Суқұйғыш
Бұл қызықты
Суқұйғыш жұлдызына мінездеме
Суқұйғыш – нағыз суретші, ол әлемді жан-жақты көре білуімен қатар, ең ұсақ бөлшегіне дейін ескеруге бейімделген. Осы қасиетіне қарап бұл жұлдызда туғандарды анықтау қиындық келтірмейді: сізбен әңгімелесе отырып, сіздің атыңызға бірнеше әдемі комплимент айта отырып, шынайы пікірін де білдіреді. Ол сізге комплимент айтып қана қоймай, көйлектің фасонын өзгерту керек немесе басқа түсін таңдау керек,- деген секілді ескертпелерін қоса айтып отырады.
Бүкіл әлемді балаға тән пәк ақылмен және салқынқандылықпен талдау – барлық Суқұйғыштарға тән болмыс.
Суқұйғыштар суретшілер секілді, белгіленген қалып пен шектеуді қаламайды. Ол, әдеттегіден тыс, тәуелсіз және еркіндік сүйгіш болып табылады, және оған қаламаған ісін жасату мүмкін емес.
Сонымен қатар, өз бостандығы мен құқығын қорғап, ол ашық жанжалға ешқашан килікпейді: Суқұйғыш өте ынтымақшыл және айтыс - тартыс оның болмысына жат.
Егер айналасындағылар оны «қыспаққа» алып жатқанын сезіне бастаса, жай ғана қымсынбай - ақ кетіп қалады: айналасындағылар тіпті, оның өзі де осы бірбеткей табиғи қасиетіне өзгеріс енгізе алмайды.
Тәуелсіз Суқұйғыштың табиғи шығармашылық болмысы өмірде оған аз қиындық туғызбайды. Оларға белгіленген уақыттың ритміне бағыну, басшылықтың нұсқауына мойынсұну, айтқанынан шықпау, тіпті ұнамайды. Алайда, ешкім бұйрық бермейтін, қыспаққа алмайтын, өзі еркін шешім шығаратын орында оларға тең келетін жанды таба алмайсыз.
Өмір жолында алға қарай жетелейтін негізі күші – қызығушылық. Оған өмірде бәрі қызық, геосаяси мүдделерден бастап, балар ұшағын жасайтын құрылғы тіпті дінге қатысты мәселелер де қызықтырады.
Суқұйғыштар үшін «маңызы жоқ» нәрсе болмайды: ол әрбір ұсақ-түйектің астарынан жұмбақ іздеп жүреді және жаңалық ашушыға құмарлықпен қарайды. Оның құпиясына көзі жеткен сәттен бастап, қызығушылығын жоғалтуы мүмкін. Міне, сондықтан Суқұйғыш жаңа хоббиге, жұмысқа, сұхбаттасып отырған жанға аяқ - астынан қызығушылық танытып қана қоймай, тез қызығушылық жоғалтатын қасиеті бар
Қызығушылық – Суқұйғыштың өмірінің барлық салаларында көрінеді. Оны шулы орта қызықтырады, қызықты адамдармен әңгімелескенді жақсы көреді, ал оның көзқарасының кеңдігі және тереңдігі кез келген философты қызықтыра алады.
Суқұйғыш ырымшылдықты ұнатпайды, ондай наным - сенімдерге сенбейді. Оның таныстары жақын достары арасында кедей - кепшіктен бастап бай - манаптар, өмір салты басқа, түрлі ағымды ұстанатын адамдар бар. Алайда, Суқұйғыш олардың әр қайсысымен солардың түсінетін тілінде сөйлесе біледі.
Сұйқұйғыш олардың барлығын дос санағанымен шындығында оның шынайы достары аз: оның өмірлік белсенділік бағыты тереңге емес, кеңге бағытталған.
Бүкіл әлемге қызығушылықпен қарайтын Суқұйғыш айналасына көпшілікті жинай алады. Бұл қасиеті оны адам жанының білгірі және түйсігі дамыған шебер психолог етеді.
Табиғат күші – үнемі ауыспалы Ауа, ал ғаламшары – Уран шапшаң темперамент пен қайсарлық сыйлайды.
Ерекше және дара, ынтымақшыл және шыншыл, білімқұмар әрі көреген, Суқұйғыш үлкен шығармашылық потенциалға ие. Оның ойлау қабілеті жасырын сырларға үңіле алады, ал қиялында ұшатын қанаты бар. Ол осынау өмірге сонау биіктен қарап тұрып, ол жердегі кіп-кішкентай құм қиыршығын да көреді, ол басқаларға түсініксіз болған өмір туралы көп құпияға қанық.
Басқа белгілерді қарау

Мың сөздің орнына «рахмет», деп бір-ақ сөзбен
Әлемде бағаланбай жүрген сөз болса ол «рахмет» сөзі болса керек. Бұл сөзді қандай жағдайда қолдансаңыз да лайықты бола кетеді.
Мерген
Мерген – мереке, думанның адамы деп айтуға болады. Бұл жұлдызда туғандар өмірді ерекше сүйетін, айналасындағыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлай білетін
Сарышаян
Сарышаян – жауынгер, олар тіпті шайқасқа ойланбастан, басқаларға ескертусіз кіріп кетеді. Өзіңізді қызықтыратын сұрақтарды қоя отырып, бұл жұлдызда
Бикеш
Бикештер – табиғатынан ұқыпты. Бұл жұлдызда туған жанның үйіне кіріп келгенде, ең алдымен рет-ретімен орналастырылған заттар, ұқыпты тазартылған үйі
Тоқты
Тоқты жұлдызына мінездеме. Тоқты – табиғатынан көшбасшы және онымен келіспеу мүмкін емес. Тоқты жұлдызында туған жанды бір көргенде – өзіне сенімді,
Ас бөлмеде өсіретін гүлдерді дұрыс таңдау және
Ас бөлмесіндегі гүлдер де барлық гүлдер секілді ерекше күтімді қажет етеді. Сонымен қатар, ас бөлмесінде гүлде орналастыруда да, бірнеше ережелер бар: