ойын сауық отауы
Уақыт – мезгіл пернесі
26.09.2016 5 100 0 Дауыл

Уақыт – мезгіл пернесі

Өлеңдер
Қадыр Мырза Әли өлеңі

Еңбек дәмін татпаған дәм біліп пе?!
Қалай айтып ұқтырам әңгүдікке!
Айналдырсаң уақытты ащы терге,
Айналмақ тер уақыттай мәңгілікке!

***
Қонбады ма бақыттың құсы келіп,
Қаламымның бара ма күші кеміп?
Іссіз өтсе бір тәулік
Тап сол түні
Ұстаздарым шығады түсіме еніп.

Жақсы жырын аузынан жырып көптің,
Жүрмес жолмен кей кезде жүріп кеппін.
Шұқып - шұқып
Отырған орыныма
Ұялғаннан келеді кіріп кеткім!

Қысыр болса өткен ай,
Алдағы айым,
Жоқтан барға қалайша алданайын!
Батар күннің бетіне қарай алмай,
Теріс қарап кетемін кейде, ағайын!

Мынау заман – бақ - дәулет қонған заман.
Еңбек қана,
Сол – ханың,
Сол – ханзадаң.
Өмірде бұл, о достар, өлгендер мен
Батқан күнге қарыздар болған жаман!

***
Ақиқат па?
Ақиқатқа сене гөр.
Ақиқатсыз майсыз шамдай сөнеді ер.
Өмір бойы өтер ме едім қаталап,
Қайран уақыт,
Қымыз болсаң сен егер.

Еңбегің бе?
Еңбегіңе сене гөр.
Еңбек етпей майсыз шамдай сөнеді ер.
Өмір бойы өтер ме едім аш жүріп,
Қайрат уақыт,
Қазы болсаң сен егер.

Махаббат па?
Махаббатқа сене гөр.
Махаббатсыз майсыз шамдай сөнеді ер.
Тұншығып - ақ өлер ме едім ендігі,
Қайран уақыт,
Ауа болсаң сен егер.

Ажалдың да атқан оғы дарымай,
Алыс - алыс шабар ем - ау арымай!
Күнге кедей Тундрадай,
Мен, әттең,
Өтіп барам, уақыт, саған жарымай!

***
Сәйгүлікке отырып тау аспаймын,
Сұңқарыңның өзімен санаспаймын.
Бұл айтқаным – өз ойым,
Өз пікірім,
Келіспесең,
Келіспе,
Таласпаймын!

***
Ғайып уақыт,
Мен сенен оза алдым ба!
Саған қолы жетпейді ажалдың да.
Қызығына батқанда қыз - жұмыстың,
Жоғаласың зым - зия көз алдымда.

Мейірбанды өзіңнен қас жауым да.
Сенен қорқып қартайды - ау жас жаным да,
Сәл қол үзсем жұмыстан,
Қасапшыдай
Тұрасың да аласың бас жағымда.

ШҚО, Тарбағатай ауданы, Тұғыл ауылы,
Ш. Уалиханов атындағы орта мектептің
11 сынып оқушысы Шағыманов Дарын

Білгенге – маржан: Уақыттың он екі құпиясы Білгенге – маржан: Уақыттың он екі құпиясы
«Уақыт» жайлы сөз қозғаған ойшыл да, дана да көп. Уақыт, махаббат пен байлық сан ғасырлардың басты тақырыбы болып та келді. Қала да береді.
Сыр - Сәбит Дөнентаев Сыр - Сәбит Дөнентаев
Жақын досты көре алмай, Жалпы досқа сене алмай, Ойды заман тізерлеп, Жүр - ау шыбын өле алмай
Еңбек туралы мақал - мәтелдер Еңбек туралы мақал - мәтелдер
Еңбегі жанғанның тоқтысы егіз туады.
Жол туралы мақал - мәтелдер Жол туралы мақал - мәтелдер
Жол туралы мақал - мәтелдер Жолға шыққан жолдан табылар Айналыс та болса жол жақсы, Ақсақ та болса қыз жақсы.
Ай да бүгін аласарып Ай да бүгін аласарып
Ай да бүгін аласарып төбемізден сөнеді, Сәулешімді ұлықсатсыз қайта - қайта көреді. Көлегейлеп жабар едім албыраған жер жүзін, Бірақ менің өзімнің де
Шабытты шақ Шабытты шақ
Жүрек пен жүйке егессін, Жыр көңіл сонда толғайды. Жынды деп жынды емессің, Жынды емес деуге болмайды.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×