ойын сауық отауы
Ойлар
18.05.2018 1 513 0 Дауыл

Ойлар

Бұл қызықты
ОЙЛАР... ОЙЛАР... ОЙЛАР...
Мен ойлар үшін, ойлану үшін қаншама уақытым кеткен болса да, ол үшін өмір бойы өкінбей өтем ғой деп ойлаймын. (Төлеген Айбергенов)
АДАМ ҮНЕМІ ОЙ ҮСТІНДЕ. Сансыз, мыңдаған ойлар мазасыздыққа жетелейді. Тіпті табиғаттың өзі ой жетегінде жүргендей. Маған мынау бар әлем ойлы қалыпты бастан өткеріп тұрғандай.
Жалпы, ойсыз дүние жоқ сияқты. Ұнжырғасы түсіп тұрған таста да, сыңғыр қағып аққан бұлақта да, өз жаратылысына мойынсұнып, жарығы жанбай тұрған бағанада да, гуілдей соққан желде де, оның ығына жығылған шөпте де... тамыры тереңге кеткен байыпты, байсалды бәйтеректе де, бар ауыртпалықты көтерген жерде де салмақты ой жатыр.
Кеңістігін ұсынған Дала да, биіктігін көрсеткен Аспан да, тереңдігін танытқан Теңіз де ойдан бір сәт ажырамайтын шығар - ау.
Күлімдеп қараған көктегі Күн де, тұнжырап, қара жамылған Түн де тылсым дүниенің беймәлім сырларын ұғындырғысы келгендей.
Күмәнді нәрсе – тұманды. Толық толғанып бір шешімге келгенде ғана қателеспейсің. Біз кейде ойланбаймыз. Артынан опық жейтініміз де содан. Ізгілікті ойлаған сайын дұрыс қадам жасауға талпынып, ішкі дүниең де түрлене бастайды. «Толқынды боз тұманның ар жағында қиялдың ғажайып сұлу дүниесі барлығын» біле бермейміз - ау.
Сырт - сырт етіп соққан сағаттарды кім «ойсыз» деп айта алады. Кейбір «ұйқыашар» сағаттың артындағы бұрауы сынып қалса, серіппесі ағытылып, зуылдап ала жөнелмей ме? Қашан серіппесі істен шыққанша тілдері тоқтамай зырылдай береді. Сол сияқты қолға қалам ұстаған жан да күндіз - түні жұмыс қалпында сезінеді өзін. Түсінде де ой, өңінде де ой. Ой бітпейді. Оның шеті де, шегі де жоқ.
Әкім Ысқақ

Жетістіктің жүз қадамы: 33 - қадам: өзіңізбен бір кіші блокнот алып жүріңіз Жетістіктің жүз қадамы: 33 - қадам: өзіңізбен бір
Ойыңызға келген идеяларды блокнотыңызға жазып қоюды әдетке айналдырыңыз. Күнделікті өмірде біздің ойымызға небір түрлі ойлар келеді. Оның ішінде
Оңашадағы ойлар Оңашадағы ойлар
Мектепте болсын, жоғары оқу орнында болсын, оқытушылар балаларға тек бағдар ғана береді. Ал, адамның білімді болуы сол адамның «самообразованиемен»
Кешірші Кешірші
Мазалайды ойлар өзіммен өзім қалғанда, Істеген ісім бес күндік мына жалғанда. Бұрынғы менің алаңсыз кезім қай жақта, Ақ таңда тұрып қағатын қанат
Күйзелу Күйзелу
Көңіл - күйде тыншу жоқ: әлденені аңсай ма, жабыға ма, өрт кешкендей тынысым тарыла ма, әлде дауыл тілеген теңіз сынды бір бұрқаныс сәттерді сағына
Өлген ойлар Өлген ойлар
Дүние ғапыл, өткінші тағдырың - ай, кім шығарған жалғанда заңды бұлай? Болды - толды, өмірден өтті - кетті... Жер бетінде жүрсе етті жан құрымай.
Соғыстың соңғы көктемі Соғыстың соңғы көктемі
Жасылмен бояп қойған ба?! Жап - жасыл таудың бөктері Қырлар да, мынау ойлар да, Жап - жасыл болып көктеді.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×