ойын сауық отауы
Еркек әйелінен көп нәрсе талап етпейді...
02.09.2017 2 542 0 Дауыл

Еркек әйелінен көп нәрсе талап етпейді...

Бұл қызықты
Ер-азаматтарға ұнамайтын қасиеттер

Отбасын құрғаннан кейін де қыдыруын тоқтатпайтын еркектер бар, әп-әдемі әйелі бола тұра неге олай жасайды? Негізі, еркек әйелінен көп нәрсе талап етпейді. Стандарт бойынша «мінсіз әйел» атанудың қарапайым ережелер тізімін оқып көріңіз.
Шынын айтсам, тізімдегі кейбір әрекеттер менің ашуымды туғызады, дегенмен де ойлана келе онымен келіспеуге болмайтынын түсіндім. Өкінішке орай, еркек әйелден іздегенін таппаса, онда оны басқа әйелден іздейді. Ендеше күйеуіңіз басқаға кетпес үшін сізге ұстануға тиіс қарапайым ережелер:

1. Қатты ашуланбау
Еркектер әйелдің ашу-ызаға берілуіне түсіністікпен қарайды сезімталдығы деп қалыпты жағдай ретінде қарайды, егер жанжал күн сайын орын алатын болса, онда ең шыдамды, сүйікті күйеудің өзі төтеп бере алмайды. Әйел отбасы мүшелері мен достарының алдында күйеуіне долы мінез көрсету және мәселе шешуіне тыйым салынады.

2. Әйел заты екеніңді ұмытпау
Әйел сексуалды болудың құпияларын білуі керек. Егер әйелдің көңіл-күйі болмаса, еркек бір-екі рет байқамаған сыңай танытады. Ал, көңілсіздік үнемі қайталанатын болса....
Бұл дегеніміз еріңіздің алдындағы әйелдік парызыңызды дұрыс атқармағаныңызды білдіреді.

3. Романтика
Таң қалмаңыз! Кейде ер-азаматтар да әйелден тосын сый күтеді, ол – жылы лебіз, ыстық ықылас т.б. болуы мүмкін.

4. Шындық
Көптеген ер-азаматтар бәрін бақылауда ұстағысы келеді, өйткені оларда әйелдің жалған сөйлегенін сезіп қоятын алтыншы «сезу қасиеті» бар. Сондықтан келесі жолы күйеуіңіз (жігітіңіз) сұраса шыныңызды айтыңыз, қайда қыдырдыңыз, кіммен ас іштіңіз бәріне мұқият, жан-жақты жауап беріңіз. Бұл оны тыныштандырумен қатар, келесі жолы қызығушылығын одан сайын арттырады.

5. Үнсіз қалу
Әдетте, әйелдер сөзшең болып келеді, егер еркектер тыныштықты қаласа, бұл әйелді жақтырмай тұру белгісі емес. Кейде, тыныштық еркектер үшін маңызды.

6. Тамақ
Иә, тамақ. Бұл сіздің шебер аспаз болып күні бойы пештің қасынан шықпауыңыз керек дегенді білдірмейді. Күнделікті тамағын уақытында ұсыну.

7. Әзілді түсіне білу
Көңіл көтеріп демала білу де қажет.

8. Тыңдай білу
Ерлердің тіпті қасындағы жарына ашыла қоюы да қиын. Егер оған бірдеме болғанын сезсеңіз жай ғана тыңдауға әзір екеніңізді білдіріңіз қаламаса жайына қалдырыңыз. Ол қиналған кезде кіммен ой бөлісу керек екенін білетін болсын.

9. Неке
Жігіттер некеге жауапкершілікпен қарайды, бұл қыздар армандағандай үйлену тойы болмауы да мүмкін. Олар үшін неке – мәңгілікке бірге болатын жұбыңды таңдау, мұндай ұсыныс жасамас бұрын қызды әбден зерттейді. Жігіттің үйленуге шешім шығаруына біраз уақыт керек, үйленбей жүру «еркіндікті» қимайды дегенді білдірмейді. Жігіттердің ойынша үйлену – жауапкершілікті сезіну. Оның сізді таңдауының себебін енді түсінген боларсыз!

10. Ойнамаңыз
Бұл әсіресе жаңадан отбасын құрған кезде жиі орын алады. Ерінің қоңырауына уақытында жауап бермей, артыңнан жүгіртіп, қызғандырып, өзіңді ерекше етуге тырысу. Мұндай ойын жігіттерге ұнай бермейді.

Дайындаға: Жадыра

Еркек деген қартаймайтын көрікті ел Еркек деген қартаймайтын көрікті ел
Еркек деген - қыдырады ерік бер, Еркек деген қартаймайтын көрікті ел. Еркектерді мейлі сен - ақ жаманда, Еркек деген, еркек деген ерікті ел...
Еркектерге неліктен үй шаруасындағы әйел ұнайды? Еркектерге неліктен үй шаруасындағы әйел ұнайды?
Қазіргі кезде келіншектердің көпшілігі мансапқұмар, өзінің сыртқы келбетіне көп көңіл бөлумен қатар, түрлі қызығушылықтар ойын-сауықтан қолы
Сүйікті әйел қандай болуы керек? Сүйікті әйел қандай болуы керек?
Еркекті – өмірдің мәні, армандаудың шегі, бүкіл әлем деп түсіну қате. Еркектің әйел өмірінде болғанының өзі, әлемді анағұрлым кең де қызықты етеді.
Әйелдің ақылдысы – сенде, Әдемісі – құрдасыңда болғаны дұрыс. Әйелдің ақылдысы – сенде, Әдемісі – құрдасыңда
Әйел аттың ерінен биік, Өз ерінен аласа болуы керек.
Үй – іші, отбасы туралы мақал - мәтелдер №1 Үй – іші, отбасы туралы мақал - мәтелдер №1
Еріншек қатынның Етегі жыртық. Ерке қатынның Ерні тыртық.
Әйел - сенің ақылшың Әйел - сенің ақылшың
Сенікі ме, менікі ме сонау гүл, Арман үшін жүрміз жазып алау жыр. Жат біреуге бақыт болып туатын, Әйелдерді еркелеткен жөн - ау бір.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×