ойын сауық отауы
Отыз бесінші көктемім
10.05.2016 3 021 0 Дауыл

Отыз бесінші көктемім

Өлеңдер
Мұқағали Мақатаев

35 жыл.
Уақыт қой көп - көрім.
35 жыл қуарып,
35 жыл көктедім.
35 күз, 35 қыс, 35 жас,
Осал өмір емес қой отыз бес жас...
35 жыл.
Өмірді кезіп келем.
Және 35 бола ма?
Сезіктенем...
Әкем менің есімде, шам түбінде
ВКП (б) тарихын ежіктеген.
Және бір сәт есімде ақпандағы,
Әкем отыр майданға аттанғалы.
Бәрі есімде
Дала, егіс, ауыл, мектеп,
Ұстаздар, интернаттың қатқан наны...
Бәрі есімде - далам да, тұрағым да,
Тек есте жоқ, күлдім бе, жыладым ба...
Балалық шақ жарбиып жүретұғын
Өгіз жеккен соқаның құлағында.
Шаруаның баласы болғасын ба,
Шаруамен айналдым он жасымда.
Майдандағы әкеме оқ жібердім,
Айырбастап күлшемді қорғасынға.
Әжем есімде.
Әрнеге қозбайтұғын,
Әріден көп әңгіме қозғайтұғын.
Темір керней есімде...
Боран үрсе,
Азалы үнін аңыратып боздайтұғын.
Есімде жоқ.
Бала боп өсіп пе едім?!
Болсам неге жылы сөз есітпедім?!
Есімде тек,
Білемін жеңіс - құстың
Біздің жаққа бір апта кешіккенін.
Осылай өскемін.
Мен - солдаттыц жандырып кеткен жалыны
Сөнбедім де өшгіедім,
Мен отыз бестемін.
Мені жұрт:
«Жақсыдан қалған көз» дейді,
«Жақсыдан қалған сөз» дейді,
Ақымақ болсам төзбейді:
Хайуан дейді, ез дейді,
Хақым жоқ жаман болуға,
Мені жақсыдан қалған көз дейді.
35 жыл.
Бітпеген істерім көп.
(Өткен өмір тәтті бір түс көрінбек)
Арым аппақ.
Айта алман, екінбен де,
Өзгелерге қиянат істедім деп.
Биік болса болғаны болашағым,
Мен аласамын.
Өмір сахнасына алған заңды билетім бар.
Заңды орныма таласамын!!!
35 жыл.
Отыз бесінші шуағым
35 жыл күлдім,
35 жыл жыладым.
Кім біледі,
35 көктем,
Енді қанша тұрамын?...
35 күз, 35 қыс, 35 жаз
Осал өмір емес - ау отыз бес жас...

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2

Телефонға кешкісін телміремін. Бек Ноғайбайұлы Телефонға кешкісін телміремін. Бек Ноғайбайұлы
Телефонға кешкісін телміремін Сыбырлар құлағыма кешім не деп? Сол кеш сені құшқаным есімде тек. Алғаш сені қысып бір құшқанымды, Отырмын парағыма
Ең жақсы өлең Ең жақсы өлең
Таудай сөздің түйіні бар тарыдай, Өлеңнің де бермейді ғой бәрі ұнай. Маған Пушкин - «Есімде өткен сол бір шақ» Маған Абай -«Желсіз түнде жарық ай».
Қара қамба Қара қамба
Әлі менің есімде қара қамба, Қарның тойып қалатын қарағанда. Жеткізе алмай тұрса да әр адамға, Әбіужауһан болатын балаларға.
Жырласам ба екен Жырласам ба екен
Жырласам ба екен, жыласам ба екен, білмеймін, Алдымда тұрған адамды мынау кім деймін?! Алдымда менің адасып кеткен арман тұр, Жылатсам ба екен,
Жылқыбайдың жүрегі Жылқыбайдың жүрегі
Есімде әлі, Қарасаздағы диірмен. Су соққан барлық тастарды ұршық үйірген. Есімде бәрі... Жылқыбай қарттың үйі де, Өзі де, диірмені де, Аппақ тозаңға
Ақынның ауылы Ақынның ауылы
Сол маңға соға алмадым көптен бері, Күз бе еді?! Есімде жоқ, көктем бе еді?! Есімде тек - даланың өкпек желі, Есімді алып, құшақтап, өпкен мені, Сол
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×