ойын сауық отауы
Өлген ойлар
01.06.2016 1 767 0 Дауыл

Өлген ойлар

Өлеңдер
Фариза Оңғарсынова өлеңі

Өлген ойлар
Дүние ғапыл, өткінші тағдырың - ай,
кім шығарған жалғанда заңды бұлай?
Болды - толды, өмірден өтті - кетті...
Жер бетінде жүрсе етті жан құрымай.
Көзім салсам төмпешік, обаларға,
түседі еске екі өмір жоғы адамда.
Қоғамдар да, тәңірдей тұлғалар да
құм құйылған обадай жоғалар ма?
Адамды өмір мамыққа орағанда,
мәңгілік деп қарайды о дағы алға.
Құлағанын құрдымға қалар сезбей
бір күні ажал - қарақшы тонағанда.
Ұқсайды өмір - пенде ме, ерен ер ме -
мұхиттардан оралмас кемелерге.
Мәңгілікке маздатып от беретін
мәңгі Күндей ғұмыр жоқ неге жерде?
Бұл баянсыз ғұмырдың - өкінерім -
жоқ па бір күш әперер соты, кегін?
... Обалардан қайысқан жер секілді
өлген ойлар сірескен көкірегім.
Менің құйттай далам - ай!
Перзенттігім рас болса, қалай өтем қарамай,
көлің мынау шарадай,
тауың асқақ ел сүйенер ағадай.
Аяқ бассам, молалар мен обалар
және жатыр жағалай.
Көзбен көріп, оймен шолып даланы,
жүрек көзім талады,
сарғайтамын, шаршатамын сананы.
Тірлігімнің тегершігі шиқылдап,
қырылдайды домбырамның сағағы.
Көк жүзінде мен ұмтылған мәңгі Күн
жылдарымды домалатып барады.
Күн алаулап, түнгі көкте Ай жанып,
тылсым күштер түнектерге қайралып,
біреу жүдеп, ал біреулер айла ғып,
қылымсиды - ау мынау жалған сонда да
екі езуі майланып.
Мен өзім де ойларымдай бір күні
қалар ма екем обаларға айналып?..
Ойнап келген баурап ап бір нұрлы үміт,
талай ойды өлтірдім қылғындырып,
саусақ жайып сәбидей ұмтылғанда,
тұншықтырдым, көкірегім - шынжыр, құлып.
Ол тыпырлап жан беріп жатқанында,
жаным жылап, өңіммен тұрдым күліп.
Сәби - ойлар шырылдап маза бермей,
шетінеуде күн көрмей, дала көрмей.
Соның бәрін жүрегім жатыр жұтып
қанға, өлімге тойымсыз қара жердей.
Ойларымның өлігін үйген сайын,
мен өзім де қалам тек әрең өлмей.
Кеудем - көгал көгершін - жыр ұшардай,
сезім - сәуле шашатын нұры шамдай.
Сана - дұшпан, жүрегім - көзсіз батыр,
келеді әлі бір - бірін жығыса алмай.
Жан дүнием арпалыс, қантөгісте,
әзір оған тумай тұр ұғысар жай.
Адамзатта іс туар ойдан алып.
Тұла бойым - кереғар, ойран. Анық.
Қапелімде шапқандай ашкөз арлан
кең қораға тұрғанда қой қамалып.
Бұл қайдағы дүлей күш сұсы басым
ой тууға еркімді қойған алып?

Менің соңғы хатым... Менің соңғы хатым...
Сені сағынудан шаршадым Бұдан былай хат жазбаймын Уәде беремін мына менің соңғы хатым
Құпия ғой, құпия адам деген Құпия ғой, құпия адам деген
Құпия ғой, құпия адам деген! Таныс емес жайттар жоқ маған деп ем, болғандай ем бәрін де көріп, біліп, әлі күнге мен қалай аман келем?
Өзіңменен жүрегім егіз менің Өзіңменен жүрегім егіз менің
Өзіңменен жүрегім егіз менің, түндер бойы қарманып сені іздедім - жоқсың. Сонда еске алдым қимастықты тағдырдың желі үзгенін.
Мынау қолым, басым мынау Мынау қолым, басым мынау
Мынау қолым, басым мынау, жүрегімде - тосын әнім; Жүзім күңгірт, шашым қырау, неде болса, осы барым. Көзбен көрем, үйренемін, ол да менің бір
Көк тұман — алдыңдағы келер заман Көк тұман — алдыңдағы келер заман
Көк тұман — алдыңдағы келер заман, Үмітті сәуле етіп көз көп қадалған. Көп жылдар көп күнді айдап келе жатыр, Сипат жоқ, сурет те жоқ, көзім талған.
Бәрін де қойшы... Бәрін де қойшы...
Бәрін де қойшы... Өмір - ай, деймін, Өмір - ай, деймін кейде мен, Күндер де өтті, ойнайтын қыста жейдемен. Кездер де кетті біреулер маған «Ей!» деген,
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×