ойын сауық отауы
Жұлдыз жорамал - 2017
01.07.2017 3 525 0 Дауыл

Жұлдыз жорамал - 2017

Бұл қызықты
Жұлдыз жорамал - 2017
Тоқты.
2017 жыл Тоқтылардың бойында күш - қуат таситынын жұлдыздар уәде етеді. Алайда оны қайда жұмсарыңыздың білмей, бар істі күш сала атқаруға тырысасыз. Соның салдарынан бойыңызда барды мақсат - жоспарларыңызға жету мақсатында емес, одан мүлдем басқа арнаға шығын еткендей күй кешіп, уайымға салынасыз. Шындығында, бұл сезімнің алдамшы екенін білгейсіз. Өмірде кездейсоқ ештеңе болмайды. Бар ынтаңызбен істеген кез - келген іс ертелі - кеш жемісін берері анық. Сондықтан бұл жайт алаңдауға себеп емес.

Шын мәнісінде, өзіңіз қызықпайтын, сіз үшін мән - маңызы жоқ істерге ден қоюға тұра ма? Одан да көңіліңізге жағымды іспен айналысып, уақытыңызды пайдалы өткізген дұрыс. Көңіліңізбен құлай берілетін іс - әрекет, шаруалар кезегі келгенде күш - қуатыңыз да таси түседі. Тоқтылар жасай алатын ең дұрыс іс – жағдайларды асықтырмай, өмір ағымымен жүзіп, өзіңізді тым көп күш түсірмеңіз. Егер мүмкіндік туып жатса, аздап жалқаулануға да болады. бар уақытыңызды қызметіңізге, кәсібіңізге арнап қана қоймай, ұсақ-түйек шаруаларға да көңіл қойыңыз.

Махаббат мәселесіне келер болсақ, Тоқтылар бұл жылы жаңа таныстар тауып, сезімге беріліп, романтикалық хикаяларды бастан кешеді. Десе де өмір – спорттық жарыс емес. Бақыттың мөлшері махаббатқа құрылған қарым - қатынастар санымен өлшенбейді. Егер Тоқты бар жүрегімен шынайы бақытын табуға ұмтылса, алдағы жылы қарым - қатынастағы тілектеріңіз бен талаптарыңызда қарапайым болыңыз. Ең болмаса, шектен шыққандығыңызды түсінгейсіз.

Торпақ.
2017 жыл Торпақтардың күш - қайратын, төзімділігін сынға алады. бұл сынақтың негізгі құраушылары – қызығу мен ләззат. Сақтық танытыңыз! Келе жатқан жыл Торпақтардың ләззат алуға деген ынтықытығының артатыны сонша, шәрбатқа батып, шыға алмаған шыбындай күйге түседі. Ол өмірдің барлық саласына қатысты. Тіпті, қарапайым ғана жалқаулықтың өзі Торпақтарды тереңге тартып әкетуі мүмкін.

Егер Торпақ 2017 жылы табысқа қол жеткізгісі келсе, өмірге деген құштарлығын бақылауда ұстауы керек. Себебі тұрмыс - тіршіліктегі қызықтырар, еліктірер дүниелер мансабыңызға, жеке өміріңізе, тіпті, сымбатыңызға кері әсер етеді. Қолға алған істерін атқаруда міндеттеріңізді орындау, ойға алғаныңызды жүзеге асыруға күш - қайрат жетіспеуі мүмкін. Махаббат мәселесінде, жеке өміріңізде қызықтырар дүниелер үлкен қателікке ұрындырады. Ал жиған артық салмақтан арылу үшін айлап жаттығу залынан шықпауға тура келеді.

Қызыл Қораз жылы көптеген Торпақ ағыспен жүзуді құп көруі мүмкін. Олар махаббат хикаяларына ынтықтық танытпағанымен, еліктірер қатынастардан бас тарта қоймайды. Бұл қателікке бастайды. Мұндай қарым - қатынас салдарынан Торпақтар ләззат соңынан қуалап, қолжетімді жақындық үшін шынайы махаббатын жоғалтып алуы мүмкін. Егер келер жылы шынайы бақытын тапқысы келсе, өз сезімдерін басқаруды үйрену керек. алысқа бармайтын қатынастардың соңынан ерудің қажеті жоқ. Ол туралы ертесінде - ақ өкінеріңіз анық. Сезіміңіздің беріктігін тексеріп, толысуына уақыт беріңіз. Олар – шынайы махаббатыңызбен бақытқа кенелудің кілті.

