ойын сауық отауы
Атақты ақын - сөзі алтын хакім Абайға
02.06.2016 9 547 1 Дауыл

Атақты ақын - сөзі алтын хакім Абайға

Өлеңдер
Мағжан Жұмабаев

Шын хакім, сөзің асыл - баға жетпес,
Бір сөзің мың жыл жүрсе, дәмі кетпес
Қарадан хакім болған сендей жанды
Дүние қолын жайып енді күтпес.
Сөзіңе құлақ салып, баға бермей,
Қисайып, қыңырайды жұрттың иттес!
Бұртиып, теріс қарап: «Аулақ жүр!»- деп,
Болды ғой жақын туған бәрі кектес.
Тыныш ұйықта қабіріңде, уайым жеме,
«Қор болды қайран сөзім босқа!»- деме.
Артында қазақтың жас балалары
Сөзіңді көсем қылып, жүрер жөнге!
Ай, жыл өтер, дүние көшін тартар,
Өлтіріп талай жанды, жүгін артар.
Көз ашып, жұртың ояу болған сайын,
Хакім ата, тыныш бол, қадірің артар.
Жүрген жанның артында ізі қалар,
Етікші өлсе, балға мен бізі қалар.
Бір бай өлсе, төрт түлік малы қалар,
Жүйрік өлсе, артында сөзі қалар!
Сұм дүние сылаң беріп көптен өтер,
Сау қалғанның көбісі ертең бітер.
Тоқтамас дүниенің дөңгелегі,
Жүйріктің айтқан сөзі көпке кетер.

Өнер, шеберлік, ұсталық туралы мақал - мәтелдер Өнер, шеберлік, ұсталық туралы мақал - мәтелдер
Жігіт адамға жетпіс өнер де аз.
Сабырлық Сабырлық
Бір патша шеттен әкеле жатқан бір құлымен кемеге келіп отырды. Құл бұрын теңіз көрмеген, кеме азабын шекпеген еді. Сабыр ете білмеді. Қатты жылап,
Тіл өнері мақал – мәтелдері №2 Тіл өнері мақал – мәтелдері №2
Ең тәтті де – тіл, Ең ащы да – тіл, Ең жұмсақ та – тіл, Ең қатты да – тіл.
Үй – іші, отбасы туралы мақал-мәтелдер №2 Үй – іші, отбасы туралы мақал-мәтелдер №2
Қатыны өлген Қызды ауылға қарап жылайды.
Жігер шіркін желінді Жігер шіркін желінді
Жігер шіркін желінді Болат жеген қайрақтай. Мешеу болды жүйрік ой Кететін орғып айдатпай.
Өнер – білім туралы Өнер – білім туралы
Өнерлі жігіт өрде озар, Өнерсіз жігіт жер соғар.
Пікірлер (1)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Кошакан
#1 Кошакан Қонақ 23 қаңтар 2017 10:45
Айтеир бир нормальный сайт таптым гой? айтпесе бари кате кате кетпес дегенди кетпесу деп койган;жуйрик елсе деп койган басе олсе го неге елсе деп койган шыгар десем. Рахмет!
×