр кешер едік» - деп жорамалдайды. Алайда қиялшыл әйелдердің көбі, мұнда әйелдің атқаратын рөлі қандай екеніне ой жүгірте бермейді.

Ер-азамат жаңадан үйленген кезде, «өмірге қайта туылды», деп түсінген жөн. Өйткені, оның бай тұрмыс кешуі мен кедейленуі әйеліне тікелей байланысты.

Әрбір еркектің мол табыс тауып, миллионер атану маңдайына жазылмаған, сонда да алған жары ақылды болса, оның әл-ауқатының түзелуіне мүмкіндік туғызып «табысты азамат» атандыра алады. Бұл мақаладан көптеген сұрақтарға жауап ала аласыз. «Жарыңызбен бірге мол табыс табудың, дәулетті де ұзақ ғұмыр кешудің құпиясын үйренесіз».

Күйеуінің жетістігі үшін әйел не істеуі керек?

1. Рух беру.
Ежелгі ғасырлардан бізге белгілі, әйелдің сұлулығы мен нәзіктігіне бас иген еркектер қауымы әйелге арнап зәулім сарай тұрғызған, көз тартар өнер туындыларын дүниеге әкелген, қырғын соғыс ашып қалаларды басып алған. Барлық ұлы туындылар, кез келген жетістік, кәсіп мұның бәрі әйел қауымының еркекті рухтандыруы арқасында дүниеге келген. Ер-азаматтың рухын оятатын әйелі немесе көңілдесі тіпті орындалмай жүрген арманы болуы да мүмкін.
Бірінші міндет, қалағаныңа жету үшін күйеуіңнің көңіл-күйін табу болып табылады. Мұның түрлі әдістері бар, бастысы әрекет етуді ер-азамат өзі қалайтындай ету. Ең алдымен отбасының игілігі үшін шағын іс-әрекеттерді атқаруға шабыт беруден бастаған жөн, ал сіз біртіндеп міндетті өсіре бересіз, осылайша ол көптеген шаруаны атқаруға үйренеді.
Бұл манипуляция жасау емес, жарыңыздың жетістікке жетуі мен өсіп-өркендеуіне жол табу. Еркектердің бәрі бірдей туғаннан шабытқа ие болып тумайды, олардың кейбірі шынымен шабыт беріп отыруды қажетсінеді.

2 Сенім арту.
Егер әйел күйеуіне шынайы сенім арта білсе, еркектің қолынан келмейтін шаруа жоқ, ол бәрін жасай алады. Әйелдің сенімі оған күш беріп шабытын оятады және оның табысы арта түсуіне себепші. Жақын адамының сенімі мен қолдауынсыз аяққа нық тұрған азамат та өз-өзіне сенімсіз қарауы мүмкін. Бұны «аксиома» десе болады. Ер-азамат көпшіліктің көзіне қанша нық сенімді көрінгенмен де, оған жарының сенім артпауы түбінде құрдымға кетірері анық.

3. Алғыс білдіру.
Күйеуіңіздің сізге жасаған жақсылығын үшін шынайы ризашылығыңызды білдірмей, жеткен жетістігінің жемісін көру ұзаққа бармайды. Себебі: біріншіден, ол жетістігі үшін алғыс алмаса, шынайы күлкіңізді көрмесе, қамқорлығыңызды сезінбесе – бұдан кейін оның жұмысқа деген ынтасы жоғалады. Екіншіден, бүкіл қоршаған ортаға разы болу керек, бұл көбеюдің заңдылығы. Жарыңыздың кішкентай ғана жеңісін елеп-ескеріп, мақтап отырыңыз, оның икемділігіне тамсаныңыз, сонда оның дарыны мен сіз білмейтін қырлары ашыла түседі.
Жолы болмай қалған сәтті еске салмаңыз!

4. Сыйлау, құрметтеу.
Әйелдің күйеуін сыйлауы бүкіл айналаға әсер етеді. Әйелі сыйлаған ер-азамат қоғамға сыйлы. Қоршаған ортаның оған берер бағасы ерлі - зайыптылардың қарым - қатынасына тікелей байланысты. Яғни, әйел күйеуіне кім деп қарайды: «құрметті адам» ретінде әлде «жолы болмаған біреу» ретінде.

5. Сүю, ұнату.
Шынайы махаббат, әйелге тән нәзіктік, жылулық, қиын сәтте жарын қолдау – бұл қасиеттерсіз ешқандай табысқа жету мүмкін емес. Өзін-өзі іске асыру үшін қажетті болып табылатын осындай қасиеттер болған кезде ғана табысқа жетуге мүмкіндік бар. Үйдегі жылулық, тыныштық және махаббат күйеуіңіздің тынығып, күш жинап болашаққа жаңа жоспарлар құруына негіз болады. Қасында сүйікті әйелі бар ер-азаматтың алар асуы мен бағындырар биігі көп, деуге болады.

6. Демеу.
Бұл өмір түрлі қиындықтардан тұратыны белгілі, алайда, қандай жағдай болмасын күйеуіңіз сізге сенім артуға болатынын сезінуі тиіс. Егер күйеуіңіздің жабырқаңқы күйін байқасаңыз көңілін көтеріп, сергітудің жолын қарастырыңыз. Шынымен қиын жағдай орын алса, оған қолдау көрсетіп сенімді серігі бола біліңіз. Оған күн сайын қолдау көрсетіп отырыңыз. Қас-қабағын бағу, түсініктік таныту, күлімдеп қарау бір қарағанда бұл елеусіз ғана қылықтар болып көрінуі мүмкін, алайда бұл нағыз миллионердің әйеліне тән мінез-құлық.

