ойын сауық отауы
Құдайдың құдіретіне таң қаласың (жазушы Шерxан Мұртазаның "Бір кем дүние" еңбегінен үзінді)
10.10.2018 1 877 0 Дауыл

Құдайдың құдіретіне таң қаласың (жазушы Шерxан Мұртазаның "Бір кем дүние"

Бұл қызықты
Құдайдың құдіретіне таң қаласың. (жазушы Шерxан Мұртазаның "Бір кем дүние" еңбегінен үзінді)

Біреулерге Құдай бәрін береді. Байлық та бар, алтын, гауһар, інжу - маржан – бәрі бар. Төрт құбыласы сай.
Бірақ Иман жоқ.
Ең сорлы адам - сол.
Бір кем дүние.

***
Құдайдың құдіретіне таң қаласың.
Құдірет әлемді әділ, сағат тетігіндей мінсіз жаратты.
Бәрі тәртіпті: Күн де, Ай да, Жер де тек өз жолымен жүреді. Сансыз жұлдыздар да бәрі тура жолмен жүреді. Ал адамдар ше? Пайғамбарлар, сахабалар, аса бір данышпандар болмаса, көбі қисалаңдай береді.
Бұралаң жолдарға түседі. Адасады, сүрінеді, құлайды.
- Е, Құдай, не жаздым?! – деп жылайды. Құдай жолымен жүрсең, жыламайсың. Бірақ соны ұмыта береді.
Бір кем дүние.

***
Темірді тат шірітеді. Тат темірдің өзінен шығады.
Адамды аздыратын жаман қылықтар да өзіңнен шығады.
Ол да тат.
Оны сабындап жуып кетіре алмайсың. Адам жанын тат басса, оны тек кітап кетіре алады. Әрине, асыл кітап, адал кітап.
Ең бірінші – Құран!
Екінші – хадистер!
Ұлы классиктер.
Қазақтың ұлы ақын - жазушылары.
Кітап жем, су сұрамайды. Кітап – ғажайып қазына. Кітап - өмірсерік.
Бір кем дүние.

***
Әкеміз Мұртазаның қызғылтым шырайлы жап - жаңа жайнамазы бар еді. Алдымен мешіт бұзылды. Оның үйінді болып қалған кірпіштерінің үстінде байғыз дейтін құс сұңқылдап, зарлап отыратынды шығарды. Көп ұзамай Мұртаза «халық жауы» ретінде ұсталды. Бұл 1937 жылдың, сірә, желтоқсан айы еді. НКВД үйге тінту жасады. Мен ол кезде бес жасар баламын. Бәрі есімде. Тінткенде бәлендей байлық табылған жоқ. Тек бір милиционер төрде ілулі тұрған жайнамазды жазып көрді де: «Е, мынау шұлғау болуға жақсы екен. Аяғым тоңып жүр еді», - деп Алланың аты жазылған жайнамазды бүктеп - бүктеп, қойнына тыға салды...
Арада алпыс жыл өткенде жолым түсіп, Кереку қаласына барып, мешітіне кіріп, дұға оқығанда, Тәңірі жарылқағыр бас имам маған Қағбадағы мешіттің суреті салынған сұлу жайнамазды сыйлады. Сонда баяғы милиционерге шұлғау болып, қорланған жайнамаз ғайыптан құс болып келіп, қолыма қонғандай ғажайып күй кештім.
Бір кем дүние.

***
Самайға ақ кіріп еді, сақал - мұрт та ағара бастады. Ұялған ұрыдай болып қастың бір талы да ағарыпты.
Сөйте - сөйте...
Сүйек те ағарады - ау...
Несіне тырбаңдаймыз?
Бәрі де өтеді.
Өтпейтін тек уақыт қана.
Адамдар: «Уақыт өтіп барады», - деп өкінеді.
Шынында өтіп бара жатқан уақыт емес, өмір өтіп барады.
Бәрін бір Алла біледі. Алланың білімі – шексіз. Білімі шектеулі – адамдар.
Бір кем дүние...
Дереккөзі: АСЫЛ АРНА телерадиокомпаниясы

Құдай бар ма? Құдай бар ма?
1896 жыл. Швейцарияның Цюрих қаласындағы политехникалық училищеде жаратылыстану ғылымы бойынша дәріс өтіп жатқан бір профессор өзінің студенттерінен
Жетімнің өлеңі - Спандияр Көбеев Жетімнің өлеңі - Спандияр Көбеев
Жетімнің күні құрсын жастай қалған, Әкесін шешесімен құдай алған. Күтетін өз баласындай жақын қайда? Деген сөз осы емес пе дүние жалған.
Жан жарастығы Жан жарастығы
Өмір шындығы: сен биікке көтерілсең, бәрі саған қарай ұмтылады, төмендесең, бәрі сенен безеді. Тек өзіңе құдай қуат берсін де!
Білім, ғылым туралы мақал - мәтелдер Білім, ғылым туралы мақал - мәтелдер
Кітап - білім бұлағы, Білім - өмір шырағы.
Сен бәрін түсінген уақытта, мен қасыңда болмаймын Сен бәрін түсінген уақытта, мен қасыңда болмаймын
Ол әлі берілмеді, бірақ күрескісі де келмеді.
Атақты ақын - сөзі алтын хакім Абайға Атақты ақын - сөзі алтын хакім Абайға
Шын хакім, сөзің асыл - баға жетпес, Бір сөзің мың жыл жүрсе, дәмі кетпес Қарадан хакім болған сендей жанды Дүние қолын жайып енді күтпес.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×