ойын сауық отауы
Төрт - түлікке қатысты ырым - тыйымдар
09.09.2018 18 502 0 Дауыл

Төрт - түлікке қатысты ырым - тыйымдар

Бұл қызықты
Төрт - түлікке қатысты ырым - тыйымдар
Қазақ – ежелден мал шаруашылығымен айналысқан халық. Ғасырлар бойы қалыптасқан бай тәжірибесі бар олар мал өрісін әбден танып білген. Мал өсіруге аса қолайлы Қазақстан жерін малсыз елестету мүмкін емес. Мал шаруашылығы еліміз үшін аса маңызды шаруашылық болып қала бермек. Жастарымыз қасиетті төрт түлікке қатысты ұлтымыздың ұғымдарымен бай тәжірибесін ұмытпауға тиіс.
Малды теппе құлындайды биесі,
Тәубе қылар үй иесі, малдың бар ғой киесі.
Пенделердің сөккенін, мал жібермес теп - тегін.
Айуанды тепкенің – ырысыңды төккенің.

• Мал айдап бара жатқан адам кездескен «айдар көбейсін!» дейді, ал малшыға «бағар көбейсін!» деген ырымдаған.
• Жас ботаны бірден көзге түсірмейді. Оны бір ай шымылдықтың не ши қоршаудың ішінде ұстайды. Жас бота тұрған үйдің белдеуіне бөтен адамның атын байлатпайды. Егер бөтен адам ботаны көріп қалса, оған жалма - жан « тіл – көзім тасқа» дегізіп, ботаға түкіртеді немесе отқа тұз тастатады.
• Мал иесі малдың сүттілігіне, немесе семіздігіне ризалығын білдіреді, әйтпесе көзі тиюі мүмкін.
• Қазанда қайнап жатқан сүт төгілсе, малдың желініне жара шығады. Сүт отқа күйсе, малдың емшегінде сүт азаяды.
• Мал сойған төс шеміршегін кесіп алып, жарға не босағаға лақтырғанда жабысып қалса – ол аты жүйрік болады.
• Сиырдың желіні іссе, таңертең ерте кебіспен ұшықтайды.
• Мал әбзелдерін лас жерге, аяқ астына тастамайды. Оларды арнайы орынға іліп қояды.
• Мал ұстайтын құралдарды (құрық, бұғалық т. б.) аттамайды. Мал ұстайтын құралдар киелі болып саналады.
• Мал ұстайтын құралдарды тік көтеріп жүруге болмайды, олардың ілгегін қолға іліп, жерге сүйретіп жүреді.
• Атты немесе басқа малды сатқанда, яки біреуге сыйлағанда ноқта - жүген, бас жібі берілмейді, ырыс - несібе олармен бірге кетеді.
• Мал байлайтын арқанды, жіпті, көгенді аттамайды.
• Қой қырқатын қайшыны иесіне «мұны мен емес, жер беріп отыр» деп ойлап, жүнге орап қайтарады. Қайшыны қолға бермейді, жерге қою керек. Екінші адам оны сол жерінен алады, әйтпесе қайшы қойдың терісін кесіп кетеді.
• Ер - тұрман үй ішіндегі арнайы жерге қойылады.
• Түнде мал санамайды, ол жаман ырым.
• Ит ұлыса, жамандық болады.
• Ат жер тарпыса, жолға шығады деген сөз.
• Ат жолға шығарда тезек тастаса, жол болады дейді.
• Ат сүрінсе, олжаға жолығады дейді. Кендірмен байлаған, жыңғылмен айдаған малдың саны өспейді деп ырымдайды.
• Жақын адамға ит сыйламайды.
• Малдың сүйегін далаға тастамайды, жерге көміп тастайды.
• Қойдың жүнін, мүйізін отқа жақпайды.
• Малдың уызын алдымен үйдің иесі ішуі керек.
• Мал төлдеп жатқанда ешкімге бермейді, сатпайды және айырбастамайды.
• Мал үш не төрт төл туса, олардың біреуін бауыздап, босағаға көмеді.
• Тышқан нанның бетін қажап жесе, астық мол болады, астына жақын жесе, астық аз шығады.
• Әтештің мезгілсіз шақырғаны – жаман ырым, ол әтештің басын шауып тастайды.
• Әтештер төбелессе, үйге қонақ келеді.
• Адам келе жатқанда көкек даусы оң жағынан естілсе, бай болады.
• Мысыққа тамақ бергенде «ертең ұмытып кетесің» деп маңдайынан шертіп береді.
• Атып алған аңды, құсты сыйлыққа тартпайды, егер бергісі келсе: «Байладым» - дейді.
• Аңға шыққанға «Қанжығаң майлансын» деген тілек айтылады.
• Атып алған құланның немесе сауырын міндетті түрде аңды атқан аңшының өзі пайдаланады, ал қалған етті серіктес аңшыларымен бірдей етіп бөледі.
• Ит – жеті қазынаның бірі. Сондықтан оны өлтіруге, азаптауға, қаңғыртып жіберуге болмайды. Олай етсе, иесінің басына жаманшылық келеді.
• Бүркіттің тұяғы қасиетті саналады, оның үйдің төріне не бесікке іліп қояды.
• Аңдар мен құстарды рұқсат етілген мерзімінде ғана аулау керек.
• Балықтың құйрығын ұстаса, қармаққа балық түспейді.
Емес сенің еркіңде, бүлдірем деп желпінбе.
Жұмыртқаны шайқама, өсімдікті өлтірме.
Айтуға ауызым бармайды, құста сені қарғайды.
Зәбірлесең торғайды, ол былайша зарлайды.
«Торғай деген атым бар, бір жапырақ етім бар.
Ұя бұзған балалар, мен сияқты жетім қал».

