ойын сауық отауы
Ер-азаматтардың 20, 30, 40, 50 жасындағы іс әрекеті мен қалауы қандай?
07.01.2023 59 280 0 Дауыл

Ер-азаматтардың 20, 30, 40, 50 жасындағы іс әрекеті мен қалауы қандай?

Бұл қызықты
Ер-азаматтардың 20, 30, 40, 50 жасындағы іс әрекеті мен қалауы қандай?

Ер-азаматтардың жасы келген сайын көп нәрсе өзгереді: өмірге деген көзқарасы, арман-тілегі мен қалауы жақын адамдарымен қарым-қатынасы. Барлық әйелдердің жиі сұрайтын бір сұрағы: «Осы еркектердің қалауы не?». Алайда, бұл сұраққа нақты жауабы жоқ, бірақ ер-азаматтар жасы келе көзқарасы мен қалауы өзгеріп отыратыны анық.

Бастысы – сүйіктіңнің жүрегін ашатын кілтті табудың оңтайлы жолын іздеуге қабілеті болу. Жылдар ағып өткен сайын көп нәрсе өзгереді, алайда кез келген еркекке тән өзгермейтін бір қасиет – олардың әрқайсысы шынайы махаббатты қалайды және жақсы көретін әйелінің қолдауын күтеді.

20 жастағы желөкпе жігіт.
Бұл жастағы жас жігіт шындығында өзіне не керек екенін білмейді. Жаны қиял - ғажайыптарға толы жігіттің, қиял қуып кеткеніне таң қалуға болмайды. Жас жігіттің ағзасындағы гормондар соңын ойлап жатуға мүмкін бермейді, бір топ сұлудың ішінен өзінің қалағанын қолына түсірмейінше жаны бір тыншымайды.
Жасы 20 - ға толған жігіт қасындағы сұлуына көп нәрсе уәде етеді, оның сондағы ойы сұлуды өзіне қалай да қаратудың жолы, ал жас қыздар өте аңғал, сенгіш болады, жігіттің ойында біра - ақ нәрсе бар екенін аңғармай қалады.
Бәрімізге таныс қағида – қыздар қауымы әдемі сөзді жақсы көреді, яғни «құлақпен сүйеді». Қыз байғұс мәңгі махаббатты армандап алыс болашаққа жоспар құрып, бақытты тұрмыс құруды ойлап жүрсе, жігіт үшін бұл қарапайым тәжірибе ғана. Жігіттердің ойынша, сұлу қыз математика оқулығы сияқты: әзірге ештеңе анық емес, белгісіз нәрселер көп, үйрену керек. Бұл жастағы жігіттерге маңызды қарым - қатынас қажет емес. Олар тым жас, желөкпе болғандықтан уақыт қызық өткізу үшін тағы бір кербез сұлуды тауып ала салуды қалап тұрады. Ал жас ханшайымдар болса тәжірибесіз. Жігіттің қателік жасап жатқанын аңғармай да қалады.

Жігіттер 20 жасында қыздарды әдемілігіне қарай бағалайды. Әдемі сұлуды көргенде асты - үстіне түсіп, бар уақытын сонымен өткізгісі келіп, достарының алдында мақтануды да жек көрмейді. Жігіт біраз уақыт өткеннен соң, ең бастысы беттің сұлулығына емес жан сұлулығына ғашық болу керек екенін түсінеді. Бірбеткей, тәкәппар бірнеше сұлу бикештер жігіттің бетін қайтарып, жүрегін жаралайды, мұны содан кейін ғана ұғынады. Жігіттің сонда да беті қайтпайды. Шырайлы сұлуды көргенде жағымпазданып болмайды.

Егер қыз сұлулығымен қоймай ақылды болса, ондай қызды қалайда қолына түсірудің түрлі тәсілдерін іздеп табады. Десе де, кез келген жастағы еркекті басқарудың тетігі: махаббат, сұлулық, нәзіктік мына біз – әлсіз әйелдердің қолында.

Орда бұзар 30 жастағы азамат.
Статистикаға сүйенсек, дәл осы жаста жігіттер үйленіп, отбасын құруға дайын деп есептеледі екен. Неге бұлай деген, анықтап көрейік?

Жоғары да атап өткендей жиырмадағы жігіттер көп уақытын қыздардың қасында өткізуді қалайтынын атап өттік. Ал жігіттің жасы отызға толғанда, әйелді өзінің жыныстық қажеттілігін өтеу үшін ғана емес, шынайы қарым-қатынас үшін қажетсіне бастайды. Бұл жастағы ер азамат әйелді өзінің жолсерігі немесе балаларының анасы ретінде елестетеді. Бұл жаста жыныстық қатынас бірінші орында тұрмайды.

