ойын сауық отауы
Өз жүрегіңнің үні
13.05.2018 2 497 0 Дауыл

Өз жүрегіңнің үні

Бұл қызықты
ӨЗ ЖҮРЕГІҢНІҢ ҮНІ
Тыныштықты іздей берудің қажеті жоқ. Оның соңы мүлгу мен қалғуға алып баруы мүмкін.
* * *
Бұл өмірде барлық нәрсені білем деу – күпіршілік. Әйтсе де, білген сайын өмір күрделене беретіні ақиқат.
* * *
Адамдар үшін бір-біріне қуаныш сыйлағаннан артық бақыт бар ма?
* * *
Гүлде де тікен болатынын байқамай қол созып, саусағыңды қанатқанда ғана білесің.
* * *
Әрбір адам өзінше бір әлем, өзінше бір дүние. Ол дүниеде бәрі де бар...
* * *
Өсіп келе жатқан гүлге су қандай қажет болса, адамға да шынайы көңіл сондай қажет. Сол кішкетай ғана көңілмен мына дүние, сонау әлем ғажап боп көрінеді.
* * *
Мейірімділікті көрген сайын, шапағатты сезінген сайын тек жақсылықты ойлай беретінің рас.

Әкім Ысқақтың Жүректегі жазулар Күнделік эссесінен

Толық нұсқасын қарау

Өз  жүрегіңнің үні Өз жүрегіңнің үні
Сырттай қарасаң адамдардың бәрі бірдей ұқсас, біркелкі секілді. Араласа түскенде адамдар бір - бірінен соншалықты алыс, тіпті керағар, әркелкі екенін
Өзіңе сен әманда Өзіңе сен әманда
Табиғаттың суықтығы ештеңе емес - ау, бәрінен өмірде жаураған жаман. Білмеймін, жылытатын мына дүниенің жарқылы да, оты да азайып кеткендей ме - ау?
Жан жарастығы Жан жарастығы
Өмір шындығы: сен биікке көтерілсең, бәрі саған қарай ұмтылады, төмендесең, бәрі сенен безеді. Тек өзіңе құдай қуат берсін де!
Үш серігің мен көрігің Үш серігің мен көрігің
ӨМІР ЖОЛЫ көшкен керуендей - ау. Мың - сан өткелі бар. Көрген сайын қыр - сырын түсінесің. Қырағы көзбен алдыңа үңілесің, қырсығы, азабы, тікені көп
Өз жүрегіңнің үні (жүректен шыққан жеті сөз) Өз жүрегіңнің үні (жүректен шыққан жеті сөз)
Кейде ауыр жол адамды шынықтыратын да шығар, шынықтырам деп сынық қылатын да кез болады.
Жүректегі жазулар. Әкім Ысқақ Жүректегі жазулар. Әкім Ысқақ
Қаламгер Әкім Ысқақтың 1996 жылы жарық көрген «Абзалдық әліппесі» атты күнделік-эссесі оқырмандар қауымының жоғары бағасына ие болғаны, әсіресе
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×