• Қарғалар тобымен шуылдасып ұшса, қыста күн суытады, ал жазда жамандық белгісін білдіреді.
• Құстар өзендегі, арықтағы суға түссе, ауа райы өзгеріп, жаңбыр жауады; жер бауырлап ұшса, күн бұзылады.
• Көкектің дауысы сол жағынан естілсе, сәтсіздікке ұшырайсың; алдыңнан естілсе, көп жыл ауырмайсың, денсаулығың жақсы болады.
• Тырналар дыбыс шығармай тым жоғары ұшса, күн жылы болады.

Павлодар қаласының
«Дарынды балаларға арналған №8 лицей - мектебі» ММ
Абаильденова Нұргүл Қуандыққызы

Киімге қатысты тыйымдар мен ырымдар Киімге қатысты тыйымдар мен ырымдар
Киімді оң қолдан бастап киіп, сол қолдан бастап шешеді. Оң қолдан бастап киім кию жақсы ырым саналады.
Жол жүруге қатысты тыйымдар мен ырымдар Жол жүруге қатысты тыйымдар мен ырымдар
Сейсенбі күні алыс жолға шықпайды. Сәрсенбі күні жолға шыққан жолаушының жолы болады. Жолда кездескен адамнан «қайда барасың?» деп сұрамайды, «жол оң
Бесікке қатысты тыйымдар мен ырымдар Бесікке қатысты тыйымдар мен ырымдар
Бос бесікті тербетуге болмайды. Бос бесікті тербеткен жаман ырым саналады
Киім – кешекке қатысты ырым - тыйымдар Киім – кешекке қатысты ырым - тыйымдар
Теріс киме бөркіңді, бұзып кетер көркіңді. Ырым, сенім талайды, тәубесіне келтірді. - Теріс кисе не етеді? Оған дәлел жетеді. Алға басқан аяғың,
Ыдыс - аяққа қатысты ырым - тыйымдар Ыдыс - аяққа қатысты ырым - тыйымдар
Ыдыс - аяққа қатысты ырым - тыйымдар Ыдыс - аяқ. Қазақ халқында ыдыс - аяқ, қап жабдықтарға қатысты салт - дәстүр, әдет - ғұрап, сенім - наным,
Адамға қатысты ырым - тыйымдар Адамға қатысты ырым - тыйымдар
Кісіге қарап есінеме Есеп бер әр ісіңе, білу керек түсіне. Есінеме, қарағым, аузыңды ашып кісіге. Ондай - ондай баланы, ақыл - есі шамалы
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×