ойын сауық отауы
Еркек деген қартаймайтын көрікті ел
06.01.2021 3 737 0 Admin

Еркек деген қартаймайтын көрікті ел

Өлеңдер
Еркек деген - қыдырады ерік бер,
Еркек деген қартаймайтын көрікті ел.
Еркектерді мейлі сен - ақ жаманда,
Еркек деген, еркек деген ерікті ел...

Еркек кейде долданады жұлқынып,
Байқалады өн бойынан мың қылық...
Еркек деген күтінбейді ешқашан,
Еркек бітпес табиғат қой құндылық...

Еркек xалқы бола бермес келбетті
Құшақтап - ақ ұйықтай салар шөлмекті...
Еркек саған ашуланса құрбым - ау,
Үндемей - ақ жеңіле сал нең кетті?!

Еркек - арқан, келмейді оны күрмеуге
Хақыңда жоқ, жамандауға міндеуге...
Еркектерге еркелей біл, тыңдай біл,
Еркек деген нәзік жұрт қой білгенге...

Еркек деген сұлулыққа құмар жан...
Әйел xалқы соны естен шығарман...
Еркектерсіз шәй де ішпе ұйықтама,
Еркектерсіз бақыт деген - құр арман...

Еркектерді тұсаулама бос жібер,
Желіп жүріп сонда ғана ес кірер.
Абыройың айға жетіп тұрсада,
Төмен түсте еркектерге көшті бер...

Бар жиғанын аямайтын сенен еш,
Еркектерге ештеңеде тең емес...
Еркектерді мақта, мейлі жаманда,
Еркектерді еркек қылған сен емес...

Еркек сенің аспандағы ай күнің
Еркек сенің қара жаяу байлығың.
Біліп алғын еркектерсіз күнің жоқ,
Еркек сенің қорғап қалар айбының...

Қобыланды Абенов

Жылқы төлінің атаулары Жылқы төлінің атаулары
Құлын – жылқының алты айға дейінгі төлі. Жабағы – алты ай мен бір жас аралығындағы жылқы төлі.
Әзілхан Нұршайықовтың “Махаббат қызық мол жылдар” атты кітабынан Әзілхан Нұршайықовтың “Махаббат қызық мол жылдар”
Әйелдің жалаңаш денесі еркектің құмарлығын қоздырады. Сондықтан әйелдің еркек құмарлығын қоздыратын ашық – шашық жерді көбейтпей жауып, жария
Қатындар... Қатындар...
Қатын барда, әнде күйде төгілген Қатын барда еркек сорлы семірген. Қатын қанша нәзік, әлсіз болса да, Еркек байғұс қатындардан жеңілген...
Еркек бақытының ережесі (Ғибратты әңгіме) Еркек бақытының ережесі (Ғибратты әңгіме)
Балам, еркек кіндіктінің қашанда есінде жүретін бір ережесі бар. Соны ұмытпасаң алдағы күндеріңде әйелің көзіңе “сүйкімді” бола бастайды. Қыз деген
Еркек үйдің егесі, Əйел үйдің шегесі. Еркек үйдің егесі, Əйел үйдің шегесі.
Әркiмнiң мiнген аты өзіне тұлпар, Алған жары өзіне сұңқар.
Еркектерге көзқарас немесе әйелге сирек жолығатын бақ Еркектерге көзқарас немесе әйелге сирек жолығатын
Отырарда бір қадірлі қарияның қанатты Тұлпар тектес аты бопты сүйсінткен бар алапты. Мінезі сәл жайсыз екен шодыр бала іспетті, - Шаршап - талып
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×