7. Өзің де іскер болуың керек.
Байқуатты еркектің әйелі де табысты, бақытты болуға тиісті. Күйеуіңіз кезекті миллиондарын әкелуге жұмыс жасап жатқанда сіз де қарап жатпаңыз, шеберлігіңіз бен қабілетіңізді дамытатын істермен шұғылданыңыз. Қадамын сәтті басып келе жатқан ер - азаматтың қасындағы әйел соған сай өз орнын білетін, талап қоя білетін көңілі қалаған ісімен шұғылданатын әйел болуы керек.
Ерлі-зайыптылардың арасында интеллектуалдық, кәсіби, мәдени айырмашылықтар көп болған сайын бір - біріне деген қызығушылығы төмендейді де некенің сәтсіздікке ұшырауы мүмкін.

8. Қарым-қатынаспен жұмыс жасау.
А. Рязанцевтің тұжырымдауы бойынша, жұптардың қарым - қатынасының көлеңкесі деп ақшаны атаған. Оның дәлелі, отбасылық ұрыс - жанжал, түрлі келіспеушіліктер қаржылық қияндықтардың әсерінен орын алуында. Сіздің үйіңізде отбасылық үйлесімділік пен достық қарым - қатынас орнаған да ғана қаржылық мәселелер шешімін таба бастайды. Стресстік жағдайда өзіңізді қолға алыңыз, шамадан тыс өкпе - ренішке салынбаңыз, ол сіздің кәсібіңізді дамытуға кесірін тигізеді. Отбасылық қарым - қатынас жақсарған сайын күйеуіңіздің табысы молая түсетінін байқайтын боласыз.

9. Тартымды көріне білу.
Әйелдің мінез - құлқы күйеуіне қалай әсер ететінін жоғарыда атап өттік, сол сияқты түр - тұлғасы да маңызды болып есептеледі. Көбіне миллионерлердің қасында әдемі, ажарлы бикештердің жүретіні бәрімізге мәлім.
АҚШ университетінің психологтары дәлелдегендей ер - азаматтардың мансап сатысымен алға көтерілуіне әдемі сұлулар ынталандырады екен. Тартымды әйелді көргенде еркектің әрекет ету ми бөлімшелері белсенді әрекетке көше бастайды. Сананың бейсаналық механизмі қаражаттың көбейтуге бағытталған процесі іске қосылады. Әрекет нақты нәтижесінде өнімді болып табылады. Бірте - бірте жұмыс алға жүріп, табыс көбейе түседі. Түрлі мерекелер ұйымдастырып, күйеуіңіздің көзіне әдемі болып көрінуді қолға алыңыз.

10. Күйеуіңіздің тамақ рационын реттеңіз.
Күнделікті тамақ рационында сүт өнімдері мол болуын қадағалаңыз: айран, сүт, ірімшік, йогурт сонымен қоса көкөністер мен жемістер. Бұл өнімдердің адам өміріндегі маңызы өте зор, «табысты азаматтың» ағзасына тіпті қажет деп атауға болады.

11. Жомарттық жасаңыз!
Жомарттық – бұл өмір заңы. Аяушылық таныту мен жомарттық жасау арқылы өзіңізді жақсы сезінесіз. Мұны өз өміріңізге шүкіршілік ету деп атауға болады. Бұл, ақшалай көмек, назар аудару, көмектесу, уақыт бөлу, білім беру, қамқорлық жасау, тамақтандыру, заттай көмек беру болып есептеледі. Адамға деген кез келген жағымды әрекетті атауға болады. отбасыңыз тыныштықта, бақуатты ғұмыр кешсін десеңіз жиі жомарттық жасап тұрыңыз.

Дайындаған: Асыл.
Автор: Элен Стельмах

Дереккөзі: zhenskoe-mnenie.ru

Отбасында ақшаның маңызы Отбасында ақшаның маңызы
Жақында ғалымдар жүргізген зерттеуінің нәтижесі бойынша ерлі-зайыптылардың ұрыс-керісі көбіне неден туындайтыны анықталған. Үшінші орында, үйдегі
Еркектер кішкене балаға ұқсайды. Еркектер кішкене балаға ұқсайды.
Еркектер кішкене балаға ұқсайды: өзін үлкен адам сияқты сезінеді, бірақ қолынан жетектеп жүргеніңді қалайды.
Қиялыңдағыдай байлыққа кенелу Қиялыңдағыдай байлыққа кенелу
Егер мен мол табыс табатын мамандық түрін таңдағанымда бай болар едім. Шындығында: Миллионерлер әрбір салада бар. Кез келген саладан пайда табуға
Сүйікті әйел қандай болуы керек? Сүйікті әйел қандай болуы керек?
Еркекті – өмірдің мәні, армандаудың шегі, бүкіл әлем деп түсіну қате. Еркектің әйел өмірінде болғанының өзі, әлемді анағұрлым кең де қызықты етеді.
Әйелдің күйеуіне әсері Әйелдің күйеуіне әсері
Көптеген келіншектер тұрмысқа шыққаннан кейін күйеуінің біраз уақыт ішінде танымастай өзгеріп кеткеніне айтып, наразылық танытып жатады.
Абысындар Абысындар
Бірінің жары өлген де, Бірінің жары хабарсыз. Сұрапыл басқа төнгенде, Кетіпті қара қағазсыз.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×