Егіздер.
2017 жыл Егіздерге маңызы зор, үлкен істер атқаруға мүмкіндік береді. Ол Егіздердің өміріне әсерін тигізбей қоймайды. Келе жатқан жылы оларға белгілі бір істі қолға алып, бос шаруаларға мән бермей, соған ғана көңіл бөлу, алға қойған мақсаттарының ішінен ең маңызды әрі келешегі зорын таңдау оңайға соғады.

Бұл жылы Егіздер ерекше қасиетке ие болады. Ол – қай істің болмасын пайдалы не пайдасыз, келешегі бар не жоғын, табысты не табыссыз екенін ажырата алу қасиеті. Егер қандай да бір іс Егіздерді зеріктірсе, оның ұзаққа бармайтынын, сәтсіздікке ұшырайтынын біліңіз. Ал аталған жұлдыз белгісі өкілдері болашағы зор істі көзі шалса, оған барын салып, күш - қайратын аямайды. Жұлдыздар Егіздердің қолға алған мақсат - жоспарының бәріне қолдау танытады. Олар мансабында, кәсібінде, тіпті, шығармашылық бастамаларында табысқа қол жеткізеді.

Мұндай сәттілік жүрегінің жартысын іздеген Егіздерге де серік болады. Жүрегінің таңдауы 2017 жылы Егіздерді алдамай, нағыз бақытын табады. Бұл жылы қарым - қатынасыңызды отбасын құру, сәбилі болу тәрізді жаңа деңгейге шығара аласыз. Өмірлік серігін іздеген Егіздер сүйіктісімен қауышады. Бастысы, өз жүрегіңізге, ішкі түйсігіңізге сеніңіз. Егер жүрегіңіз алдыңыздағы адамның сіздікі екенін айтса, күмәнданбастан алғашқы қадам жасаңыз.

Толық нұсқасын жүктеу

Жетістіктің жүз қадамы: 30 - қадам: уақыт Жетістіктің жүз қадамы: 30 - қадам: уақыт
Уақытты босқа өткізу – сізге пайдасы жоқ істерге уақыт бөлу. Біз күнделікті өмірде небір түрлі істер атқарамыз. Оның бірінің пайдасы тиіп жатса,
Жұлдызнама 2019 жыл Жұлдызнама 2019 жыл
Жаңа жылдан әрдайым жақсылық күтетін құрметті портал қолданушылары, төмендегі жұлдызнама болжамын оқи отырыңыз. Сізді 2019 жылы қандай жаңалық күтіп
Қытайдың ұлы ойшылы Конфуцийдің 30 қағидасы Қытайдың ұлы ойшылы Конфуцийдің 30 қағидасы
– Адам тумысынан жаман болып тумайды, оны жаман да, жақсы да ететін өскен ортасы, – дейді ол.
2018 жылы Ит жылында сізді не күтіп тұр? Жұлдыз жорамал. 2018 жылы Ит жылында сізді не күтіп тұр? Жұлдыз
2018 жылы сіздің өміріңізде қандай өзгерістер болады, қиындықтар мен жетістіктердің артында не тұр? Денсаулық жағдайыңыз бен қаржылай өзгерістер
Сынды қалай қабылдайсыз? Сынды қалай қабылдайсыз?
Сіздің атыңызға айтылған теріс пікірді естіген жағдайда алдымен сабырлық танытыңыз. Ол адамның сізді ренжітейін деген жаман ойы болмаған шығар. Сабыр
Келе жатқан 2017 Тауық жылы қандай болады? Келе жатқан 2017 Тауық жылы қандай болады?
Келер 2017 жыл атауы тауыққа тиесілі. Табиғат күші – от, сондықтан Тауық отты, қызба болып есептеледі. Негізгі түсі – қызыл және қызылға жақын
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×