ойын сауық отауы
Сен қартайды дегенге
11.05.2016 1 745 0 Дауыл

Сен қартайды дегенге

Өлеңдер
Мұқағали Мақатаев

Сен қартайды дегенге мен сенбеймін,
Әжімменен кәрілік өлшенбейді.
Әжім деген - әйгілі тамшы - уақыт,
Тамшы - уақыт тасты да жеңсем дейді.
Шаршама, шашым ерте ағарды деп,
(Қайратың қан бойында қалар жүдеп.)
Ақ шаштың ар жағында - аппақ миың,
Әжімнің ар жағында - соғар жүрек.
Іреңің неге сонша мұң атулы?
Жігерің неге сонша уатылды?
Балауса шыбық едің, емен болдың,
Бойыңа жиып алып қуатыңды.
Самалы қуаныштың соқпай қалды,
Жанарың неге айнаға тоқтай қалды?
Тұрсың ба, жастықтағы нұрыңды іздеп?
Жаным; Ол - жалын менен отқа айналды.

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2

Қоштасарда Қоштасарда
Қоштасу кезі келгенде жаутаңдап маған қарадың. "Жүрмейсің бірге сен неге?" Дегендей болды жанарың.
Сені азамат дегенге... Сені азамат дегенге...
Сені де адам дегенге Сенбейін бе, сенем бе?! Ойнақ салдың төбемде, Көнбейін бе, көнем бе?!
Отыздан асып барамын Отыздан асып барамын
Сұқтанып тұрып жанарың, Сұрыма неге қарадың? Солай да, солай, қарағым, Отыздан асып барамын.
Маңдайда бір тал шашым ағарыпты Маңдайда бір тал шашым ағарыпты
Маңдайда бір тал шашым ағарыпты, Белгісі болғай - дағы «даналықтың». Ығысып, қарақұсқа бара жатыр, Кекілі кешегі анау балалықтың.
Жас бала Жас бала
Теріскей бет, жел үрген, Аязға тоңған жас бала. Тумай жатып өмірден, Қалды екен неге жасқана?
Ей, Бауырым! Ей, Бауырым!
Ей, Бауырым! Heгe сонша сарғайдың? Қапалансам, менің - дағы бар қайғым. Мен жұртыма мұңымды емес, Жырымды, Қуанышым - шаттығымды арнаймын, Қайғы -
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×