Бұл жастағы жігіттер екі түрге бөлінеді.
1 - түрі: Әйелдер үшін, жігіттің әдемілігі мен тартымдылығы ғана маңызды емес екенін түсінеді. Олар баяғы желөкпелікті артқа тастап, ақылды, салмақты, мейірімді нағыз ер азаматқа тән қасиеттерге ие бола бастайды. Ойлау қабілетінде толықтай өзгерістер орын алады. Маңызды болып көрінген көп нәрселер мағынасыз болып қалады. Олар үшін болашақты ойлайтын уақыт келді. Бейтаныс бойжеткенді құшып, қыдырып уақытты босқа өткізу олар үшін тартымды емес.
Бұған күші де жетпейді және қаламайды да. Қызметте жоғарылау мен отбасының қаржылық жағдайын көтерудің қамын ойлай бастайды.
2 - түрі: Күн сайын әр сылқыммен болатын, бүгін Майрамен, ертең Сайрамен кездесіп әбден жаман үйренген жігіттер үшін, ондай күймен қоштасу өте қиын. Бұл түрге жататын жігіттер отбасын құру жайлы ойлағысы келмейді, ешқашан есейгісі де келмейді. Күн сайын өміріне жаңалық енгізумен уақытын өткізетін жігіттер осылар, сүйегіне бойдақтық әбден сіңген. Олар мұндай өміріне көңілі әбден толады, олар еркіндікті сүйеді. Бір әйелмен бір шаңырақ астында тұру олар үшін – қапаста тұрумен бірдей, алайда бұның соңы жақсылыққа апармайтынын олар ұғынбайды.

Қамал бұзар 40 жас.
Жасы қырыққа келгенде ер-азаматтар депрессияға жиі беріледі. Оны отбасылық өмір жалықтыра бастайды, айналасынан басқа жанды іздей бастайды. Оны таң қалдыратын, жанын тебірентетін, жүрегіне лүпіл, жанарына от беретін сұлуды құшуды армандайды. Қырықтың қырқасына шыққан еркектердің кейбірі жас көңілдес тауып немесе жезөкшелер қызметін пайдалануы мүмкін
Бұл жаста еркектердің көпшілігі тыныш өмірді қаламайды. Қойынындағы әйелі «әйелдің ең асылы» мәртебесінен автоматты түрде айрылады да қарапайым жақсы адамға айналады, екеуіне ортақ көп мәселелер бар болғандықтан, жылы орағышты жамылып, сүйікті фильмін қарап уақыттарын өткізеді.
Бұл жаста еркектердің ағзасындағы гормондар күшейе бастайды. Соның әсерінен төсек қатынасында өзгерістер болғанын қалайды. Төсек қатынасы сирек болғанымен де ерекшелікке толы, естен кетпестей өтсе дейді. Ал балалардың мәселесі мен жұмыстан шаршап жүрген қырықтағы әйел ондай ұсынысты қабылдай бермейді. Сондықтан көңіл-күйін көтеретін сұлуды іздей бастайды. Баяғылар айтқандай: Қырыққа келіп, қылық шығарды, - деген осыдан шықса керек.

Ер-азамат жасы елуге келгенде 
Ер-азамат жасы елуге келгенде бір-ақ нәрсе қалайды – ешқандай тосын сыйсыз тыныш өмір. Еркектер үшін елу жас дағдарыс сонымен бірге депрессияға ұласады, ер азамат өзін ешкімге қажеті жоқ адам секілді сезіне бастайды. Денсаулығы сыр беріп, әйелге деген қызығушылығы төмендейді. Әсіресе дәл осы жаста төсек қатынасында қиындықтар орын алады, қозу дәрежесі төмендейді. Ал еркектер үшін, әйелге ләззат сыйлай алмаудан асқан қорлық жоқ. Бұл жаста ерлер әйелге әрдайым түсінетін, қолдайтын көмектесетін дос ретінде қарай бастайды.
Олар жарының өзіне түсіністікпен қарап, кейбір ерсі қылықтарына көңіл бөлмей, өзімен өзі болуына, ойлануына уақыт бөлгенін қалайды. Бүгінгі күні көңіл-күйінің қошы болмай тұруын мың қайталап айтып түсіндіргісі келмейді. Көп жылдар бойы ерлі-зайыптылы өмір кешіп жатқан ханымдар қай кезде ерінің қасынан табылып, қай кезде жалғыз қалдыру керек екенін жақсы түсінеді.

Автор: Яна Владыка
Дайындаған: Жадыра.

Үйленгісі келген жігіт Үйленгісі келген жігіт
– Мен сізден көмек сұрай келдім. Менің үйім, көлігім жұмысым да бар. Тек жанымды түсінетін қамқор да мейірімді, жақсы мінезді жар таба алмай жүрмін.
Егіздер жұлдызындағы ер-азаматтардың мінез-құлқы Егіздер жұлдызындағы ер-азаматтардың мінез-құлқы
Бұл таңбадағы жігіттер өте зерек, қабілетімен дарындылығымен ерекшеленеді алайда олардың мінез-құлқындағы тұрақсыздық мансапта кедергісін тигізеді.
Ер-азаматтар туралы сіз білмейтін қызықтар. Ер-азаматтар туралы сіз білмейтін қызықтар.
Жігіттер шын мәнінде қандай? Әрбір қыз тартымды жігітпен таныса отыра оның бойынан бір ерекшелікті іздейді. Оны бақылай отырып, ешкімге ұқсамайтын
Әйелді шын мәнінде тартымды ететін қасиеттер. Әйелді шын мәнінде тартымды ететін қасиеттер.
Ер азаматтардың ойынша, әйел баласын қандай қасиеттері тартымды ететін білесіз бе? Тұлғасы келісті, көркі де бас айналдырар сұлуды көргенде кез
Нұржан Керменбаев - Мың сұрақ Нұржан Керменбаев - Мың сұрақ
Нұржан Керменбаевтың - Мың сұрақ атты жаңа әннің бейнебаяны
Сұлу бойжеткен жігіт көзімен... Сұлу бойжеткен жігіт көзімен...
Әр бойжеткен өзін сұлумын деп есептегенімен шындығында солай ма, осыған ой жіберіп көрейік?!
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×