ойын сауық отауы
Келе жатқан 2017 Тауық жылы қандай болады?
29.12.2016 10 659 0 Дауыл

Келе жатқан 2017 Тауық жылы қандай болады?

Бұл қызықты
Келе жатқан 2017 Тауық жылы қандай болады?
Келер 2017 жыл атауы тауыққа тиесілі. Табиғат күші – от, сондықтан Тауық отты, қызба болып есептеледі. Негізгі түсі – қызыл және қызылға жақын реңктер – алтын түстес, қызғылт, сары. Шығыс болжамдары бойынша – Тауық отбасының басқарушысы, сонымен қоса ерте оянады, тәртіпті қадағалап, бақылайды. Сол себепті де алдағы жылы қоғамдық өмірдің ырғағынан жаңылмай, барлығына үлгеріп, бақылауда ұстауға тырысу қажет, сонда сәттілік үнемі сіздің жағыңызда болады. Көптеген жұлдыз белгілері үшін 2017 Тауық жылы келеңсіздікке толы деп аталады. Бұл кез келген салаға қатысты, ол – бизнес немесе махаббат, қиын мінезді Тауық жылының әсерін әрқайсымыз сезінетін боламыз.

Жалпы, Тауық жылы қандай болады дегенге келсек: Әтештің қызба мінезі секілді долы, қай жағынан келетінін болжап болмайтындай, түрлі - түсті қауырсындары секілді ашық реңктерге толы болмақ. Өзгерістердің көп болғаны соншалық, біреуін шешпей жатып екіншісі басталып жатуы мүмкін, уақытылы дұрыс шешім шығару үшін бәрін бақылауда ұстауға тура келеді. Өзгеріс адамдардың қоғамдық өмірінде ғана емес бүкіл әлемде болады. Астрологтардың болжамынша Тауық жылын ауыр жыл деп болжауда алайда, ол тек болжам ғана, сондықтан алаңдауға негіз жоқ. Бойында таланты бар, алға қарай талпынатын еңбекқор адамдарың еңбегі елеусіз қалмайтын табысты жыл болып есептеледі. Егер сондай мүмкіндік болып жатса, ондай мүмкіндікті қалай да жіберіп алмау керек.

Тауық әрекетсіз отыруға төзбейді, барлық іс - әрекетте ұқыптылық пен тәртіпті қалайды, сондықтан ойды ретке келтіріп, алға қойған мақсатыңызға нақты жоспар құрылуы қажет. Егер жоспарыңды іске асыруда өмірге деген көзқарасың мен принциптеріңе өзгеріс енгізу қажет болса, өзгеріс енгізу қажет.

Тауық – мансапқор, көшбасшы, ұйымдастырушы, жауапты, жетекші, көптеген амал-әрекеттің ортасында болады. Егер сіз өзіңізге сенімді болсаңыз яғни өз ісіңіздің шебері болсаңыз, бұл жыл сіздің жылыңыз. Өз шаруаңызға берілген жан болсаңыз, көп нәрсеге қол жеткізесіз.
Жұлдыздар жорамалы бойынша Тауық жылы адамдарға кейбір міндеттемелерді қабылдай отырып, жауапкершілікті сезінуге үндейді. Жауапкершілікті ескермей, немқұрайлылық танытуға болмайды!

Дайындаған: Жадыра

Жаңа жыл келгенде

Тауық еті мен күріштен дайындалған тағам Тауық еті мен күріштен дайындалған тағам
Тауық еті мен күріштен дайындалған тағам рецепті.
Тауық қанатынан (Куриные крылышки) дайындалған ащы салат Тауық қанатынан (Куриные крылышки) дайындалған
Тауық қанатын 15 - 20 минуттай қайнатып пісіріп алу (езіліп кетпей пісуін қадағалау).
Тауық етін дәмді етіп пісіру Тауық етін дәмді етіп пісіру
Ең алдымен тауық етін жуып, кептіріп алған соң маринадтау керек.
Тауық етін пеште пісіру Тауық етін пеште пісіру
Тауықтың екі сан етін жуып алған соң кептіріп 6-7 бөліктерге бөліп алыңыз. Қалауыңызша тұз сеуіп қойыңыз.
Ананас қосылған салат (Королевский салат) Ананас қосылған салат (Королевский салат)
Тауық етін қайнатып пісіріп алу қажет. Тауық етін, ананасты, саңырауқұлақты төртбұрышты етіп немесе ұзынша етіп қалауыңызша тураңыз.
Жүзім мен тауық етінен жасалған салат Жүзім мен тауық етінен жасалған салат
Оңай салат рецепті. Бұл салатты жасу үшін жаңа піскен жүзім болуы қажет.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×