Үй ауасын тазартатын 5 өсімдік
Бұл қызықты
Үй ауасын тазартатын 5 өсімдік.
Сіз бір бөлмелі пәтерде немесе кең үйде өмір сүріп жатырсыз ба, кез келген жағдайда, адам денсаулығын сақтау үшін үйдің ауасын жаңартып отыру қажет. Бұл айтпаса да түсінік: адамнан бөлінетін көмірқышқыл газы бар, терезеден кіретін шаң тозаң бар, осылардың барлығы денсаулыққа зиян. Кез келген өсімдік көмірқышқыл газын жұтып оттегі бөледі. Сол өсімдіктердің ішінде ауаны тіпті керемет тазартатындары бар. Сол бөлме өсімдіктерінің 5 түріне тоқталатын боламыз.
Ағылшын шырмауығы (Английский плющ)
Ағылшын шырмауығы ауаны көмірқышқыл газынан тазартады. Сонымен бірге ол табиғи сіңіргіш болып есептеледі, ол ауыр металлдарды тұздарды, токсиндер және формальдегидді өзіне сорып алады. Флористердің бұл гүлді ірі мегаполистің тұратындары және көп қабатты үйлердің төменгі қабат тұрғындарына өсіруге кеңес береді.
Бамбук пальмасы (Бамбуковая пальма)
Бұл бөлме өсімдігі ең ұзын болып өскенде 3 метрге дейін өседі, бұл гүлдің ерекшелігі кез келген жерде өсіруге жарасымдық таба кетуінде. Үйде де кеңседе де өсіруге болады. Өзіміз жоғарыда атап өткендей – бұл ауаны терезеден кіретін бензол және трихлорэтилен атты (мұнайдан, көмірден бөлінеді) зиянды қалдықтан тазартады. Сонымен қоса бамбук пальмасын жиһаздардың қасына орналастырған жөн, олар формальдегид немесе басқа да токсиндерден залалсыздандыруға бейім және компьютер бөлмесіне қоюға да болады, зиянды электромагниттік сәулелерді азайтады.
Фикус
Фикус – ауаны тазартып және оттекпен қамтамсыз етеді. Оның кез келген бөлмеге қоюға болады, тіпті балалар бөлмесіне де қоюға болады, себебі ол аллергиялық реакция туғызбайды.
Леди пальмасы (Пальма Леди)
Леди пальмасы – ауаны тамаша тазартады және тыныс алу органдарының аурулары және жүрек - қан тамырлары ауруларымен ауыратын адамдар үшін оңай тыныстауға көмектеседі. Жүйке жүйесін тыныштандыратын қасиетке ие.
Спатифиллум – әлем лалагүлі (Спатифиллум - лилия мира)
Оның осылай аталуы шындығында әлемнің барлық аймағында өсетіндігінен. Бұл гүл бізде «спатифиллум» атауымен белгілі. Оның басты қасиеті – зең (көгеруді) болдырмау. Бұл өсімдікті кір жуатын бөлмеде немесе жуынатын бөлмеде өсіруге болады. Бұл гүлді өсіру жолы өте оңай, себебі ол күнді және мол су құюды қажет етпейді. Жыл бойы гүлдемейді алайда гүл ашқан кезінде өте әдемі. Ескеретін бір жай – бұл өсімдіктің сөлі улы.
Алое
Алое соншалықты күтімді қажет етпейді.
Алоэ жасушалары мен ұлпаларында рак клеткаларының өсуін тежейтін зат тектер бар, бактерияларды өлтіретін бірқатар заттар табылған, ағзаның өзін - өзі қалпына келтіруге, айығуына ықпал жасайды.
Алоэ шырыны мынадай бактерияларды жояды: стафиллококк, стрептококк, дифтерия және дезинтерия таяқшалары. Алоэ жапырақтарының сығындысы түрлі жараларды, күйік жарасын сауықтырып, және тері ауруына тамаша көмегі бар.
Авторы: Асыл
Гүлдер туралы білетіндеріңіз болса жазып бізге поштаға жіберіңіз: bilimdiler@yandex.kz

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Шұғылалы шартарап: Уиттиер қаласы
Аляскада таңқаларлық әдемі жерде кішкентай қала бар, бірақ ерекше тарихы және қиын тағдыры бар. Қазіргі жағдайда оның бүкіл халқы 220 адамнан тұрады,
Банкомат картаңызды жұтып қойса не істеу қажет?
Қуанышты хабар, сізге бүгін айлық түсті. Міне сіз күлімсіреген түрмен келіп, банкоматтан ақша алып жатқан кезде аппарат сіздің төлем картаңызды
Үйге байлық пен береке әкелетін хош иістер
Бергамот – өмірлік қуатын келтіреді; Лимон – жаңа жағдайларға болысуға бейімделеді;
Жаңғақтың адам ағзасына пайдасы
Көптеген жаңғақ түрлерінің адам ағзасына қандай пайдасы бар екенін білетін боламыз.
Бәйшешек - көктем жаршысы
Бәйшешек – өте әдемі көктемгі гүл, бәйшешекті «көктем жаршысы» деп те атайды.
Маска. Сұлы жармасынан дайындалған маскалар
Сұлы жармасынан дайындалған масканың пайдасы. Бет терісіне пайдалы маска дайындауда табиғи өнімдердің бірі сұлы (овсянка) яғни «Геркулес». Сұлы