ойын сауық отауы
Жетістіктің жүз қадамы: 30 - қадам: уақыт
20.10.2020 1 109 0 Admin

Жетістіктің жүз қадамы: 30 - қадам: уақыт

Бұл қызықты
Жетістіктің жүз қадамы
30 - қадам: уақыт

Уақытты босқа өткізу – сізге пайдасы жоқ істерге уақыт бөлу. Біз күнделікті өмірде небір түрлі істер атқарамыз. Оның бірінің пайдасы тиіп жатса, бірінің еш пайдасы жоқ, ал кейбір іс - әрекеттер өз зиянын да беріп жатыр. Сіз уақытты тиімді басқарсаңыз, өміріңізді де басқарасыз.
Уақыт тоқтамайды, ол тек өте береді және өте береді. Қазіргі интернет дамыған дәуірде уақытты бос өткізу адамдар арасында артып кетті. Неше түрлі әлеуметтік желілер алтын уақытымызды ұрлап жатыр. Күніне осындай әлеуметтік желіліерге кемінде 4 - 5 сағат уақытымызды жұмсайсыз. Кейбір адамдарда тіпті бұдан да көп уақытын кетіреді. Ал кейбіреулер 1 - 2 сағат уақыт жоғалтады. Әлеуметтік желілердің бізге берер пайдасы да бар. Ол күнделікті болып жатқан жаңалықтар, білгіміз келіп жатқан ақпараттарды алу секілді пайдалы тұстары бар. Бірақ бұл әлеуметтік желілердің бере зияны да шаш - етектен.
Біріншіден, бейберекетсіз, пайдасыз бейнежазбалар, суреттер, арзан шоу сияқты бірдеңелерді көру арқылы уақытыңызды жоғалтасыз. Екіншіден, желіде көп отырып, дене қимылымен аз айналысқандықтан денсаулығыңызға да зияны тиеді. Үшіншіден, жасөспірімдер әлеуметтік желіліерде көп отырып, психологиялық және физикалық даму жағына кері әсер етеді.
Әлі толық қалыптаспаған адам интернетте емін - еркін отырып, өзіне зиян тигізетін небір түрлі ақпараттарды көруі мүмкін. Олар эротикалық бейнежазбалар, суреттер, адасқан ағымдар жайлы, қорқынышты бейнежазбалар т. б. осы секілді материалдарды көру арқылы психологиялық соққы алып, болашақта саналы тұлға болып қалыптасуға кері әсер етуі мүмкін.
Сол себепті де жасөспірімдердің интернетті дұрыс пайдаланауын қадағалаңыз. Айта берсек, әлеуметтік желіліердің берер зияны өте көп. Дұрыс пайдалана білсең, пайдасы да мол. Бастысы – өзіңе және жақындарыңа зияны тимейтіндей дұрыс пайдалана біл.
Уақыт – үлкен байлықтың бірі. Оны еш нәрсемен айырбастап ала алмайсыз. Уақытыңызды тиімді пайдаланыңыз. Бәрін өз уақытымен жасауға тырысыңыз. Алдыңызға мақсат қойыңыз, сол мақсаттарыңызды уақытқа бөліп, уақыт сізді емес, сіз уақытыңызды басқарыңыз.

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Жетістіктің жүз қадамы: 34 - қадам: аптасына бір күн демалыңыз. демалысыңызда мотивация мен ендігі аптаға жоспар құрыңыз Жетістіктің жүз қадамы: 34 - қадам: аптасына бір
Күнделікті қайталана беретін жұмыстан шаршайтынымыз анық. Аптасына бір рет өзіңізге, жақсы демалыс арнаңыз. Реті келсе тауға барып қайтыңыз болмаса
Уақытыңды басқар: Ой шашыраңқылығы Уақытыңды басқар: Ой шашыраңқылығы
Уақытты қажетсіз істерге жұмсаудан туындап, ары қарай жоғалтуға алып келетін зиянды жайттардың бірі – ой шашыраңқылығы.
Жетістіктің жүз қадамы: 33 - қадам: өзіңізбен бір кіші блокнот алып жүріңіз Жетістіктің жүз қадамы: 33 - қадам: өзіңізбен бір
Ойыңызға келген идеяларды блокнотыңызға жазып қоюды әдетке айналдырыңыз. Күнделікті өмірде біздің ойымызға небір түрлі ойлар келеді. Оның ішінде
Жетістіктің жүз қадамы: 32 - қадам: мүмкіндік Жетістіктің жүз қадамы: 32 - қадам: мүмкіндік
Мүмкіндік туса – оны әжетке жарат! Егер сол мүмкіндік өміріңді бастан - аяқ өзгертетін болса, өзгеріске бейімдел.
Жетістіктің жүз қадамы: 31 - қадам: сөз Жетістіктің жүз қадамы: 31 - қадам: сөз
Сөз – бұл сіздің аузыңыздан шыққан сөздер. Сөздер сапалы, сапасыз, пайдалы, пайдасыз, мағыналы сөз, бос сөз деп осы сияқты бөлімдерге бөлінеді.
Уақыт - алтыннан да қымбат! Уақыт - алтыннан да қымбат!
Уақыт – ақсүйектікті мойындамайды. Ханға да, қараға да берілетін мерзім – тәулігіне жиырма төрт сағат. Дүниеде уақыт белгілегеннен артық демократия
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×